Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сисенбі, 17.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Дінтану

В категории материалов: 18
Показано материалов: 11-18
Страницы: « 1 2

Сортировать по: Күні
Ислам
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Жаратушы ұлық тәңiр Аллах Тағалаға иманды және мойынсұнуды бiлдiретiн нағыз бiртәңiрлi (монотеист) тәухид нанымы негiзiнде пайғамбарымыз Мұхаммед Абдұллаһұлы (с.а.у., 569-632) тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа түсiндiрiлген әлемдiк дiн. Ислам барлық болмыс пен фәни адам өмiрiндегi ең маңызды ұғымдардың бiрi. Ислами ұғымда бұл дiн абсолюттi құдiрет иесi Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейiнгi барлық адамзатқа және заманаға жiберiлген дiн. Ислам – ақыл иелерi мен күллi махлұқаттың (жаратылыстың) ұлық Жаратушының құдiретiне тәсiлiм болуының, мойынсұнуының және дүниедегi өмiрдi белгiлi бiр тәртiпке келтiретiн құдайы жүйенiң, яғни пенде мен Аллаһтың арасындағы байланыстың аты. Ислам сөзiнiң түбiрi арабшадағы «сәлиме», «силм» етiстiгi. Бұлар және осы түбiрден жасалған «сәлм», «сәлам», «әслеме» сөздерi сөздiкте бейбiтшiлiк, тыныштық, амандық, татулық, келiсiм, мойынсұну, тәсiлiм болу, берiлу, сәлеметтiлiк, сенiмдiлiк дегендi бiлдiредi. Қысқаша айтқанда, «сәлиме» етiстiгi бейбiтшiлiктi қалайтын бiр биiк күшке, билiкке бағынып, оны құрметпен қабылдай отырып, оған бас июдi, тыныштық һәм амандыққа берiлудi және осы мәртебенi жалғастыру үшiн қажеттi iстердi жүзеге асыруды бiлдiредi. Мұсылмандардың қасиеттi кiтабы Құран Кәрiмде жәннет туралы «дар әс-сәлам», яғни «тыныштық өлкесi» делiнген (Құран Кәрім 10/25). Себебi, мұсылман ұғымындағы жәннет әр түрлi қауiп-қатерден ада, толық бақыт пен қуаныштың мекенi. Құран Кәрiмдегi Аллаһ Тағаланың есiмдерiнiң бiрi «әл-Сәлам», яғни әр түрлi кемшiлiктерден ада, толық бейбiтшiлiктi ұсынушы һәм өзiне мойынсұнылатын дегендi бiлдiредi.

Заманауи тұлғалардың ислам дінін қабылдау себептері
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Ғылым және информация ғасыры деп аталған өткен жүз жылда дамыған мемлекеттердiң азаматтарынан бек көп адам ислам дiнiн өз еркiмен қабылдаған. Олардың iшiнен әлемге аты мәшһүр боксшы Мұхаммед Әли (1942- ) мен өткен ораза айында мұсылмандықты қабылдаған Италия мемлекетiнiң Сауди Арабыстандағы 60 жасар елшiсi Торкуато Кардеилли (Torquato Cardeilli, 1942- ) мырзаны айтуға болады. Бұларға қоса әлемдiк деңгейдегi философтар, физикашылар мен химияшылар, тарихшылар мен әлеуметтанушылар, экономистер мен дiнтанушылар бiр-бiрлеп хақ дiн исламды қабылдауда. Батыс елдерiнiң кейбiр қатардағы азаматтары да, баспасөзде аттары аталмағанымен, кәлима айтып, мұсылмандардың санатына кiруде. Елiмiздегi ислами үгiт-насихаттың мешеулiгiне қарамастан, бiзде де орыс, грузин, кәрiс, неміс халықтары уәкiлдерiнiң бiр сыпырасы мұсылман болды. Осындай жағдайда, нелiктен дүние жүзi халықтарыны ислам дiнiн жаппай қабылдап жатыр, деген сұрақ пайда болады. Адамдардың өзге дiндер мен наным-сенiмдердi тастап, мұсылмандықты қабылдауы әр жеке тұлға үшiн өмiрлiк маңызы бар уақиға, радикалды өзгерiс. Сондықтан, заманауи тұлғалардың хақ дiнiмiздi қабылдауындағы басты себептерге талдау жасауды жөн көрдiк, ағайын.

