Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Дүйсенбі, 20.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

Жеке тұлғаның қалыптасу жүйесінің әлеуметтік маңызы
17.07.2011, 11:58
Жеке тұлғаның қалыптасу жүйесінің әлеуметтік маңызы

 Әрбір елдің мемлекеттік болмысы мен күш-қуаты оның мүшелерінің денсаулығына ғана байланысты екенін адамзат тарихының ілімі дәлелдеп отыр.
 Мәселен, XIX ғасырда адамдар жұмыстың 10% ғана қолмен орындаса, қалған 90% рөлін техника атқарады. Оның өзінде, сол 10%-дық қол жұмысы дегеніміз - отырып немесе тұрып техниканың жұмыс істеп тұрған тетігін басқару мен реттеу ғана болады. Осының салдарынан адам баласының күнделікті тіршіліктегі денсаулығын толық қамтамасыз ететін қозғалысы азаяды. Бұл дегеніңіз адам ағзасының жұмысы бұзылып, денсаулығының төмендеуі, нақтырақ айтқанда ауруға шалдығуына әкеп соқтырады.
 Адамзаттың ойшылы Аристотель «жанды дене қозғалмаса өледі» деген қағидасын әр адам күнделікті тіршілігінің бағдарламасы деп түсінуі керек. Осыған орай, қосымша қозғалыстың әлеуметтік маңызы неден тұрады? Адам баласы жаратылысынан бері ұзақ өмір сүрудің тиімді жолдарын іздеумен келеді. Бұл - жеке бастың арнаулы уақыт тауып, тұрақты түрде дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануы.
 Иә, дене шынықтыру жаттығуларымен тұрақты түрде шұғылдану деген сөз - салауатты өмір сүрудің негізгі көзі. Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданудың өзіне тән мақсатты жүйесі болады.
 Таңертең орыннан тұрғаннан бойды жазу үшін далаға шықпайтын адам сол төсегінің жанында тұрып-ақ керіліп-созылып, отырып-тұрып, басын қозғап, одан қолды жоғары-төмен, алдыға-артқа созып, жалпы қолды созып, аяқтың сілтеуімен бірге денені оңға-солға бұрып, еңкейіп-шалқайып, аяқты оңға-солға сілтеу, т.с. сияқты жалпы дамыту жаттығуларын 10-15 мин. аралығында орындауға болады. Аса пайдалы қозғалыс - таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын 15-20 мин. аралығында далаға шығып серуендеп, реті келсе, жүгіріп, жаттығуларды құрал-жабдықтармен орындап келген адам күні бойында өте сергек жүретіндігі ғылыми негізде дәлелденген. Осылайша, күнделікті үзбей таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын орындау ақыл-кеңес, немесе қаражатты талап етпейді. Тек жеке тұлғаның өзінің дені сау болсын деген ынтасы мен ниеті болу керек. Әсіресе, аз қозғалыста болатын кеңсе қызметкерлері үшін бұл өте қажет-ақ.
 Салауатты өмір сүру үшін әлеуметтік маңызы бар дене шынықтыру жаттығуларының бір түрімен тұрақты түрде үзбей шұғылдануды - спортпен шұғылдану дейді. Спортпен шұғылдану деген жаттығудың бір түрімен үнемі шұғылданып, оны дағдыға айналдыру. Әрине, күнделікті таңертеңгілік бой жазғанда орындалатын жалпы дамыту жаттығуларынан гөрі бұған қойылатын талап жоғары. Спортпен шұғылдану үшін әркім өзінің ағзасының мүмкіншілігін білу керек. Салауатты өмір сүремін, ұзақ жасаймын деп жүріп, мүмкіншіліктен тыс күш түсіріп, ағзаны ауруға шалдықтырып алмау керек.
 Салауатты өмір сүру үшін тағы бір әлеуметтік маңызы бар мәселе - адамның етжеңді болуы. Толық адамның денсаулығы қандай болуы мүмкін?
