Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 17.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым

В разделе материалов: 646
Показано материалов: 31-40
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 ... 64 65 »

Көне дүниедегі мектеп және тәрбие
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Одан әрі тарихи дамудың нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс жаңа қоғамдық формация – құлдық қоғаммен ауысты. Ертедегі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.
 Ертедегі Индияда мектеп ашыла бастады. Мыңдаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді.
 Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап өкілдерінің қолында жинақталған.

Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар

 Қазақтың ата-тегі болып табылатын сақтар, ғұндар, үйсіндердің түп төркіндеріндегі қарама-қайшылықтарға қарамастан көшпенділк әмбебапшылығы басымдылыққа ие болды. Солай бола тұра, жер өңдеушілердің де дүниетанымдық көзқарастары үнемі елеулі ықпалын жүргізіп отырды.
 Ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі 25 ғасырлық тарихы бар халықтың рухани бастауларға көңіл аударуын туындатуы заңды еді. Қазақтың ата-тегінің арғы философиясынан бастап дінге сенімінде, тәңірге табынушылығында және сақтар, ғұндар, үйсіндер мифологиясында алдыңғы орынға философиялық дүниетанымдық мәселе отырықшы тайпалардың тіршілік бағыттарының, жолдарының ара қатысы шығады. Бұл көне түрік жазу мәдениетінің дүниеге келуімен белгілі.
 Ашина (көк бөрі) ұрпақтары VІ ғасыр хандықтың басқару жүйесін құқықтық негізде құрды. Өкілетті билік пен заң шығару ісі ақсақалдар алқасының (кейінгі қазақ хандығында – билер алқасы мен хан кеңесі) құзырында болды. Ал хан жарлығы атқарушылық міндеті үлкенді-кішілі лауазымдар иесіне жүктелді. Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен хандық билік, әскери демократия арқылы жүзеге асырылған. Халықтық құқықтық санасының әрі мемлекеттік басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан тұратын, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деген атқа ие болған ел заңы.

Көне Түркі жазба ескерткіштеріндегі және «Қорқыт ата кітабындағы» халықтық педагогика
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Көне Түркі жазба ескерткіштеріндегі және
 «Қорқыт ата кітабындағы» халықтық педагогика

 Жазба ескерткіштер. Тәрбиенің мәңгілігі, қажетгілігі, қасиетгілігі жайлы ой түркі жазбасының ертедегі ескерткіштерімен дөледденеді. Бұл түрғыда ерекше қызығушылық түғазатындары және үлгі боларлықтары, әсіресе, Орхон ескерткіштері (ҮІІ-ҮІІІғғ.). Мұнда халық педагогикасының күрделілігі және көп қырлылығы бейнеленген. Оларда ата-анаға құрмет, адалдық пен әділеттілік, еңбекті құрметтеу, жаудың алдында қаймықпау, ерлік пен елдік, танып-білуге құмарлық, қарттар мен үлкеңдерге қайырымды және сыпайы қарым-катынас және т.б. ойлар айтылады. Түркілер ардақтайтын моральдық құндылықтардың ішінде Отанға сүйіспеншілік ерекше алға шығады.
 Мәселен, Тоныкөктің өмірі мен қызметі бұл халықтың патриоттық тарихы және өсіп келе жатқан ұрпақты туған халықтың ерлік дөстүрлерінде тәрбиелеуге шақырумен үндес жатады. Ол үшін халық пен отан даңқы бәрінен жоғары: "Бүкіл түркі халқына қарулы жау келтірмедім. Атты әскер жолатпадым. Елтеріс қаған жауламаса, оған еріп мен жауламасам, Елім, Халқым жойылар еді, қағандар әрекетінің нәтижесінде, менің де әрекетімнің нәтижесінде, еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды".
 Ел бірлігін мақсат тұтқан, сол үшін күш-қуатын аямаған Тоныкөк дананың бейнесі, іс-ерекеті масаттануға, мақтану етуге тұрарлык, Орхон ескерткіштерінде жекелеген педагогикалық жаңалықтар да баршылық: бұл болашақ батырлардың жас кезендеріне сипаттама, достар мен жаулардың мінез-құлықтық өзгешеліктерін бағалауға ұмтылыстар; халық мүдделі сапалардың түлға бойыңда болуы үшін оның тиімді ықпал ету шарттарын қарастыру, мінез-құлықты отанға қызмет етуді үйрете отыра, жоғары мақсаттарға бағыттау. Халыққа адам жөнінде оның шығу тегі мен тербиесі бойынша, ата-анасы мен тәрбиешілері бойынша пікір айту әдеті бұрыннан белгілі. Оның ойынша адамның ең құнды сапасы, ол ізгілік, оған баулу, үйрету керек. Өйткені адамдық кемшіліктердің көпшілігінің себебі, білместік, мәдениетсіздік, білімсіздік. Адамгершілік - ол, жақсы істер жасай білу, ал жақсы іске бастайтыңдар, қалай істеу керек екенін білетіңдер. Мінез-құлық білумен байланысты, ал білім мен мінез құлық арасын жалғастыратын буын – тәрбие.