Жұма күнінің әдептері
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Әрбір мұсылман жұма күнінің фазилеті мен ерекшелігін біліп сезінгені дұрыс . Жұма күні – күндердің ең абзалы әрі мұсылмандардың мейрамы болып есептелінеді . Сонымен қатар бұл күні жұма намазы оқылады . Егер мұсылман бұл күнді және жұма намазды қадірлеп , әдептерін ұстанса Аллаһ оның сауабын арттырып , күніларын кешіреді . Бұл күнде бір сәт бар . Егер мұсылман пенде сол сәтте Раббысынан намаз оқыған күйінде қажетін сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді . Пайғамбарымыздан( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) жеткен бір хадисте былай делінген :
 Күндердің ең абзалы жұма күні . Бұл күні Адам атамыз жаратылған . Және осы күні жаннатқа кіргізілген . Әрі осы күні одан шығарылған . Қиямет те осы жұма күні болады .
 /Абу Һурайрадан Муслим риуаят еткен ./

Діннің қазіргі Қазақстандағы атқаратын рөлі
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

ДІННІҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДА АТҚАРАТЫН РӨЛІ
 Діннің шығуы туралы. Әлемдік діндер. Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалып¬тасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, заттар мен идея¬лардың, әрекеттердің жиынтығы. Дін ұғымы – мейлінше аумақты, көп нәрселерді қамтитың кең ұғым, жаратылыстан тыс бір кереметке сену (құдай, тәңір), дүниеде болып жататын алуан түрлі құбылыстар арасында бір сиқырлы сыр бар деп түсініп, соған нану (магия, тотемизм), кейбір заттарда, табиғат¬та жоқ қасиеттер бар деп түсініп, оларды кие тұту (фетшизм).

Діни экстремизм мен терроризм
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірін оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда. Хақ дін Исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында өзімнің ойларымды былайша түсіндіргім келеді.
 Исламият адам және табиғат жаратылысымен толық санасатын, адамның тумысынан пайда болған қажеттіліктерін жауыз санамайтын, оларды дұрыс һәм қажетті деп көретін нағыз орта жол. Мәселен, үйлену, жеп-ішу, жұмыс істеу, байлық тілеу, меншік жинау, араласу, ғылым іздену, тазалық, жыныси қажеттер т.т. осылардың күллісі де жұмыр басты пенденің бәріне қажетті нәрселер. Ислам жыныстық қатынасты шектемейді, не болмаса дін жолында жүрмек болғандар үйленбесін, жанұялы болмасын демейді, қайта, үйленуді, балалы-шағалы болуды, жанұя мен қоғамды сақтауды насихаттайды. Тек, адамның жаратылысымен пайда болған әр түрлі қажеттіліктерін халал жолмен табуды, қанағаттандыруды бұйырады. Сондықтан, зинақорлық, өсімқорлық, маскүнемдік, нашақорлық сықылды жат қылықтарды лағынеттейді.

Дін және мәдениет
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.) дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық.
 Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды (мысалға Э.Б. Тайлор, Леслие Уайт, Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц Боаз, Бронислав Малиновский, Уиллиам Хавиланд қатарлы ғалымдардың еңбектерін айтуға болады – М.Б.). Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени һәм экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін осы салаларға бағыт-бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғам құрылымының анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады.

Араб халифаты және Исламның таралуы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы қазан айындағы "Қазақстан – 2030” деген халыққа арналған Жолдауында бұл міндеттер айқын тұжырымдалған. Осындай жауапты да күрделі міндеттерді табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси – экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі билік құруы мәселелерін жете зерттеп, олардың үлгісінен тағлым алудың маңызы зор.
 Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы – бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.

Адастырушы діни ағымдар
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Бүгінгі археология, антропология ғылымдары діни сенім-наным жолдары мен жүйелерінің тым ерте дәуірлерден бері адамзаттың даму, өркендеу және кемелдену барысымен біте қайнаса жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Кейбір биохимия және генетика саласы ғалымдары (Rebecca Cann, Mark Stoneking, Douglas Wallace) дүниежүзінің көптеген аймақтарындағы адам нәсілдерінің генетикалық ерекшеліктерін салыстыра отырып, бүгінгі адамзаттың түр-тұқиянында бір атадан тарағаны туралы қорытынды жасаған. АҚШ-тағы Станфорд университеті профессорларынан Луиги Лука Кавалли-Сфорза (Luigi Luca Cavalli-Sforza) және әріптестері 40 жыл бойы дүниежүзіндегі 5 мыңдай тілді зерттей келе, оларды ірілі-ұсақты 17 топқа бөліп, түп негізінде барлық тілдер бір көне тілден тараған деген тұжырымға келген. АҚШ Коломбия университетінен Ральф Солеки (Ralph Solecki) Солтүстік Ирақтағы Шанидар (Shanidar) үңгірінде 1957 жылы жүргізген қазба жұмыстарында табылған заттар осыдан 60 мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адамдарының діни нанымының болғандығын дәлелдеген (көбірек мәлімет үшін мына еңбекті оқыңыз: Roger Lewin, The Origin of Modern Humans, W.H. Freeman and Co., New York, 1993).

1-10 11-18