Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сисенбі, 17.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Дінтану

В категории материалов: 18
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 »

Сортировать по: Күні
Түркі халықтарының Ислам дүниесіндегі орны
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Исламият алып елдердің, мәселен Әмәуи (661-750), Аббаси (751-1258), Селжүк (1040-1157), Осман (1299-1922) патшалықтары сықылды әлемдiк мемлекеттердің ресми дiнi болған дәуiрде, азат етiлген немесе олжаланған өңiрлердiң тұрғындарын жаппай дiнге енгiзу яки мұсылман болуға зорлау уақиғалары байқалмайды. Әуелi, ғайримұслимдерді мұсылмандандыру туралы қажеттiлiк һәм мемлекеттік саясат болмаған секілді. Бодандар мен қамқорлыққа (вассал) алынған елдерге толық еркiндiк берiлген. Ислам билiгiндегi жөһит, несториан, православ, католик, бұдда дiндерiнiң мансұбтары шат-шадыман өмiр сүрген, олар дiни-рухани өмiрiнiң ең гүлденген дәуiрiне мұсылмандардың жанашырлығының арқасында жеткен. Мисалы, сан ғасырлар бойы Османияның билiгiнде болған Грекия, Бұлғарыстан, Мажарыстан, Сербістан, Рұмыныстан, Әрмәния, Гүржістан (Грузия) сықылды мемлекеттер; Африкадағы мұсылман билеушiлердiң құзырында болған халықтар; Моғолдардың иелiгiнде болған Үндiстан халықтары өз дiнiнен аластатылған емес. Олардың өз дiнiн, тiлiн, әлiппесiн һәм ежелгi салт дәстүрiн емiн-еркiн сақтап келгенi айқын.
 Мәзкүр (аталмыш) елдерде Исламияттың жайылуы ғасырларға созылған табиғи барыстардан (процесс) кейiн, яғни қабылдаушы адамдардың өз ықтиярымен болғаны байқалады. Мұсылман билеушiлердің әдiлеттiлiгiн көрiп, осы дiннiң мансұбтарының таң қаларлық сипаттарымен танысқан басқа дiн уәкiлдерi аралас-құралас мұсылман қоғамдарын қалыптастырған. 1372 ж. қайтыс болған Ибни Кәсiрдiң "әл-Бидая уән-Ниһәя” атты кiтабында айтуына қарағанда, Мұса Нұсайырұлы Солтүстiк Африка аймақтарын мұсылман билiгiне қосқаннан соң, жергiлiктi халықтар еркiнше иман келтірген /[1]/. Түркiстан өңiрiне Ислам билiгiн әкелген басшылардың аса даңқтысы, ақылгөйі һәм мұжаһиді Ғазы Құтайба Мүслiмұлы едi. Аталмыш кiтаптың 167-бетiнде Ибни Кәсiр былай дейдi: "Құтайба Мүсiлiмұлының еңбегiмен шексiз көп адам мұсылман болды, олардың дәл санын Аллаһ Тағала ғана бiледi!

