Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 20.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

В категории материалов: 215
Показано материалов: 101-110
Страницы: « 1 2 ... 9 10 11 12 13 ... 21 22 »

Сортировать по: Күні
Мүлік салығындағы жеңілдіктер
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Кiрiспе

 Салық-халық несiбесi. Бүгiнгi күнi осы бiр ұғымды қатардағы еңбек адамынан бастап салықшылардың өздерiне дейiн қағидаға айналдырып алған сияқты. Қалай десек те бюджет байлығы салық түсiмiне келiп тұр. Бұл ел экономикасына әсер ететiн фактор.
 Нарықтық қатынастар жағдайында салықтар мемлекеттi қаржыланды-ру қызметi және аппаратын ұстайтын негiзгi қайнар көзi болып табылады.
 Мемлекет салықтарды пайдалана отырып, елде болып жатқан экономикалық процестерге активтi тұрде қатыса алады. Салықтар есебiнен жиналған ақшалай қаржылар, мемлекетке әлеуметтiк саясат жүргiзуге мүмкiндiк бередi, соның iшiнде өзiнiң өмiр сүру денгейiн минималды денгейде қамтамасыз ете алатын халық топтарына материалды көмек көрсету мүмкiндiгi бар.

Микроэкономика
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Кіріспе
 «Макроэкономика» пәні экономикалық оқу орындарында оқытылатын негізгі теориялық базалық курстың бірі болып есептеледі.
 Макроэкономика ғылым ретіңде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді.
 Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс - әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады.

Меншікті капитал
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Кіріспе.

 Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.
 Қоғамдық дамудың нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.
 Қазіргі нарықтық экономикаға көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер жылдан - жылға ауқымдырақ болып келеді. Соған сәйкес қазіргі кезде мемлекет, шаруашылық субъектісі мен жеке тұлғалар арасындағы экономикалық қарым - қатынастар жаңа сипат алып отыр. Бұл сипаттың негізі – пайда табу. Еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олар өндірістік, қызмет көрсету, қаржылық іс - әрекетпен айналысу үшін өзін - өзі қаржыландыру принципіне негізделуі тиіс. Ал бұл шаруашылық субъектілердің өздерінің жаңа құрған кәсіпорындарына өмір сүру үшін салым, жарна, пай салу арқылы тыныс берулері болып табылады. Ал бұл жағдай бухгалтерлік есептің «Капитал мен резервтер» атты бөлімінде талданады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында субъект күрделі экономикалық әрі сенімді ақпараттық басқару жүйесін қалыптастыруды қалайды. Кәсіпорынның меншікті капиталының қалыптасуын ұйымдастырудағы қағидалары қазақстандық бухгалтерлік есеп және халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастыруды қажет етеді. Сонымен қатар, меншікті капитал кәсіпорынның қаржылық нәтижесін көрсеткендіктен ол жылдық қаржылық есеп беруде, яғни бухгалтерлік баланста және меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп беруде толық талданады.

Меншікке салынатын салық
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Нарықтық экономиканы тереңдету, қоғамдық өмiрiмiзге әрқилы жаңаша өзгерiстер енгiзе отырып, өзiнiң талабын қойып келедi. Президентiмiздiң "Қазақстан-2030” халқымызға арналған жолдауында елiмiздiң экономикалық болашағына айрықша назар аударған. Мұнда көрсетiлген мүмкiндiктер табалдырығына бiз қалай жетемiз? Бұл ретте Елбасының "Қазақстан-2030” жолдауында қойып отырғандай "Егер салық пен жарналарды толық жинай алмасақ, өзiмiздi бiз қуатты мемлекет ретiнде сезiне аламыз ба”-деген сұрағына ерекше көңiл аудару керек.
 Салық мемлекеттiк құрылымның негiзгi мемлекеттiң тұрақты қаржы көзi, мелекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде мiндеттi төлемдер. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен қалыптасады және мемлекеттiк бюджеттiң дамуының негiзi көзi болады. Ал, әлемнiң дамыған елдерiнде салықтар-экономикалық процестi жанама реттеудiң тиiмдi құрамдарының бiрi болып табылады. Сонымен салықтар қазынаны толтырып қана қоймай, өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы рөлiн атқару қажет. Олар кәсiпкерлiкке деген ынталы тежеу механизмi болып келмей керiсiнше, оның тиiмдi әрекет етуiнiң бiрден-бiр факторларының ролiн атқарады.

Менеджмент жүйесі туралы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТІ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардыңң тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.
 Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы болады, онда осы пәнге тән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады.
 Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру және тіртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент – басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналыфсатын пәні басқару үрдісінідегі адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар.
 Менеджментті кәсіпкерлік іс-қызметтің түрі деп қарастыруға да болады. Осы көзқарасқа қарай менеджментті алдын-ала белгіленген экономикалық нәтижеге жеті үшін адамдардың күш-қуатын нысаналы түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс-қызметтің бір түрі деп түсінген дұрыс.

Мемлекеттің қаржы жүйесі мемлекеттік бюджеттің теориялық негiзi
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттің орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
 Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттің бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. Бюджет механизiмi -мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалыры мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының дамуы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Мемлекеттің ақша-несие саясатының дамуы.

 Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ
 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ - жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Қордың Жарғылық капиталы республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады және 45 950 000 теңгені құрайды. Қордың жарғылық капиталын көбейту Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен соттың немесе жалғыз акционердің шешімі негізінде жүргізілуі мүмкін.

Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы мемлекеттік баж
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемле- кеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт - мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі он жылдан астам уақыт бойы әрекет етуде және де осы уақытқа дейін қатаң сынаудың обьектісі болуын жалғастырып келеді. Еліміздің жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның, әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады.
 Жалпы бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі мемлекеттік баждың мәнін ашу, оның бюджетке деген үлесін анықтау, қажеттілігін айқындау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру. Осы мақсатқа сүйене отырып біз келесідей шаралар жиынын құрғанымыз жөн:
  салықтың маңызы мен мәнін ашу;

Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кедендік алымдар
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Кеденнiң аса бiр маңызды мiндетi- кедендiк алым - салық жинау. Мекеменiң экономикалық бағытын анықтайтын ерекше мiндетi болғандықтан сондай-ақ,, бюджетке кiретiн табыстың едәуiр бөлiгi алым - салықтан түседi. Кемелiне жеткен елдерде оның мөлшерi 20-25%, ал жаңа өркендей бастаған елдерде 80%-ке дейiн барады.
 Бiздiң кеден саясатымыз Қазақстан Республикасының "Кедендiк тарих және алым - салық" Заңына, сыртқы экономикалық қарым - қатынас мәселесiне арналған Республика Президентiнiң жарлығы мен үкiмет шешiмдерi мен негiзделген. Ал сапасыз импортқа келетiн болсақ оған тосқауыл жасауға кеденнiң шамасы жетедi, мәселен бiз шетел арағына жанама және шекара салығын өсiрдiк те тұтынушылар мен арақ-шарап өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындарының мүддесiн қорғап отырмыз.
 Қазақстан Республикасында қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бiрлiгi кедендiк баждың өзiндiк ерекше ставкалары белгiленген тауарлар бойынша кедендiк баждар салуға араналған база болып табылады.