Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 03.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым

В разделе материалов: 646
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 ... 64 65 »

Құқық қорғау органдары туралы
Енгізген: ERbol | күні: 27.07.2011

Құқық қорғау органдары.
     Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
     Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.
     Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.
     Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.

Құқықтық сана және мәдениет
Енгізген: ERbol | күні: 27.07.2011

Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.
Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін.

Жапонияның тарихы туралы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Жер аумағы, шекаралары, жағдайы: күн-шығыс елі. Аумағы жағынан Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған аралдар елі. Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады.
 Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен, былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндік береді.
 Азияның ең шығысында Жапонияның орны оның «Күншығыс елі» дейтін атауынан да бейнелі көрініс тапқан.
 Халқы: табиғи өсу ерекшелігі, ұлттық құрамы, орналасуы. Жапония халқының саны жағынан дүние жүзі елдерінің «алғашқы ондығын» аяқтайды. Алайда соңғы онжылдықтарда халқының табиғи өсу сипаты күрт өзгерді. Жапония өсудің екінші түрінен бірінші түріне өткен Азиядағы мемлекетке айналды.
 Бұл «демографиялық революция» өте қысқа мерзімге өтті. Ол жапон қоғамының аса ірі әлеуметтік – экономикалық қайта құрылуының, білім беру мен денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуінің нәтижесінде іске асты. Жапония – дүние жүзінде балалар өлімінің көрсеткішінен ең төмендігімен және өмір сүру орта жасы бойынша көрсеткішінің ең жоғарылығымен танылған салауатты адамдар елі. Сондай-ақ оған мемлекеттік демографиялық саясат үлкен әсер етті. Онда отбасының мәселелерін жоспарлау жөніндегі сабақтар мектептің жоғары сыныптарында-ақ өткізіледі. Неғұрлым кеш некелесу қатты насихатталады.

Жер асты суларының физикалық - химиялық қасиеттері
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
 Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті.

Иран және Түркістан
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Исламияттың Түркістан елдерінде таралуындағы Иран халықтары мен мәдениеттерінің алар орны ерекше. Сонау, Хазіреті Мұхаммедтің (569-632 vV,: y[V2 yV7~ V.) өмірінде парсы жұртының өкілдері Исламиятты қабылдай бастаған-ды. Әсіресе, Халифа Әділетті Омар Хаттабұлы (581?-644) және Қоснұрлы Осман Ғаффанұлының (573-656) биліктері тұсында көне Сасани (224-651) патшалығы мен Мауера-ән-Нәһір елдері мұсылман билігіне қосылған-ды. Арабтар бастаған Исламды насихаттау шараларын кейінірек мұсылмандықты қабылдаған ирандықтар жалғастырады. Исламияттың Орталық Азияда жайылуында Иран жерінде туып өскен ғұламалардың, мемлекет қайраткерлерінің орасан зор үлесі бар.
 Жә, Орта Азияның байырғы тұрғындары – парсы, соғды және түркілердің барлығын арабтар мұсылман қылды деген дұрыс пайымдау болмайды. Тарихи деректер мен уақиғалар желісіне қарайтын болсақ, арабтар бастаған дін насихаттау уазифасын соғдылардың және кейінірек түркілердің алып кеткенін байқаймыз. Демек, Орта Азия халықтарының тұтас мұсылмандықты қабылдауына атсалысқандар негізінен соғдылар, ал шындығына келгенде түркілер болды. Түркілердің сонау Әмәуи билігі тұсында бастаған саяси-әскери үстемдігі, Аббас әулеті тұсында ресми сипат алды. Мисалы, халифа Мұғтасымның кезінде (833-842) түркілердің атақ-даңқының өскені соншалық-кім, халифаның ең сенімді қолы (мұхафыз фирқасы) тұтасымен 4000 түрік сарбазынан құралған-ды.

Испания мемлекетінің саяси жүйесі
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Испания мемлекетінің саяси жүйесі
 Жалпы мәлімет
 Испания- Еуропаның оңтүстік-батысында, Пиреней түбегінде орналасқан мемлекет. Батыста- Португалиямен, солтүстікте- Франция және Андоррамен, оңтүстікте- Гибралтармен шектеседі. Шығысында және оңтүстікте- Жерорта теңізімен шайқалып жатыр, ал батыста- Атлант мұхитымен, солтүстікте- Бискай шығанағымен. Испанияға Балеар және Канар аралдары, сонымен қатар, Марокко жағалауындағы 5 суверенді жерлер жатады. Жалпы территориялық аумағы- 504.750км шақырым.
 Халқының саны- 39.800 мың адам (2001ж.). Этникалық құрамында испандықтар(73%), каталондықтар(16%), галисиийлер(8%) және басктер(3%). Мемлекеттік тілі- испан тілі.
 Испания- БҰҰ-ға, ЕО, НАТО-ға мүше елдердің бірі болып табылады. Испания- конституциялық монархиялық ел. Басшы- король болғанымен, негізгі атқарушы билік- үкіметті басқаратын премьер- министрге жүктелген. Заң билігі- екі палаталы парламенттен, жоғарғы және төменгі палатадан тұрады. Мемлекет 50 провинцияны біріктіретін 19 автономды областардан (Андалусия, Арагон, Бальнеар, Леон, Кастилья –Ламанча, Каталония, Сеута, Эстремадура, Галиция, Мадрид, Мелилья, Мурше, Наварра, Рьоха және Валенсия ) тұрады. Астанасы- Мадрид (5100 мың адам). Ірі қалалары: Барселона (2000 мың адам), Валенсия (900 мың), Севилья (800 мың), Сарагоса (650 мың), Бильбао (400 мың ), Малага (300 мың ).