Құранды түсіну
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Құран Кәрім Жаратушы тарапынан күллі адамзатқа және өзінен кейінгі замана атаулыға жіберілген ұқсасы жоқ қасиетті кітап. Құран – ислам дінінің бастауы, бірегей бұлағы. Исламды түсіну үшін Құранды түсіну шарт. Құранды түсінбеген адам исламды да толықтай түсіне алмайды. Құран – Жаратушының мәлімдемесі, хабарламасы, жолдауы. Ол таңдаулы Елші Мұхаммедке (с.а.у.) толықтай түсіріліп болған. Аллаһтың сөздерін өзгерте алатын ешбір құдірет жоқ. Құранды Аллаһ Тағала өз қорғауына алған. Құран дін деп аталатын ұғымға қатысты мәселелер мен мысалдардың, ережелер мен ақпараттың барлығын қамтиды. Онда еш нәрсе де ұмытылмаған. Құраннан өзге кітаптардың барлығы да фәни адамдар тарапынан жазылған яки құрастырылған кітаптар. Олар Құранның орнын баса алмайды яки Құранның бұйрықтарын жоя алмайды. Құран әр нәрсені білуші, шексіз құдірет иесі, шексіз ғылым иесі, теңі-теңдесі жоқ, еш нәрсеге мұқтаж емес, кем сипаттардан ада, тумаған һәм туылмаған, ең әуелгі, ең ақырғы, көрінеу һәм көмес, ұмытпайтын, қалғымайтын, шаршамайтын, ұйықтамайтын, жаратушы Аллаһ Тағаланың кітабы. Онда мін яки кемшілік болуы мүмкін емес, өйткені ол мін яки кемшілік кітаптың иесіне тиесілі болар еді. Ал, ислами ұғым бойынша Жаратушымыздың ондай міні яки кемшіліктері болуы мүмкін емес. Мін мен кемшіліктер фәни адамдарға тән қасиеттер. Сондықтан, фәни адамдардың істерінде, жазған дүниелерінде, ойларында мін яки кемшілік болуы заңды құбылыс.
 Құранды дұрыс және нақтылы түсіне білу үшін жоғарыда келтірілген тұжырымдама негізінде мына аяттарды келтіруге болады:

Құрбан айт - ұлттық мереке
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Құрбандық шалу
 Құрбан – араб тілінде "жақындау” дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – "шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау” дегенге саяды. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал "ұдһия” деп аталады.
 Құрбандық шалу мәнісінің кеңдігін ұғыну үшін діннің не екенін, құлшылықтың не үшін жасалатынын жақсы білген жөн. Мына кең-байтақ ғаламды жаратқан Құдіретті Ие жер бетіндегі саналы пенделерін бекерге жаратпаған. Олардың қоғам құрып, дұрыс өмір сүруі үшін тура жол көрсетіп дін жіберген. Қасиетті кітабы Құранда "Мен жындар мен адамдарды (Мені танып), маған ғана құлшылық жасасын деп жараттым” ("Зарият” сүресі, 56-аят) деп білдірген. Демек, құлшылық жасаудың түп мәні – Жасаған Иенің жарлығына бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау.

Ұлт және дін
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Қоғам – адам баласын басқа махлұқаттан даралайтын басты қасиеттің бірі. Жеке тұлғалардан (фәрдтер) құралатын адам қоғамы кейде тұрақты әлеуметтік сипат танытса, кейде экономикалық (ықтисади), саяси һәм әлеуметтік (ижтимағи) өзгерістер салдарынан кернеулі де тұрақсыз кейіп танытады. Сойылынан қан тамған Кеңес империясының құрдымға кетуімен басталған әлеуметтік өзгерістер мен дағдарыстар зобалаңы біздің елімізді де шарппай қойған жоқ. Соңғы 10 жылдың көлемінде елімізде менталитет, ой-сана, тәрбие, сенім, дағды жағынан жаңа қоғам – Қазақыстан қоғамы қалыптасуда. Қазақыстан азаматтары – Қазақыстан қоғамын қалыптастыратын фәрдтер. Ықтисадтық, демографиялық, психологиялық, саяси, әлеуметтік өзгерістер әбден күшейген осы кезеңде фәрдтерге (жеке адамдарға) назар аударып, олардың аумалы-төкпелі кезеңді шығынсыз һәм жарақатсыз өткізуіне көмектесуіміз ләзім. Бұл біздің еліміздің келешектегі өміріне тікелей тәсір ететін жағдай. Біздің осы мақаладағы мақсатымыз – өтпелі кезеңдегі фәрд пен қоғамның әлеуметтік мәселелерінің шешілуіндегі діннің рөлін, маңызды орнын талдамақ.