Көне Қытай философиясы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Көне Қытай философиясы
 Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі мен жері. Мамандар Қытай өркениетінің басталуын ся дәуіріне, яғни б.д.д. III – II мыңжылдықтың саясына жатқызады. Б.д.д. XVII-XIIғ.ғ. Шан-Инь мемлекетінде қола мәдениеті дамиды, шаруашылықтың құлдық қоғамдық түрі жетілді. Шан-Инь дәуірінде Қытайда алғаш жазу пайда болған. Ежелгі Қытай тілінің грамматикасы қалыптаса бастаған. Шан-Инь қоғамының саяси билігі ван топтары арқылы жүргізілді. Ван шаруашылық мәселесіне де, әскери, діни билікте де ең жоғарғы басшы болды. Ванның билігін шандықтар дәріптеп, оны тәңірге теңеген. «Шан-ди» деген титулға ие болған ван өзін «Мен-адамдардың арасындағы ерекше жаратылыспын. Жалғызбын» деп жариялады. Шан — жер кіндігінің Ұлы қаласы, Қытай — жердің Ұлы орталығы деген уағыздар таралды.
 Өте көне дәуірде, аспан мен жер де болмаған заманда, әлем түрсіз хаосқа ұқсаған. Сол түрсіз тұңғиықта, делінген мифте, екі рух (немесе екі құдай) – инь және ян пайда болды да, дүниені реттейді. Кейіннен ян рухы аспанды, инь рухы жерді басқаратын болды.

Маркстік философия
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Маркстік философия
 Негізгі мақсаты: Марксизм философиясының қалыптасуы мен ыдырауының негізгі себептерін философиялық тұрғыда түсіндіру.
 Негізгі түсініктер: марксизм философиясы, марксизм эволюциясы, формация, философиялық жатсыну, материалдық бірлік.
 1.Маркстік философияның пайда болуының ғылыми себептері.
 2.Маркстік философияның заңдылығы,орны оның негізгі кемшіліктері.
 3.Жалпы дүниетанымдық ерекшеліктері маңызы.
 XX – ғасыр философиясындағы аса күрделі кезең – "қазіргі марксизм” деп аталатын ленинизмнің дүниеге келуі. Оның себебі бар. Ең алдымен оған объективті жағдай әсер етті. Егер Маркс пен Энгельс капитализмнің монополияға дейінгі кезеңдерінде өмір сүріп,сол кездің проблемаларына жауап іздеген болса, В. И. Ленин копитализмнің империалистік дәуірінде өмір сүрді. Бұл қайшылықтар еңбек пен капитал арасында ғана емес, капиталистік елдер арасында да пайда болды. Олай болса, капитализмнің біркелкі дамуы да бұзылды. Ақырында, капитализм Шығыс елдеріне, оның ішінде Ресейге де таралды. Ресей экономикасы алдыңғы қатарлы дамыған ел болмаса да, онда революция жасалуы әбден мүмкін еді. Ресейдегі буржуазиялық – демократиялық революцияның жетекші күші пролетариат болатыныайқын байқалды. Сондай – ақ, XIX – ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдарында, әсіресе физикада ірі жаңалықтар ашылды. Атомнан электронның бөлініп шығуы атомның ең кішкентай қарапайым бөлшек еместігін, электрон атомнан 2 мың есе кіші және қасиеті одан мүлдем басқа, жарық сәуледей жылдамдықпен қозғалатын аумағы (массасы) үдайы өзгеріп отыратынын көрсетті.
 Міне, бұл жағдай материалист философтардан байсалды тұжырымдар күтті. Бірақ оған Г. В. Плеханов сияқты ірі философ материяның жойылуы мүмкін еместігі туралы пікір айтудан жалтарды, тіпті байқамаған сыңай танытты. Н. Бердяев былай деп жазды: "Философия, өнер, рухани мәдениет саласында Ленин өте артта қалған, қарапайым адам, оның ұнататыны мен тәуір көретіні өткен ғасырдың 60 – 70 жылдарының адамдарын ініндей еді”, - дейді.

