Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жексенбі, 28.04.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

Психологияның ой-пікірле
17.07.2011, 14:02

Психология — психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының”) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтiн ғылым. Психикалық құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлi бейнелерi болып табылады. Олар (түйсiк, елес, ой, сезiм, тiлек, қабiлет, қызығу, мiнез, әдет т. б.) көпшiлiгiмiзге өз тәжiрибемiзден жақсы мәлiм, тiлiмiзде жиi кездесетiн ұғымдар. Бiр қарағанда бұлардың мәнiн әрқайсымыз тез ажырататын да, бiлетiн де сияқтымыз. Бiрақ психикалық құбылыстардың мәнiн ғылыми тұрғыдан түсiну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселенi ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзiндiк заңдылықтарын айқындауды — сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

Психология ерте замандардан келе жатқан бiлiм салаларының бiрi. Оның дүниеге тұңғыш келген жерi ежелгi Греция. "Психология” терминi гректiң екi сөзiнен тұрады: оның бiрiншiсi - "псюхе” (жан), екiншiсi — "логос” (сөз, iлiм). Сөйтiп, бұл сөз "жан туралы iлiм” деген ұғымды бiлдiредi. Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенiм нанымдар мен кейбiр зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсiнiктер бойынша, адамда тәннен тәуелсiз "жан” болады, мәңгiбақи жасайтын жан адамның барлық психикалық, тiршiлiгiнiң (ойының, сезiмiнiң, еркiнiң) иесi де, себепшiсi де. Жан туралы осындай жалған түсiнiктiң пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсiне алмауы себеп болды.

Категория: Психология,педагогика | Добавил: anonim02
Просмотров: 1523 | Загрузок: 0 | Комментарии: 6 | Рейтинг: 3.3/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]