Ұлттың болашағы - діни бірлігімізде
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

«Бізді тура жолға баста! Ізгілік бергендеріңнің жолына!
 Ашуға ұшырағандар мен адасқандардың жолына емес!» (Фатиха сүресі)

 Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің көптеген уағызшылары үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні Қазақстанда 46 діни конфессия тіркеуден өткен екен. Бұл дәстүрлі дініміз исламнан тыс 45 конфессия тағы бар деген сөз. Еліміз зайырлы, құқықтық және демократиялық мемлекет. Бізде діни сенім және ар-ождан бостандығы бар. Заңдарымызда белгілі тәртіппен елге келген миссионерлердің діни үгіт-насихат жасауына рұқсат етілген. Азаматтар заңда көрсетілген ережелерді сақтай отырып, діни бірлестіктер құра алады, ғибадатханалар аша алады.
 Әрине, жоғарыда келтірілген құқықтар мен бостандықтар әр демократиялық, зайырлы елде болуға тиісті шарттар. Дегенмен, еліміздің демографиялық, гео-саяси және гео-экономикалық жағдайын есепке алғанда, осыншама көп конфессияның ұлттық тұтастығымызға, еліміздің бүтіндігіне, ұлтымыздың болашағына нұқсан тигізуі ықтимал ма, деген заңды сұрақ мазалайды. Діндер тарихын зерттеген мамандар діни сезімдердің адамдарды біріктіруде қандастық, жерлестік, руластық, нәсілдестік қатарлы факторлардың бәрінен де күшті болғанын дәлелдеген. Демек, қоғамның алуан дінге бөлінуі ұлтты ұйымдастыратын байланыстарды әлсіздендіретін және әлеуметтік бейбітшілікті бұзатын қауіпті фактор. Жалпы, адамзат тарихы дінге бөлінушілік және діни өшпенділік салдарынан туындаған қақтығыстар мен дағдарыстарға толы.

Тараз – ежелгi ислам мәдениетi орталығы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Тараз – ежелгi ислам мәдениетi орталығы

 Қазақстан тарихы терең, мәдениеті бай мемлекет. Егемендікке қол жеткізгелі бері халқымыздың еңсесі көтеріліп, дініміз бен рухани мәдениетіміздің жарық салалары өркендеп келеді. Қазақ тілінің мәртебесі де өз топырағында күн өткен сайын өсуде. Міне, орта ғасырлардағы Қазақстанның руханият, білім, мәдениет және сауда орталықтарының бірі болған әфсанауи Тараз шаһарының 2000 жылдық тойы еліміздегі Исламның таралу тарихын зерттеп келе жатқан маған да айрықша әсер етіп, ерекше сезімге баулыды. Сол себепті, қазақ жеріндегі ежелгі Ислам мәдениетінің алтын бесігінің бірі, мүмкін бастысы болған Тараз туралы ойларымды оқырмандармен бөліскім келді.

Исламтану және ислам философиясы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Тәухид нанымы негiзiндегi ислам дiнi уә мәдениетiн, әдебиетi уә өркениетiн зерттейтiн ғылымдардың жыйынтық аты. «Аллаһ Тағалаға тәсiлiм болу, берiлу, мойынсұну; сәлеметтiлiкте һәм бейбiтшiлiкте болу» мағыналарындағы «ислам» сөзi Құран Кәрiмдегi көптеген аяттарда кезiгедi. Мәселен; «Аллаһтың хұзырындағы бiрегей хақ дiн – ислам-дүр» (3/19), «Бүгiн сендерге дiндерiңдi кәмiл қылдым, сендерге нығметiмдi тәмам еттiм және сендерге исламның ғана дiн болуына разы болдым» (5/3), «Аллаһ кiмдi тура жолға салғысы келсе, оның жүрегiн исламға ашады» (6/125).
 Исламтанудың дінді зерттейтiн ғылым салалары (дiн ғылымдары) мыналар;
 1-АҚИДА: «Иғтиқад» деп те аталатын бұл сала иманның негiздерiн, дiннiң сипаттары мен пайдаларын, ислами иманның шарттарын, Аллаһ Тағаланың сипаттарын т.т. зерттейдi. Осы саланың белгiлi тұлғалары Әбу Мансұр Мұхаммед әл-Матұриди (уаф. 944) және Әбу әл-Хасан Әли Исмаилұлы әл-Әшари (873-936).
 2-ФИҚҺ: Ислам құқығын зерттейтiн ғылым. Фиқһта негiзiнен төрт сала қарастырылады;
 ғибадат – исламның бес парызы деп аталатын намаз, ораза, хажылық және зекет сияқты ғибадаттарға тән мәселелер;