Махаббат пен ғадауат
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Махаббат пен ғадауат
 (Рисала)

 Біздің ұлық Абайымыз айтпаған сөз қалған ба? Жасың ұлғайып, дүние сырына бұрынғыдан тереңірек үңілген сайын Абайға барып жүгінуің жиілей береді. Жаныңды қинаған сұрақтарға жауап іздейсің.

 Өлсем орным — қара жер сыз болмай ма?
 Өткір тіл — бір ұялшақ қыз болмай ма?
 Махаббат ғадауатпен майдандасқан,
 Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? – деп жазады ақын.

 Мұндағы Махаббат - ғаламдық көлемдегі сүйіспеншілікті бейнелесе, Ғадауат сол махаббатқа қарама-қарсы - жек көру, мейірімсіздік, қаскүнемдік, дұшпандық деген ұғымдарды бейнелейді. Бұдан басқа Абайдың талқысына түсетін Нәпсі деген сөз бар. Оның мағынасы тіпті жан-жақты: адамның ішкі жан дүниесі, құштарлығы, құлқы-пейілі болып таралып кетеді. Махаббат. Ғадауат. Нәпсі. Асылы гомо сапиенс аталатын саналы адамның өмірі осындай үш тағанға тіреліп тұратын болса керек.

 Абайдың айтуынша, Алла тағала әуелде адам баласын махаббатпен жаратқан. Ендеше: "Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз емес пе?”. "Махаббаттың төлеуі — махаббат”. "Алла тағаланың пендесін махаббат уә мархаматтан жаратқанын біліп, махаббатына махаббат пенен ғана елжіремекті Құдайға ғашық болды дейміз”. (Отыз сегізінші сөзден). Жалғыз Абайда емес, Шығыстың атақты ақындары Руми, Хәйәм, Хафиз, Жәми, Сағди жырларында аспандатып дәріптелетін махаббаттың төркіні — күллі ғаламды, жан иелерін жаратушы құдіретке құлшылық етуден бастау алады. Бұл ретте жаратушы мен жаралушының арасындағы махаббат сипаттарын ақындық, философиялық тілмен жеріне жеткізіп жырлаушының бірі — біздің ұлық бабамыз Ахмет Ясауи екенін әркім білуге тиіс.