 Француз халқының мынадай мәтелі бар: « Семіздіктің үш түрі бар - біріншісі, қызықтырады, екіншісі -күлкілі, үшіншісі - жиіркендіреді». Толықтық дененің сұлулығын, әдемілігін бұзып қана қоймай, әр түрлі ауыр науқастарға әкеліп соқтырады, адамды мезгілінен бұрын ерте қартайтып, өмірін қысқартады. Семіздіктің аяғы неге әкеп соғатынын бұрын Шығыс және Батыс ме¬дицинасының негізін қалаушылар Гиппократ, Ибн-Сина айтқандай, ертедегі Эллада және Рим елдерінде халықтың тамақтануы және оның тәртібі мен мөлшері заңда қаралған.
 Сонымен, ғалымдар адамның салмағы бойына сәйкес болса, ол кісі семіз адамнан әлдеқайда көп өмір сүреді деген қорытындыға келген. Күні кешегі Кеңес заманында дәрігер Кончаловскийдің есебі бойынша толық адамдардың 69 жасқа 60%-ы жетеді екен, ал, арық адамның 90 % -ы 70 жасқажетеді екен. Егер, адамның салмағы 10-12 кг артық болса, 35-40 жас мөлшерінде жүрек, қан тамырлар жүйесі бұзылып, ауруға шалдығады.
 Дүние жүзінде көп тамақ ішудің салдарынан адамдардың 50%-ы семіздікке душар болады. Ауру адамдардың 99% -ның науқасы ас қорыту процесінің салдарынан, тек бір жерде отырып артық тамақ ішуге байланысты болады екен. Семіз адамдардың тек қана денесі толып қана қоймай, жүрек, қан тамырлары да семіреді. Мұның аяғы стенокардия, инфаркке әкеп соғады.
 Гиппократ пен Гален: толық адамдарға мүмкіндігі болғанша қозғалыста болғаны жөн деген өсиет қалдырады. Аса бір тарихи оқиға, кезінде Рим қаласында тұратын толық адамдарды жазда түгелдей ауылшаруашылығы жұмыстарына жіберіп тұрған. Әсіресе, толық адамдардың арықтауының негізгі көзі - таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын үзбей орындағанда ғана денсаулығын түзетеді. Тағы бір көзі - қыс кезінде шаңғы тебу. Жалпы толық адамдар табиғатында үнемі қозғалыста болуды көп жақтыра бермейді. Сондықтан адам өзін-өзі міндеттеп көбірек қозғалыста болып, тіпті жұмысқа жаяу барып қайтса одан зиян шекпейтінін білуі керек.
 Демек, биология ғылымының заңдылығына сүйенсек, дені сау, ағзасы дұрыс қалыптасу үшін бала 5 жасқа дейін тәулігіне 6-8 сағат қозғалыста болуы керек. Одан ары 10 жасқа дейін 4-6 сағат бойы, 10 жастан 16 жасқа дейін 2-4 сағат бойы қозғалыста болуы керек. Ал ересек адам қай жаста болса да орта есеппен күніне 2 сағат қозғалыста болуы керек екен.

 Сөз соңы

 Бүгінгі таңда, әсіресе, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайында әркім өз басының денсаулығын ойлайтын болса, ең алдымен осы ұсынып отырған қағидаға үңілуіне болады.
 Ұсынып отырған тұжырымдаманың негізгі қағидалары бүгінгі өмір салтынан туындайды. Адам баласының салауатты өмір сүруі оның қоршаған орта мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен ғана шектеліп қоймайды. Қазақ деген халықтың қанында бар тазалық жүйесін сақтай білуіміз қажет. Салауатты өмір сүрудің негізгі шарттары бұдан гөрі кеңірек. Әр адамның өз денсаулығын ойлап, дұрыс тамақтанып, күйбең тіршілікте ауруға шалдықпауына бақылау жасап отырса, нұр үстіне нұр!
Категория: Психология,педагогика | Добавил: anonim02
Просмотров: 1833 | Загрузок: 0 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]