Ислам әлемінің мәдениеті
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Ислам әлемінің мәдениеті
 1.Ортағасырдағы Еуропа мәдениеті: христиандық ортағасыр мәдениетінің негізі.
 2. Қайта өрлеу мәдениетіндегі адам және гуманизм идеалдары.
 3. Жаңа заманның мәдениқұндылық бағдарламалары.
 Өзінің табиғаттағы жағынан сан қырлы, әрі жан – жақты болып келетін христиан мәдениеті – Иисус Христос дінін қабылдаған барлық халықтарға тән мәдениет болып саналады. Христиан діні б.з.б. 1 ғасырда құдыретті Рим империясының шығысында қалыптасты. Алғашқы кезде буддизмнің бір тармағы ретінде пайда болған бұл дін б.з.б. 50 – шы жылдары қасиетті Павелдың арқасында миссионерлік дін дәрежесіне жетті.

Ислам діні және Қазақстан Республикасы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді,» /1/ — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады... /2/
 Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардың бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты.

Ислам - әлемдегі бейбітшіліктің кепілі
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Өткен жолғы (Ислам және өркениет газеті, №4 Сәуір, 2001 ж.) «Дiни экстремизм мен терроризм» деп аталатын мақаламда хақ дін исламның Батыс елдерінде пайда болған әлеуметтік аурулар уә саяси конспирациялармен ешқандай байланысының жоқ екенін көрсетіп едім. Ислам діні адамның ойлау қабілетін, ақылын, иманын, адами абыройын, жанұя ұйымы мен қоғамды сақтап, әлеуметтік әділеттілікті көздейтін дін. Бұған қарамастан, соңғы жылдары бейбітшілік діні исламды әлемдік бейбітшілікке үлкен қауіп төндіретін террористерді өндіретін дін ретінде көрсету үрдісі күшеюде. Кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаткерлер, әскери басшылар, ықпалды іскер топтар уә қаржы бұлақтарын меңгеруші күштер ислам дінін қаралау науқанын ұйымдастырғандай. АҚШ-тың екі үлкен қаласында 11 қыркүйек 2001 ж. болған және кім тарапынан, не үшін ұйымдастырылғаны әлі нақтылы әшкереленбеген уақиғалар, өкінішке қарай ислам дінін қаралап, мұсылмандарға шабуыл жасау үшін қолданылуда. Ақпарат көздерінің айтуына қарағанда АҚШ, Англия, Германия, Франция қатарлы Батыстың көптеген дамыған (!) һәм демкоратиялық (!) елдерінде мұсылмандарға, мешіттер мен ислам мәдениет орталықтарына бомбалы шабуылдар жасалған, ондаған бейкүнә мұсылмандар тек мұсылман болғандықтары үшін өлтірілген, кейбір долыланған адамдар мұсылман әйелдердің жаулықтарын басынан жұлып алған т.т. Заманауи заң жүйесінде еш орны жоқ бұл сорақылықтың негізінде мұсылмандарға деген өшпенділіктің, Батыс өркениеті мен нәсілдерінің үстемдігін жақтайтын күштер және мұсылмандар мен христиандарды бір-біріне айдап салғысы келетін енді біреулердің мақсаттары бар. Әйтпесе, ислам шариғаты мен заманауи Батыс құқық жүйесі бойынша «біреудің күнәсін басқа біреу көтермейді» деген қағида бар. Әркім өзінің жасаған қылмыстарына өзі жауап беруі керек, бейкүнә адамдарды жазалау қылмысты жоймайды.

1-10 11-18