 Махаббат — адам өмірінің тұғыры мен тіреуіші. Махаббат — өзіңді ғана емес, ең алдымен өзгені сүю, қарапайым тілмен айтсақ, жақсы көру, ұнату. Жаны ашу, мейірбандық, жақсылық істеу, қамқорлық көрсету осыдан шығады. Көкірегін махаббат жайлаған адам — қашанда қайырымдылықпен, әділдікпен, адалдықпен ауылдас отыруға тырысады. Ондай адамның кейде сырты байсал, суықтау көрінуі мүмкін, бірақ іші — нәзік, сезімтал, сергек келеді. Ойынан бұрын сезімі бас көтеретін де кездері бар. "Мұның арты қалай болар екен” деп ойы тартпақтай бастаса, сезімі ілгері қарай сүйрелейді. Сөйтіп, бұлдыр ойды мөлдір сезім тазалап жуып тұрады.

Мәдениет және өркениет
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Тақырып. Мәдениет және өркениет
 Негізгі мақсаты: Мәдениет тарихы мен өркениет тарихының бірін-бір толықтырушы ұғымдар екенінін, өркениеттің бүгінігі күннің өмір сүру формасы екендігіне ғылыми талдау жасау.
 Негізгі түсініктер: мәдениет, өркениет, өркениет құрылымы, трансформация, механизм, диалог, коммуникация, футурология.
 1. Мәдениет туралы әртүрлі ғылыми концепциялар, тұжырымдар.
 2. Мәдениет адам дамуының өлшемі
 3. Мәдениетжәне өркениет арақатынасы, байланысы, зандылықтар, ерекшеліктері.
 Мәдениет – философиялық ой – толғамның аса маңазды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет үғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жие пайданылады сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет мәселесін қамтымайынша дұрыс қайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету керек.

Мәдениет туралы түсінік
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат».
 Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
 Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.

Мәдениет — философиялық ой-толғам
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Мәдениет — философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы коғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет мәселесін қамтымайынша, дұрыс пайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету керек. Қысқасы, бұл ұғым саналы іс-әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге бағытталған. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіне ғана тән дәстүрлері болады. Бұдан мәдениеттің көп түрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты теріске шығарады деген қорытынды тумайды. Керісінше, мәдениеттің нактылы — тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді.
 Көпшілікке арналған әдебиетте мәдениет мәселесін рухани, көркемдік салаларымен байланыстыра қарау басым. Шынына келгенде, мәдениет — адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, оған рухани да, материалдық та жетістіктер жатады. Басқаша айтқанда, адам болу үшін еңбек құралдарын жасауы, сөйлесуі, пікір алысуы, түсінісуі қажет. Міне, сол алғашқы еңбек құралдары, сондай-ақ мақал-мәтелдер ежелгі мәдениет ескерткіштері болып табылады.

Неміс философиясы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Немiс халқының рухы тудырған ХУIII- ХIХ ғғ философияға уақытында Ф.Энгельс "немiс классикалық философиясы² деген ат қойған болатын. Мұның өзiнен бiз өте биiк бағаны, деңгейдi сезiнемiз, өйткенi, "классика² деп адамзат тарихындағы қоғамның қайсыбiр саласындағы мәңгi өшпес жетiстiктердi айтамыз. Мысалы, қазақ халқының рухани өмiрiнде, өнерiнде классикалық орын алатын - ол Аль-Фараби, Абай, Құрманғазы, М.Ауезов т.с.с. ғұламалар. Олар тек қана қазақ халқына емес, бүкiл адамзат тарихына өзiнiң өшпес iзiн қалдырған тұлғалар.
 Ал немiс классикалық философиясының өкiлдерiне келер болсақ - И.Кант, Г.Гегель, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Л.Фейербах сияқты ғұламалардың атын, шығармашылық еңбектерiн бүгiнгi барлық елдердегi ағарған қауым бiледi.
 Әңгiменiң қызығы - өз заманының ең биiк деңгейiне көтерiлген немiс философиясы сол кездегi басқа Еуропа елдерiне қарағанда әлеуметтiк-экономикалық жағдайы анағұрлым артта қалып қойған елде пайда болады. Мұның өзi қоғамның материалдық дамуы мен оның рухани деңгейi әрқашанда бiр-бiрiне сәйкес келе бермейтiнiн көрсетедi.