Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 17.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым

В разделе материалов: 646
Показано материалов: 41-50
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 7 ... 64 65 »

Орта ғасыр философиясы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Орта ғасыр философиясы
 Негізгі мақсаты: Батыстық христиан философиясымен шығыстық мұсылман философиясының ерекшеліктері мен ұқсастықтарын таразылап дәйектеу.
 Негізгі түсініктер: католицизм, протестанцизм, суфизм, номенализм, реализм, универсалий, аверроизм.
 1. Орта ғасыр философиясының ерекшеліктері, мәні.
 2. Христиандық Орта ғасыр философиясы.
 3. Номинализм және реализм проблемалары.
 4. Шығыс философиясының дамуы және маңызы.
 Ежелгі шығыс философиясы антикалық және философия адамзаттың өркениетінің дамуына өзіндік үлес қосты. Арестотельден кейін көне грек филсофы б.э.д. 16 – ғасырдан бастап Рим философиясы өзіндік ізі бар, дәстүрі бар философиялық мектептер болды. Сондықтан грек Рим философиясы тұтас шектеулі жабық философия деп адады. Бірақ та қалыптасу, шарықтау кездері сонымен қатар тоқырау замандарын басынан өткізді. Рим философиясынан кейін Европада жаңа философия рухани құбылыс ол негізінен християндық философиялық дүниетанымнан пайда болды осы көз қарасты орта философиялық батыста I – XV ғасыр аралығын қамтиды.

Орыс философиясы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

X-XIII ғ. ежелгі Ресейдегі философиялық және әлеуметтік ойдың пайда болу. Ежелгі орыс халқы мен ежелгі орыс феодалдық мемлекетінің қалыптасуы. Ежелгі славяндардың көп құдайқа сенушілігінен (политеизм) бір құдай сеніміне өтуі (монотеизм). Феодалдық қоқам ресми идеологиясы есебіндегі христиандық тұсінігі. Христиан ілімінің пұтқа табынушылық қөзқарастарқа қарсы күресінің сипаты. «Повести временных лет» (XI- XII в.в.), «Слово о законе и благодати Иллариона (XI в.), «Слово о полке Игоре» (XII в.), «Молении Даниила заточника» (XII- XIII в.в.), «Бытии Александра Невского» және басқа да ежелгі орыс шығармаларының философиялық, социологиялық, патриоттық, этикалық идеялары.Ежелгі орыс апокриптикалық жазбаларындағы Аристотель, Платон, Гиппократ идеяларының мазмұны. «Толковой Палей » (XI- XII в.в.), «Пчелы » (XII в.) кітаптарының философиялық идеялары. Филипп Пустынниктің «Зеркало» немесе «Диоптре» еңбегіндегі Өалам және төрт бастамалардың, тән мен жанның қатынасы туралы мәселелер.
 XIV-XVII ғасырлардағы Ресейдің философиялық және әлеуметтік ойы.

Платон философиясы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Платон философиясы
 1. Платон тұлғасы мен өнерінің жалпы сипаттамасы.Платон (Б.Э.Д. 427-347) Еж Грецияның ірі философы, Сократтың оқушысы, өзінің жеке ф-қ мектебінің Академияныңнегізін қалаушы, философиядағы идеологиялық бағыттың негізін қалаушы.
 2. Жаратылған зат пен ашып беру идеялар.Орта ғасырдағы теологиялық ф- ғы жақсылық пен жамандық мәселесі.
 Орта ғасырдағы теологиялық ф-я негізгі догматтар(идеялар)
 Догматқа сәйкес, жаратылған керемет дегеніміз
 Құдай қоршаған әлемді жоқтан жаратты.Дүниенің жаратылуы құдай
 еркінің нәтижесі, Дүние құдыретті құдайдың көмегімен қалыптасқан,
 пайда болған.Табиғат өзін өзі жаратпайды.Әлем дүниесіндегі жайғас
 жаратушы құдай .Құдай мәңгі тұрақты,Нақты рас болымыс бұл құдай.
 Әлем, құдаймен жаратылған, ол тұрақсыз өзгермелі.Құдай мен оның
 жаратушы арасында шекара жоқ.

