Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 61-70 |
Страницы: « 1 2 ... 5 6 7 8 9 ... 64 65 » |
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы | |
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы Негізгі мақсаты: Ортағасырлық діни философия шырмауынан құтылған ғылым, білім, өнер салаларының дамуын зерттеп, қайта өрлеу философиясының мәнін түсіндіру. Негізгі түсініктер: утопия, эстетика, ренессанс, гуманизм, антропоцентризм, пантеизм, концептуализм. 1. Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі. 2. Философиядағы адам проблемасы және космологиялық ілімдер. 3. Қайта өрлеу философиясының көрнекті өкілдері. |
Қоғам және мәдениет. Өркениет | |
1. Қоғам және мәдениет ұғымдарың жиi ұштастырады, бiр мағынада қолданады. Бiрақ бұл дұрыс емес, өйткенi бұлар әр-түрлi екi ұғым болып табылады. Қоғам дамып отыратың тiрi организм ретiнде көпсапалы қатынастарда болатың адамдар жиынтығы болап табылады. Мәдениет феноменiн көптеген ғылымдар зерттейдi, олардың әрқайсысы мәдениетке әр-түрлi тұрғыдаң өз анықтамасың бередi. Солардың iшiнде эвристикалық мәнi бар анықтамалар келесi: |
Қытай философиясы | |
Қытай философиясы Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен: |
Қытай философиясы мен мифындағы адам мәселесі | |
Қытай философиясы мен мифындағы адам мәселесі мен қоршаған дүниенің пайда болуы 1. Қытай философиясындағы адам мәселесі : Қытайда адам табиғатпен, космоспен теңестірілетініне қарамастан , ол Қытай философиясында орталық орынға ие. Қытай философиясының дәсүріне сәйкес қаймағы адам болып табылатын космостық энергиялардың үш түрі. |
Қытай философиясының жалпы түсініктері мен ерекше белгілері | |
Негізгі философиялық доктриналар Қытай философиясының жалпы түсініктері мен ерекше белгілері 1. Қытай философиясының негізгі кезеңдерімен ерекше белгілері. Қытай философиясы. Қытай философиясының дамуынының негізгі кезеңдері. VII б.э.д - III б.э Ежелгі ұлттық философиялық мектептердің қалыптасуы мен тууы. III-XIXб.э –Индиадан Қытайға буддизмнің кіруі және оның ұлттық философиялық мектептердің әсері. XXб.э – қазіргі таңғы кезең Қытай қоғымының үнсіздігінен өту, Қытай философиясының Еуропамен әлем философиясының жетістіктерімен толуы.Қытай философиясында көрсетілген әлем мен қоршаған ортаны қытайша көрудің ерекше белгілері .Өз мемлекеті Өытайды әлемнің орталығы деп қабылдау. Әрбір жеке оқиға,итарихты тұтас циклдық процесс ретінде түсіну.Жерде космостық циклдардың дұрыс іске асуына жер мен көктің алдындағы өз жауапкершілігін түсіну.Адам табиғат пен космосты бір тұтас деп қабылдау.Жеке адамның ұжымнан бөлінбеуі.Табиғи апаттармен күресте және адамның күшсіз екендігін түсіну, еңбектің ұжымдық формаларына көп көніл бөлу , осыдан ұйымдастырушы күш мемлекеттің алдындағы құрмет .Адам тұлғасының, ұжымдық қоғамның , мемлекеттің бір тұтастығын қабылдау, қоғамда өкіметті байланыстардың болуы, субординация, басшылыққа бағыну , мемлекет басшысын, оның билігінің тарауы. |
Құндылықтар және олардың қоғаммен мен адам өміріндеге рөлі | |
Тақырып. Құндылықтар және олардың қоғаммен мен адам өміріндеге рөлі. Негізгі мақсаты: Құндылықтардың қоғамдығы орны мен рөлі, олардың адамдар дағдарыстарынан алып шығатын рухани күші туралы түсініктеме жасау. Негізгі түсініктер: құндылық, аксиология, гуманистік дәстүр, адам, тұлға, мән, тарихи формалар. 1. Құндылықтар жүйесі туралы түсінік. 2. Адам және қоғам өміріндегі идеалдар, нормалар, заңдылықтар логикасы мәні болу шарт. 3. Қоғамның болашағы үшін белгілі бір құндылықтар жүйесі, принциптерінің қалануы тиіс. Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты. |
Өмір - шексіз керуен | |
Ғұмыр қысқа көктемнің гүлдеріндей. Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайберді атамыз: |
Түркі халықтарының Ислам дүниесіндегі орны | |
