Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жексенбі, 22.02.2026
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Биология

В категории материалов: 20
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2

Сортировать по: Күні
ЖЫЛҚЫ МАЛЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТІЛДІК ЕДИНИЦАЛАРДЫ “ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ” ТЕОРИЯСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЗЕРТТЕУ
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Ғылым мен техниканың дамуы ғылымның барлық салаларына, соның ішінде тіл білімінің дамуына да өз әсерін тигізуде. Қазіргі заман талабына сай лингвистикада жаңа бағыттар мен түрлі салалардың негізі салынып, дамып, тіл білімінің зерттеу нысаны кеңейе түсті. Этнолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттаным, паралингвистика, прагмалингвистика тәрізді лингвистика салалары тілді жан-жақты, ғылыми тұрғыда зерттеуге мүмкіндік ашты. Қазақ тіл білімі де жаңа бағыттардағы зерттеулермен толығу, даму үстінде. «Ғаламның тілдік бейнесі» теориясы да өз кезегінде тілдік зерттеулерге негіз болып, тілдің дамуына өз үлесін қосуда.

Динозаврлар
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Динозаврлар

Жаппай жойылудың үлкен мысалдарының бірі ол бор дәуірінің соңында динозаврлардың жойылуы. Динозаврларға бауырмен жорғалаушылардың екі отряды Saurischa және Ornitischa – олар бүкіл мезозой дәуірінде құрлықта тіршілік етті, сол себепті мезозой дәуірін кейде динозаврлар дәуірі деп те атайды.

Мезозой дәуірінде динозаврлар өздерінің өрлеу шыңына жетті. Сол кезде олар екі отрядқа, 25 тұқымдасқа және 200-дей тұқымға жинақталды. Олардың ішінде аса ірілері брантозаврлар мен тиранозаврлар болма, сонымен қатар ең кіші түрлері де болған. Бұл топтар барлық жер шарының құрлықтарында таралып, 100 миллион жыл бойы тіршілік еткен. Содан кейін бор дәуірінің соңында бірнеше миллион жыл ішінде олар мүлдем жойылды.

Адам генетикасы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Адам генетикасының ерекшеліктері. Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен  өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының) болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді.


Фотосинтез
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

(Фото...  және синтез) – жоғары сатыдағы  жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бқледі.

Тері, оның құрылымы, гигиенасы, қызметі
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Терінің маңызы. Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тepi арқылы (термен) бөлініп отырады. Tepi газдардың алмасуына қатысады, оттекті ciңipiп, көмірқышқыл газын бөледі. Tepi сезім мүшесі.

Дискурс
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Дискурс ұғымы XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла бастады. Тұңғыш болып «дискурс» ұғымын Ю. Хабермас өзінің «Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын. Содан бері бұл термин батыстық философияда кең қолданылып жүр. Хабермас «дискурске» мына төмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады — қарым-қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан тұратын идеологиялық тіл. Ондағы идеология деп отырғанымыз жалпы белгілер жүйесі деген мағынада қолданылып отыр.

Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері

Г.Мендель бұршақ өсімдігіне жасаған тәжірибенің негізінде бірнеше заңдылықтар ашқан болатын. Ол кезде клетканың мейоздық бөлінуі, ДНҚ-ның редупликациялануы, тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы және т.б. ашылмаған еді. Кейіннен, цитология ғылымының дамуына байланысты Мендельдің заңдылықтары цитологиялық тұрғыдан қайта қарастырылды.


Гендердің өзара әрекеттесуі
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Гендердің өзара әрекеттесуі

Мендель ашқан заңдылықтардың дұрыс екендігі 1900 жылдан кейін өсімдіктер мен жануарлардың түрлі белгілері мен қасиеттерінің тұқым қуалауына жүргізілген көптеген зерттеулердің нәтижесінде дәлелденді. Мендель анықтаған будан ұрпақтағы белгілердің ажырауының ара қатынасы әрбір ген тек бір белгілердің тұқым қуалауын қуаттаған жағдайда дұрыс болып есептеледі. Мысалы, бір ген бұршақ тұқымының тегіс болуын, екіншісі — кедір-бұдырлығын анықтайды. Сонымен қатар, гендер мен олар анықтайтын белгілердің ара қатынасының күрделі және әр түрлі сипатта болатындығын аңғартатын біраз деректер жинақталды. Біріншіден, бір геннің өзі бірнеше белгіге қатарынан әсер ете алатындығы, екіншіден, бір белгіні кейде бірнеше ген бірігіп анықтайтындығы, яғни бұл жағдайда гендердің өзара әрекеттесетіндігі белгілі болды. Сонымен, организмнің көптеген белгілері мен қасиеттерінің фенотиптік көрінісі онтогенез (жеке даму) кезінде гендердің өзара әрекеттесуімен түсіндіріледі. Гендердің өзара әрекеттесу құбылысының ашылуы генетиканың әрі қарай дамуында маңызды орын алды.

Бруцеллез ауруы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Ж о с п а р:

 

 

1.    Кіріспе

2.    Әдебиетке шолу

3.    Казталовка ауданында мүйізді іріқара бруцеллезін жою шараларын еткізудің күнтізбелік жоспары

4.    Эпизоотологиялық тексеру картасы эпизоотологиялық ошақтар туралы мәліметтер

5.    Жоспарға тусініктеме


БИОСФЕРА МЕН БИОТА ЭВОЛЮЦИЯЛАРЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ, ФАКТОРЛАРЫ МЕН ТРИГГЕРЛЕРІ
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

 БИОСФЕРА МЕН БИОТА ЭВОЛЮЦИЯЛАРЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ,

ФАКТОРЛАРЫ МЕН ТРИГГЕРЛЕРІ

                                            

1 Биологиялық эволюцияның механизмдері

Биологиялық эволюцияның қазіргі заманғы теориясы төмендегілерді бөліп көрсетеді:

 - эволюция басталатын элементарлық құрылымды – яғни жеке особь немесе түр емес, популяция;

 - эволюцияның механизмі, яғни популяцияның генотипінің тұрақты өзгерісі - мутагенезді;

- факторларды – олар негізгі және қосымша болып бөлінетін эволюцияның қозғаушы күштерін;

- триггерлерді - қозғаушы күштердің іске қосу механизмдерін, яғни осы қозғаушы күштерді қозғалысқа келтіретін себептерді.

 Мутациялар – эволюцияның материалдық қайнар көздері. Келесі ұрпақтарда тұқым қуалайтын өзгерістер туғызатын мутациялар организмдердің қасиеттерін, белгілерін, ерекшеліктерін не реакция нормаларын анықтайды. Көбеюдің әдеттегі қалыпты үрдісінде мутациялар аяқ асты пайда болады. Ұрпақ сандарындағы мутациялар саны тұрақты болады. Кездейсоқ пайда болған өзгерістер организм үшін пайдалы болса, тіршілік үшін күресте организмнің тіршілігін сақтап қалуына себін тигізеді. Бірнеше ұрпақтар бойына сақталып, қайталанып отыратын бұндай кездейсоқ өзгерістер тірі организмдер мен олардың популяцияларының құрылымында түбегейлі өзгерістер туғызып, нәтижесінде жаңа түрлер пайда болады.

1-10 11-20