Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Дүйсенбі, 20.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

Жеті жасар бала, немесе О-ші класс ТУРАЛЫ
17.07.2011, 11:59
Жеті жасар бала, немесе О-ші класс

 Бала бақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері - алты жастан өтіп, жетіге толған балалар екендігі әркімге аян. Жетіге толған балалар күзде бірінші кластарға баратындықтан, бала бақшаның соңғы жылы негізінен мектепке әзірлік жұмыстарын жүргізеді. Мұны педагогика тілінде 0-ші класс деп атайды. Ал қазірге кездегі еліктеушілікпен баланы 6 жасынан мектепке беру дейтін тұжырымының әлі де зерттеуді қажет ететін кемшіліктерінің көп екенін батыл түрде айтуды азаматтық парыз деп атаған жөн. Алты жасар бала дене бітімі жөнінен шымыр болуы да мүмкін, бірақ жеті жастағы балаға қарағанда әлі сәби екені анық. Сондықтан баланың жеті жасқа толған соң ғана мектепке баруы орынды. Өйткені, адам ең әуелі биологиялық ген ретінде, ол міндетті түрде биологиялық және физиологиялық заңдылықтарға бағынып, ол өзінің физиологиялық кезеңдеріне лайықты іс-әрекеттер жасауға тиісті. Баланың жеті жасқа толу сәтін, оның саналыққа тұрақты түрде тоқтаған алғашқы баспалдағы деуге болады.
 Себебі, ол кезде адам баласының жыныс бездері мен жұлын-жүйке сөлдерінің үндесе қызмет етулерінің арқасында, адамдық темпераменттерінің негіздері ғана қалыптасып қоймай, сонымен қатар әр адам өз алдына жеке тұлға ретінде ерекшеленіп, оның мінез-құлықтарының да даралана дамуының күрделі сатыларынан өте бастайды. Міне, бұл баланың жеті жасынан ғана мектепке баруын құптамайтын, аз ғана дерек пен есептей алмаймыз. Бұған қосымша ретінде, әр халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын тектік сипаттарын да, міндетті түрде есептеген жөн. Өйткені балаға баба зердесі де әсер етпей қоймайды. Адам тәрбиесінің осы кезеңінде, барлық әрекеттің зиянсыз болғаны ауадай қажет. Оның тәуліктің тамақтануы мен тазалық режімдері де, өткен жылдағымен салыстырғанда аса үлкен өзгерістерге ұшырамағаны мен, жеті жасардың ойлау мен ойлану тәрбиесіне көптеген өзгерістер енеді.
 Сондықтан ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин балаларды жеті жасқа келгенде оқуға шақырып ұран тастаған.
 Бір құдайға табынып,
 Кел балалар оқылық.
 Оқығанды көңілге,
 Ықыласпен тоқылық!...
 Осы өлең жолдарының алғашқы жолын діни ұғым деп алдырып тастаған. Ғылымның да, өмірдің де дәлелдеуі жеті жастан - он жеті жас оқу жасы болған. Оған ешкімде көз жұма алмайды. Ұрпақ тәрбиесіне даналық оймен қараған Қазақтың ақиын ақыны Мұқағали Мақатаев:
 Анау сенің мектебің,
 Онда онжыл тұрасың.
 Тарыдай боп кіресің,
 Таудай болып шығарсың...
 Сонда Ұлы ақынның ойы мектеп "адам" деген қасиетті тұлғаны жан-жағынан жетілдіріп, оқытып, тәрбиеліп, өмірдің жолының оң солын көрсетіп, таудай білім беретінін дәл айта білген.
Категория: Психология,педагогика | Добавил: anonim02
Просмотров: 1976 | Загрузок: 0 | Комментарии: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]