Исламият алып елдердің, мәселен Әмәуи (661-750), Аббаси (751-1258), Селжүк (1040-1157), Осман (1299-1922) патшалықтары сықылды әлемдiк мемлекеттердің ресми дiнi болған дәуiрде, азат етiлген немесе олжаланған өңiрлердiң тұрғындарын жаппай дiнге енгiзу яки мұсылман болуға зорлау уақиғалары байқалмайды. Әуелi, ғайримұслимдерді мұсылмандандыру туралы қажеттiлiк һәм мемлекеттік саясат болмаған секілді. Бодандар мен қамқорлыққа (вассал) алынған елдерге толық еркiндiк берiлген. Ислам билiгiндегi жөһит, несториан, православ, католик, бұдда дiндерiнiң мансұбтары шат-шадыман өмiр сүрген, олар дiни-рухани өмiрiнiң ең гүлденген дәуiрiне мұсылмандардың жанашырлығының арқасында жеткен. Мисалы, сан ғасырлар бойы Османияның билiгiнде болған Грекия, Бұлғарыстан, Мажарыстан, Сербістан, Рұмыныстан, Әрмәния, Гүржістан (Грузия) сықылды мемлекеттер; Африкадағы мұсылман билеушiлердiң құзырында болған халықтар; Моғолдардың иелiгiнде болған Үндiстан халықтары өз дiнiнен аластатылған емес. Олардың өз дiнiн, тiлiн, әлiппесiн һәм ежелгi салт дәстүрiн емiн-еркiн сақтап келгенi айқын. Мәзкүр (аталмыш) елдерде Исламияттың жайылуы ғасырларға созылған табиғи барыстардан (процесс) кейiн, яғни қабылдаушы адамдардың өз ықтиярымен болғаны байқалады. Мұсылман билеушiлердің әдiлеттiлiгiн көрiп, осы дiннiң мансұбтарының таң қаларлық сипаттарымен танысқан басқа дiн уәкiлдерi аралас-құралас мұсылман қоғамдарын қалыптастырған. 1372 ж. қайтыс болған Ибни Кәсiрдiң "әл-Бидая уән-Ниһәя” атты кiтабында айтуына қарағанда, Мұса Нұсайырұлы Солтүстiк Африка аймақтарын мұсылман билiгiне қосқаннан соң, жергiлiктi халықтар еркiнше иман келтірген /[1]/. Түркiстан өңiрiне Ислам билiгiн әкелген басшылардың аса даңқтысы, ақылгөйі һәм мұжаһиді Ғазы Құтайба Мүслiмұлы едi. Аталмыш кiтаптың 167-бетiнде Ибни Кәсiр былай дейдi: "Құтайба Мүсiлiмұлының еңбегiмен шексiз көп адам мұсылман болды, олардың дәл санын Аллаһ Тағала ғана бiледi! |
Құранды түсіну | |
Құран Кәрім Жаратушы тарапынан күллі адамзатқа және өзінен кейінгі замана атаулыға жіберілген ұқсасы жоқ қасиетті кітап. Құран – ислам дінінің бастауы, бірегей бұлағы. Исламды түсіну үшін Құранды түсіну шарт. Құранды түсінбеген адам исламды да толықтай түсіне алмайды. Құран – Жаратушының мәлімдемесі, хабарламасы, жолдауы. Ол таңдаулы Елші Мұхаммедке (с.а.у.) толықтай түсіріліп болған. Аллаһтың сөздерін өзгерте алатын ешбір құдірет жоқ. Құранды Аллаһ Тағала өз қорғауына алған. Құран дін деп аталатын ұғымға қатысты мәселелер мен мысалдардың, ережелер мен ақпараттың барлығын қамтиды. Онда еш нәрсе де ұмытылмаған. Құраннан өзге кітаптардың барлығы да фәни адамдар тарапынан жазылған яки құрастырылған кітаптар. Олар Құранның орнын баса алмайды яки Құранның бұйрықтарын жоя алмайды. Құран әр нәрсені білуші, шексіз құдірет иесі, шексіз ғылым иесі, теңі-теңдесі жоқ, еш нәрсеге мұқтаж емес, кем сипаттардан ада, тумаған һәм туылмаған, ең әуелгі, ең ақырғы, көрінеу һәм көмес, ұмытпайтын, қалғымайтын, шаршамайтын, ұйықтамайтын, жаратушы Аллаһ Тағаланың кітабы. Онда мін яки кемшілік болуы мүмкін емес, өйткені ол мін яки кемшілік кітаптың иесіне тиесілі болар еді. Ал, ислами ұғым бойынша Жаратушымыздың ондай міні яки кемшіліктері болуы мүмкін емес. Мін мен кемшіліктер фәни адамдарға тән қасиеттер. Сондықтан, фәни адамдардың істерінде, жазған дүниелерінде, ойларында мін яки кемшілік болуы заңды құбылыс. Құранды дұрыс және нақтылы түсіне білу үшін жоғарыда келтірілген тұжырымдама негізінде мына аяттарды келтіруге болады: |
Құрбан айт - ұлттық мереке | |
Құрбандық шалу Құрбан – араб тілінде "жақындау” дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – "шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау” дегенге саяды. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал "ұдһия” деп аталады. Құрбандық шалу мәнісінің кеңдігін ұғыну үшін діннің не екенін, құлшылықтың не үшін жасалатынын жақсы білген жөн. Мына кең-байтақ ғаламды жаратқан Құдіретті Ие жер бетіндегі саналы пенделерін бекерге жаратпаған. Олардың қоғам құрып, дұрыс өмір сүруі үшін тура жол көрсетіп дін жіберген. Қасиетті кітабы Құранда "Мен жындар мен адамдарды (Мені танып), маған ғана құлшылық жасасын деп жараттым” ("Зарият” сүресі, 56-аят) деп білдірген. Демек, құлшылық жасаудың түп мәні – Жасаған Иенің жарлығына бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау. |