Көлік географиясы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Экономикалық білімнің маңыздылары: шаруашылықтың салалық құрылымы, өнеркәсіптерді экономикалық ұйымдастыру ерекшеліктері, қорларды сақтау, шағын бизнес, сауда т.б. оқушыларда экономикалық білімді қалыптастырады. География ғылымы қазіргі кезде баяндаушы – энциклопедиялық ілімнен конструнтивті айналғаны бәрімізге мәлім, оның жалпы қоғам өміріндегі маңызына, сол сияқты экономикалық – геграфиялық білім мен біліктің қоғамның әрбір мүшесінің іс-әрекетіне, қажеттілігіне түсінік қалыптастырады. Уақыт талабына сай экономикалық және әлеуметтік географияны оқып үйрену барысында, адам өмірі мен оның шаруашылықтағы іс-әрекетінің бір-біріне тигізетін әсеріне оқушылардың көңілін аудару қажет. Бұл үрдісті адамның тіршілік жағдайын жақсартуға бағытталған зеттеулерде, оның басты орын алатынын айқындай отырып, географияны оқытудың қазіргі жаңа заманғы әдіс-тәсілдерді пайдалану қажет. Қорыта айтқанда, мазмұнын ізгілендіру және әлеуметтендіру принциптерін пайдалану, аймақтық және жергілікті материалдарды енгізу, оқушылардың біліктілігін көтеру яғни олардың өмірін компетенциясын қалыптастыру негінде жұмыс жасалады. Қазақстанның өнеркәсіп өндірісі жылдар бойы күйзеліс-дағдарысқа ұшырап, құлдыраудан кейін даму жолына түсті. Ірі қоғам қайраткері Н.Нұрмақов үкімет басшысы ретінде ел экономикасына үлес қосқан, яғни Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәнінде, халық шаруасы бөлімін оқығанда. «Қазақстан құрылысы», « Нұрмақов өнеркәсіпті қалпына келтіруші», «Қазақстандағы сауда қатынасаның дамуы», «Түркістан-Сібір магистралі» атты еңбектерін пайдалануға болады.

Латын Америка елдері мен Қазақстан арасындағы қатынастар
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Латын Америка елдері мен Қазақстан

 Латын Америкасының ұлғайып келе жатқан экономикалық әлеуеті мен халықаралық аренада елеулі саяси салмағы бар. Ол жаңадан қалыптасып жатқан дүниежүзілік қалыптың, саяси және экономикалық мегаблоктардың иіріміне белсенді түрде атсалысуда. Соңғы үш жылда бұл өңірге АҚШ, Қытай және Ресей секілді алпауыт елдердің, тіпті төңірегінен дау арылмай келе жатқан Иранның да басшысы ат басын тіреді. Мұның бәрі Қазақстанның сыртқы саясат басымдылықтарында аталған өңірге ерекше назар аудару қажеттігін көрсетсе керек. Осыны қаперге алсақ, бұл сапар еліміздің сыртқы саясаты мен экономикалық мүдделерін «жаңа құрлықта» ілгерілетудегі маңызды қадамдардың бірі болары анық.
 Латын Америкасындағы ірі мемлекет – Бразилияның үлесіне әлемдік жалпы жиынтық өнімнің 8 пайызына дейін тиесілі. Ол қазіргі заманғы геосаяси жағдайларға бейімделудің жолын іздестіре отырып, әлемнің басқа да бөліктерінде белсенді әрекет етіп жатқан ықпалдастық құрылымдармен, өз өңірлерінде көш басын ұстаған мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатуға ұмтылуда. Бразилияның 2006 жылдың тамыз айында Астанада өз елшілігін ашуы, арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісін жіберуі соның бір көрінісі болса керек.

Рашмор тауы туралы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Рашмор тауы
 Америка Құрама Штатындағы төрт президенттің бейнесінің биіктігі 60 фут (18,6 метр) Рашмор тауында граниттен қашалған Блек-Хилзде таулы аймақта Оңтүстік Батыста Дакотада және Вайоменгтің Солтүстік Шығысында. Өзінің 70-жылдық тарихына орай Америка Құрама Штатының символы болды және атақты да мақтанышы сол.
 Тау өткен ғасырдан бері президенттердің құрылысы жасалғанда, Нью-Йорктағы юрист Шарльз Рашмордың құрметіне аталған 19-ғасырда осы таулы аймақты зерттеген. Монумент жасауды ойлап тапқан Доан Робинсон, және де ол ең басында атақты тұлғаларды: Генерал Джордж Армстронг Кастер, Баффало Билл Коди, Льюис пен Кларкты бейнелеуді ойлаған. Робинсон өзіне ақшалай көмекшіні, жабушыны өзінің жобасын жүзеге асыруға іздей бастады. Ол Оңтүстік Дакотаның сенаторы Питер Норбекпен танысты. Норбек Робинсонның жобасына қызығып, көмек көрсете бастады. Енді Робинсонға мүсіншіні табу ғана қалды. Көп іздеуден кейін ол Гатсон Борглемді табады.

Семей полигоны туралы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
 Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.
 Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.