Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 561-570 |
Страницы: « 1 2 ... 55 56 57 58 59 ... 64 65 » |
ҚР салық жүйесі | |
Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері. Салық мәселесімен А.Нұрымов, Б.Ермекбаева, Н.Мамыров, К.Ілиясов, Ө.Шеденов, Құлпыбаев сияқты белгілі ғалымдар айналысады. |
ҚР салықтық құрылысы | |
ҚР салықтық құрылысы Салық төлеушінің құқықтары. Салық төлеуші: - қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы; салық заңдарындағы өзгерістер туралы салық қызметі органдарынан ақпарат алуға - салық қатнастары мәселелері бойынша өз мүдделерін жеке өзі не өз өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен білдіруге - салық бақылауы нәтижелерін алуға - жеке шотын салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай – күйі туралы көшірме алуға - салық құпиясының сақталуын талап етуге - салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттар табыс етпеуге құқылы - салық төлеушінің ҚР салық заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар. |
ҚР ҚМ Салық комитеті туралы ереже | |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі – Комитет) өз құзыреті шегінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету саласындағы іске асырушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомсвосы болып табылады. Комитеттің басты міндеттері мыналар болып табылады: салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету; |
ҚР-дағы кәсіпкерлік дамытудың проблемалары | |
Инфляциялық күтілімдерді ескере отырып ставканы анықтауға негізделген пайыздық схема кезінде нақтылық төмен болады. Бұл жағдайда болашақтағы инфляция деңгейін жеткілікті мөлшерде бағаламау арқылы кредитор немесе оны артық бағалау арқылы қарыз алушы үтылады. Индекстік әдіс арқылы мәселелерді жартылай шешу уақыттық интервалды төмендетуі мүмкін. Біздің ойымызша, жоғары инфляция жағдайында экономикалық саясаттың бір міндеті оптималды пайыздық ставканы іздестіру болуы мүмкін. Яғни бұл жағдайда тиімсіз инвестицияны істен алуға және бір уақытта ставкалардың кері әсер етуінен экономиканы қорғауға мүмкіндік беретін деңгей деп түсіну қажет. Осы құралдың іске асырылуын қайта қаржыландыру ставкаларының мөлшерінің өзгеруін мысалға ала отырып қарастырайық. Егер Ор-талық банктің мақсаты несиелік институттардың несиелік патенциалын азайту болса, онда ол қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатады. Ұлттық банк алға қойылған мақсатына қол жеткізу үшін ақша нарығына тағы басқа әдістер мен де әсер етуі қажет (ең төменгі резерв бойынша ставканы жоғарлату жолымен және т.б.). Қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатқан кезде коммерциялық банктер үшін қайта қаржыландыру қымбаттайды, яғни бұл жағдай елдегі несие қүнының өсуіне әкеледі. Бірақ кейбір ірі коммерциялық банктердің орталық банктің пайыздық ставкаларды жоғарлатуына қарамастан өздеріне неғүрлым көп клиенттер тарту үшін өздерінің пайыздық маржаларын төмендетуге мүмкіндіктері болады. Коммерциялық банктерді қаржыландырудың альтернативті әдісі орталық банкте вексельдерді қайта есепке алу болып табылады. Осы форманың тиімділігі бұл операция кезінде кепіл талап етілмейді, ал гарант ретінде вексель беруші болады. |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудиті | |
КІРІСПЕ Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендгін республикамыздың тәуелсіздігінің 16 жылы ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейінгі ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр. Нарықтық экономика жағдайында өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің негізгі, яғни оның тиімділігі мен ұқыптылығы - бұл кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің дұрыс жолға қойылуынан бастау алатындығы сөзсіз. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі үшін бухгалтерлік есепті дамытуымыз қажет. Өнімдерді өндіру барысында ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешімін тапса, онда кәспорындарда өнім өндіру және оны сатуға қатысты кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Жұмыстың негізгі мақсаттары: |
Ұлттық банк | |
Кіріспе Резервтік талаптар, ашық, нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талап¬тар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялың банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады. |
Әлеуметтік салық | |
Әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының Салық жүйесінде 1999 жылы пайда болғаннан бері елеулі өзгерістер әкелді. Оньң ставкалары да және қолданылатын тәсілі де өзгеріске көп ұшырады. Соңғы әлеуметтік салық бойынша байқаулы өзгерістер 2002 жылдың 23 қараша «Заң шығарушы актілердегі салық салу бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы» Қазақстан Республикасының заңымен енгізілді. |
Әлеуметтік салық 2008 жылғы | |
Әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының Салық жүйесінде 1999 жылы пайда болғаннан бері елеулі өзгерістер әкелді. Оньң ставкалары да және қолданылатын тәсілі де өзгеріске көп ұшырады. Соңғы әлеуметтік салық бойынша байқаулы өзгерістер 2002 жылдың 23 қараша «Заң шығарушы актілердегі салық салу бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы» Қазақстан Республикасының заңымен енгізілді. |
Әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлау [1 бөлім] | |
I БӨЛІМ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын мақсаттары мен міндеттері. Жоспарлаудың түрлері Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі. Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу. |
Әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлау [2 бөлім] | |
II БӨЛІМ АУМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖОСПАРЛАУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ 2.1 Қазақстан Республикасының 2002-2003 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттық аймақтық аспектісі бүгінгі күні ғылыми зерттеулердің ең әлсіз зерттелінген объекті болып табылады. Мемлекеттің аймақтык саясатын қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейімен сапасын теңестіру мүдделерінің ірг елі (тиянақты) маңызы бар. Осы мүдделер қазіргі жағдайда бірінші орында түр, өйткені түрғындар тығыздығы (адам/км2), қалалық және ауылдық түрғындардың ара-қатынасы, олардың кірісті бір жанға шаққанда деңгейі, түтыну бағаларының індексі, жұмыссыздардың саны мен жұмыссыздың деңгейі, индустриалды әлуеті деңгейі және т.б. көрсеткіштерге байланысты Қазақстанның аумақтық-әкімшілік аудандары бір-бірінен тым өзгеше. |