Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 20.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

В категории материалов: 215
Показано материалов: 111-120
Страницы: « 1 2 ... 10 11 12 13 14 ... 21 22 »

Сортировать по: Күні
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
 құрамы мен құрылымы

 Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар— бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер төлемақыларды есептеу және рәсімдеу әдістері
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Кіріспе
 Кез келген басқа экономикалық категория сияқты, мемлекеттiк бюджет өндiрiстiк қатынастарыды бейнелеп, соған лайық метериалдық –заттық көрiнiс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында –бюджет қорында заттанады. Нәтижесiнде қоғамда жүрiп жатқан нақты экономикалық процестерi мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрiнедi. Бюджет –қоры қоғамдық өнiммен ұлттық табыстың құндық бөлiнiсiнiң тиiстi кезеңдерiнен өтiп, ұдайы өндiрiстi ұлғайтып, халыққа әлеуметтiк- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнiнде қажеттердi қанағаттандыру үшiн мемлекет қарамағына түскен бөлiгiнiң объективтi алғы-шарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесiн бiлдiредi.

Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

Нақты қызмет саласындағы «Строй – Сервис Астана»
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңін басынан өткеріп жатыр. Микро деңгейде бұл кезең экономикалық субъектілердің іскерлік бағыттары мен шарттарының өзгерісімен сипатталады. Кәсіпорындар мен фирмаларда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезінде негізгі құрамдастарының бірі – маркетингті басқару жүйесі. Қазақстанда маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлемдік маркетингті басқарудың теориясы мен практикасының тенденциялары- мен анықталады. Маркетингті басқару – бұл табыс табу, өткізудің көлемін өсіру, нарық бөлігін жоғарылату сияқты мекеменің алдына қойған мақсаттарына жету үшін мақсатты сатып алушылармен пайдалы алмастыруларды белгілеу, нығайту және қолдау шараларын талдау, жоспарлау және оларды жүзеге асыруды бақылау.

Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

"Негізгі құралдар” бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе запастағы негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетілед. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорыннң меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны және тозуы және қалдық құны жеке–жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіруқұнына дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағалағаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады (яғни қалпына келтіру құны баланстық құнға айналады).
 Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі.Сонымен, баланстық "Негізгі құралдар"-ды толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет: "Жер”, "Үйлер мен ғимараттар

Несие туралы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Кіріспе

 Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
 Құнның қозғалысы — бұл несиенiң қозғалысының кiндiгiн сипапайды. Несиелiк Қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын жатқызуға болады.
 Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қараганда бұган негiз де бар сияқты. Себебi, қазiргi шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай түрде берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң әр түрлi ұғымды бiлдiрiп, әр түрлi қатынастарды түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды.
 Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бiр санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа ие.
 Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

   Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік операциялар – қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген олқылықтар банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom, Tyco сияқты ірі банктер мен басқа да корпорациялардың құлдырауына әкелді. Банктер несие тәуекелділігінен сақтанудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін төмендету мен алдын алудың бірден-бір жолы - қарыз алушы тұлғаның төлем және несие қабілеттілігін дұрыс анықтау. Несие қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс деп санаймыз.

Несие, оның мәні мен қызметтері
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
 Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді;
 Несиенің мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалас сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.
 Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт – құрылым. Өзге экномикалық категориялар сияқты несиеде бір – бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай – ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Пайданы Бөлудің мәні мен принциптері
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

МАЗМҰНЫ

 КІРІСПЕ

 1 ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
 1.1 Пайданың мәні, мазұмұны
 1.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері
 2 ҚР ПАЙДАНЫ БӨЛУДІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
 2.1 ҚР Пайданы бөлудің қажеттілігі
 2.2 Пайда нысаныдары және олардың жолдары

 ҚОРЫТЫНДЫ


Патент негізінде жұмыс жасайты кәсіпкерлік қызметте салық салуды есептесу және талдау
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Курстық жұмыстың негізгі тақырыбы – патент болып табылады. Ең бірінші салыққа түсініктеме беріп, содан соң оның арнайы түрлеріне тоқталайық.
 Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономиккада елеулі өзгерістер орын алды. ҚСРО–ның құлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жаңа өндірістер нысаны мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды.Срның ең бір негізгісі болып салық жүйесі табылады.
 Салық – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген белгілі бір мөлшерде жүргізілетін қайтарымсыз түрде болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлем.
 Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілері мен азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынасы.
 Енді біз салықтың арнайы режимдеріне жататын патент негізінде жүргізілетін салық түріне тоқтала кетсек.Бұған байланысты жасалынған схемаға көңіл аударайық.
 Бұл схема арқылы біз арнаулы салық режимдерін кімдер төлейтінін анық көреміз.
 Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат.
 Патенттеу негізгі қызметі – жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.
 Патенттеу мақсаты – сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.