Прогресс туралы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Тақырып. Прогресс
 Негізгі мақсаты: Қоғамды алға жетелейтін, өркениеттің басты себебі болып табылатын прогрестің жастар үшін маңыздылығын анық көрсету.
 Негізгі түсініктер: прогресс, регресс, қоғам, даму, ақпараттық қоғам.
 1. Прогресс идеясының қалыптасуы
 2. Қоғамдық прогрестің алғы шарттары, тарихи типтері.
 3. Дүниежүзілік тарихи дамудың бірлігі мен ерекшеліктері.
 4. Прогресс идеясы, ғылыми техникалық прогресс ұғымы
 Қоғам өмірін тарихи процесс ретінде бейнелеу үшін қолданатын ұғымдарының бірі – прогресс ұғымы (лат. – ілгері қозғалу табыс деген сөзден аланған).
 Прогресс – қоғамның материалдық күш қуатының артуы оның қатынастарының кемелдене түсуі, қоғам мүшелерінің жан – жақты жетілуіні қажетті мүмкіндіктердің молаюы, яғни қоғамның ұдайы төменнен жоғарға қарай өрлей дамуының түрі сипаты.
 Жалпы алғанда, қоғамның даму бағыты, болашағы туралы мәселе – адамзаттың қоғамдық ойының ежелгі мәселелерінің бірі.

Сана проблемасының философияда қойылуы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Тақырып. Сана проблемасының философияда қойылуы.
 Негізгі мақсаты: Тек ған адамзатқа тән сана мәселесінің адам үшін маңызы және оның ерекшелігін таразылау.
 Негізгі түсініктер: сана генезисі, өзіндік сана, тіл, ойлау, архетип, бейсана, көпшілік сана.
 1. Сана адам миының қызметі
 2. Сана проблемасы туралы тұжырымдар.
 3. Сана объективті дүниені бейнесі
 4. Бейнелеу формаларының эволюциясы
 5. Өзіндік сана
 6. Сана және тіл, қоғамдық сана және оның формаларыны.
 7. Дін, Өнер, Философия
 Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.
 Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешөашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың "шыбын – жан” деген сөзі осындай ұғымнан туындаған.

Софистер мен Сократтың философиясы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

1. Софистиканың жалпы түсінігі.
 Софистер бұл 5-6 ғ.б.э.д өмір сүрді. Ежелгі Грецияда өмір сүрген философиялық мектеп. Бұл философиялық мектептің қайраткерлері теоретик философ болып қана емес, азаматтарды философияға, орталық өнерге басқа да білімдер түріне үйреткен, оқытушы философияға орталық өнерге басқа да білімдер түріне үйреткен , оқытушы философ ретінде де болған.
 Софистердің қайраткерлері
 Үлкен софистер (5ғ б.э.д) Протагор, Горгий,Гипий, Продик, Антифонт, Критий. Кіші софистер- Ликфрон, Алкидамант, Трассимах.Сократ – көрсетілген топтарға ресми түрде жатпайды, бірақ софистердің ойларын бөліп, софистиканың өзін өзінің тәжірибесінде қолданған.
 Ерекшеліктері.
 Қоршаған шындыққа сындық қатынас.Бәрін тәжірибеде тексеруге тапсыру, белгілі бір ойдың дұрыс бұрыстығын тексеру.Көне дәстүрлі цивилизацияның негізін қабылдау.Дәлелсіз білімге негізделген көне түсініктерді, ережелерді жоққа шығару.Мемлекет пен құқықтың нақтылықсыздығын дәлелдеуге тырысу.
 Софизм Софистердің негізі логикалық әдісі ретінде.
 Бұл философиялық мектептің қайраткерлері өздерінің дұрыстығын софизмдер логикалық әдістері арқылы дәлелдеу.Бұл мүйізді софизмнің мысалы Сен жоғалтпаған нәрсеңе иесіз, сен мүйізіңді жоғалтқан жоқсың , яғни сен оған иесің бұл нәтиже софизмнің логикалық ауырлығынан емес логикалық мағыналардың дұрыс қолданбауынан болады. Көрсетілген софизмде алғашқы мысал өтірік, бірақ дұрысқа беріледі, осыдан нәтиже шығар.

Социология туралы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Социология
 1. Социология (XIX г-дын, 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.
 Алайда, социологияның кеш пайда болуы оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Осы орайда, Ертедегі Шығыс цивилизациясының — Көне Египет, Вавилон, Үнді, Қытай - қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар коғамтанушылар болып есептеледі. Олардың қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе — адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі абыроймен ұстау дәстүрін, олардың шыншыл, өнегелі болатын, жаман кылықтардан бойларын аулақ ұстау дәстүрін көрсетеді. Сондай-ақ Кофуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдық нормалардың азайып бара жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге, атаққұмарлықка ұмтылу пиғылдарының өріс алу тенденциясын, кегін екінші біреуден алу, өз кемшілігін түзету қасиеттерінің жоғалу тенденцияларын көрсетеді. Конфуций этикасы «қайырымдылық», «кішіпейілділік», «адамды сүю» «тура жолмен жүру» сияқты принциптерге сүйенеді. Сайып келгенде, Конфуций адамдар арасымдағы әлеуметтік қатынасты — борыш пен заңды мойындайтын, орынға коятын адам мен өз пайдасын көздейтіп адамды салыстыра отырып, олардың адамдық образдарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы көрсетеді. Бірінші образдағы адам бірлікке, татулыққа ұмтылатындығын, ал екіншісінің оған кері құбылыстарға ұмтылатынын баса айтқан.
 Ежелгі Үндістанда әлеуметгік ойлар буддизм мен джайнизм мектептерінің социологиялык. мифтерінде біршама карастырылған. Мәселен, джайнизмнік этикалық, эстетикалық жүйесінде адам мінез-құлқындағы кейбір нормалар мси тақуалық (аскетизм) мінездің кей формалары берілген. Тақуалық (аскетизм) дегсн «нәпсіні тый» деген мағынаны береді. Ондай норманың бірі ретінде ахисаны алады, яғни «тірі жанға зиян келтірмеу» принципі.

Таным философиясы. Ғылыми таным әдiснамасы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

1. Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр (гр. gnosis-таным, logos-ұғым, iлiм).
 Гносеология- адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасың, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.
 Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм). Бұл терминмен әдеттей ғылыми таным теориясың белгiлейдi.
 Декарт заманының батысеуропаның философиясында танымды "субъект-объект” арақатынасы негiзiнде қарастырып келе жатыр. Таным субъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк-практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, мұда жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады.
 Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ субъектiнiң өзi де кiредi.
 Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес.
 Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн тандауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетiкалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi.

Фараби трактаттарындағы білім, тәрбие және адамгершілік, гуманизм мәселелері
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу үшін және жақсы өмірдің дұрыс жолын таңдай білу үшін және жаңа мыңжылдықта білімді, тәрбиені, адамгершілікті-ізгідікті дамыту үшін біз әр уақытта, әр дәуірде өзімізге дейінгі өткен идеялар мен қағидаларға сүйенгеніміз жөн. Ондай идеяларды Орта ғасырларда өмір сүрген Батыс пен Шығыстың ғұлама ойшылдары Аверроэсо (Ибн Рушд), Я.А. Коменский, Н.Макиавелли, Ибн Халдун, Ибн Сина, Әл Бируни және т.б. айтты. Осындай ой титандарының бірі-бірегейі, қазақ топырағынан шыққан ғұлама ғалым-философ Әл Фараби еді. Ол сонау Ерте орта ғасырлардың өзінде адамзат ілімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуін, оқу-ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын атап көрсеткен болатын. Фараби идеялары оның 140-тан астам трактаттарының арқауы болды.
 Фараби трактаттарының әрқайсысы өзіндік бір дүние, қағида, теория мен әдіс. Солардың бірі 948жылы Египетте жазылған «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» болып табылады. Ол бұл еңбегінде адам әрекетінің түпкі мақсаттарының бірі—Бақытқа жету деп айта келе, сол бақытқа тек білім мен игілік нәтижесінде ғана жетуге болады дейді.

Философия
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Кіріспе

 «Антик философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын өзнің бастауын б.з.д. VІІ – VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек филсофиясы; эллиндік грек философиясы.
 Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы – философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық фиософиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері бар. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.