Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 20.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

В категории материалов: 215
Показано материалов: 81-90
Страницы: « 1 2 ... 7 8 9 10 11 ... 21 22 »

Сортировать по: Күні
Коммерциялық емес ұйымдар
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

КІРІСПЕ

 Кәсiпорын экономиканың негiзгi буыны ретiнде меншік нысандары мен шаруашылық жүргiзудiн әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезiнде жұмыс iстейдi.
 Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң нәтижелерiне әкеп соғады.
 Меншiк нысандарына қарай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қорларын қалыптастырудың ерекшелiктерi болады. Мысалы, өндiрiстiк кәсiпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебiнен құрылады; меншіктi көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелерi; бағалы қағаздар шығарудан тусетiн қаражаттар; мемлекеттiк кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздерi қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерiнiң үлестiк жарналарының қаражаттары. Практикада көбiнесе меншiктiң аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздерi бойынша оларды құрудың аралас нысандары көздеседi. Мысалы, негiзгi құралдар мен айналымдағы активтердiң үлкен бөлiгi мемлекетке жататын мемлекеттiк кооперативтерде қызметкерлердiң үлестiк жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлiк қоғамдарда да осылай.

Коммерциялық фирмалар туралы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

І. Коммерциялық фирмалар және оны басқару құрылымы.

 Коммерциялық кәсіпорындар мен фирмалар түрі.

 Коммерциялық кәсіпорындарды және фирмаларды өндірушілер мен тұтынушылармен экономикалық өзара байланыстарының мінездемесі бойынша бірнеше түрге бөлуге болады.
 1. Коммерциялық ұйымдар, тауарларды өндірушілердің қатарына кіретін, тауарды өткізу және сатып алушы қызметтерін атқаратын. Жекешелендіру процесі нәтижесінде Қазақстанның сыртқы және ішкі экономикасында қызмет ететін фирмалар.
 Әдетте олар кәсіпорынның бөлімшелері болып келеді. Олардың қызметі басшылық ұйымдардың бағынышында болады. Кей жағдайларда бұндай ұйымдарға табыстық және шығындық есептерін жүргізуге дербестік беріледі, бірақ жалпы кәсіпорынның нәтижесінің балансында көрініс табады. Оларды дербес заңды тұлға ретінде қарастыруға болмайды, сонымен қатар олар делдалдар да бола алмайды. Ұйымдармен сатып алу мен сату келісім-шарттары заңды түрде жасалмайды, бірақ бақылаушы кәсіпорын тарапынан бағынышты түрінде жүргізіледі. Қызметтерінің нәтижелеріне ұйымдарды құрған кәсіпорындар өз капиталдарымен жауап береді. Жиі олар сатып алу немесе сату құрылымдық бөлімдермен аталады, бірақ кей кезде құрған кәсіпорынның аталуынан элементтері бар арнайы аттарға ие болады. Бұларға мысалы қайта қалпына келген тоқыма және тігін кәсіпорындарын жатқызуға болады, өйткені олар өз меншігінен мамандырылған дүкендер құрады.

Корпоративтік табыс салығын жетілдіру жолдары
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 Табыс салығы ежелгі және классикалық салықтардың бірі болып табылады. Салықтың бұл түрі негізінен XIX және XX ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде кең дамыды. Қазақстан Республикасында табыс салығы 1991 жылдың 24 желтоқсанынан «Қазақ ССР азаматтарынан, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардан алынатын табыс салығы туралы» заң негізінде енгізілді. Заңды тұлғалар 1994 жылдан 2001 жыл аралығында табыс салығын төледі. 2002 жылдан бастап табыс салығы корпоративтік табыс салығы болып өзгерді
 Біздің мемлекетімізде корпоративтік табыс салығы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімінің ең басты көзі болып табылады. Оны мына төмендегі 1 кестеден көруге болады.
 1-кестеден 2008 жылдағы корпоративтік табыс салығының үлесі 2006 жылмен салыстырғанда 4,4% -ға кемігендігін байқаймыз. Оған дәлел:
 біріншіден, заңға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша инвестициялық салық преференцияларының берілуі;
 екіншіден, 2008 жылдағы Салық кодексіне сәйкес еркін экономикалық аймақтардың корпоративтік табыс салығын төлеуден босатылуы.

Корпорациялық табыс салығы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Кіріспе
 Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу – бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді. Салықтан жалтарғаның, халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.Салық салынатын база жасау жөніндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп артылады. Бұл салада өзге де проблемалар жеткілікті. Қазіргі қолданып жүрген Салық кодексі тікелей ықпал ететін заң күшіне әлі де толық ие емес. Салық жөніндегі заңды дамыту тұжырымдамасын жасау саласындағы жұмыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.Салықтардың толық көлемде, уақытылы аударылуы және алынуы бюджет қорының толығыуын айқындайтын фактор болып табылады. Салық төлемдерінің бюджетке толық көлемге түсуінің алуан әдістерін қолданып, қадағаланбайынша енді- енді құқықтық мемлекет болуға бағдар ұстап отырған еліміздің бұл бағытта табысты қадамын қамтамасыз ету мүмкін емес. Өркениетті елдердегідей кәсіпорынның, ұйымның, кәсіпкердің қарапайым салық төлеушінің ең бірінші кезектегі міндетін салықтан құтылу екенін түсінетіндей жауапкершілікке жете қоймағанымыз әмбеге аян болса керек. Әлі де салықтын жалтарушылар, табысын кемітіп көрсетушілер, қайтсем заңдылықты айналып өтем деушілер баршылық. Осыдан келіп ортақ қазан - бюджет қоржыны толмайды. Бұл өз кезегінде зейнетақы мен бюджеттік мекемелер қызметкерлеріне еңбек ақының кешіктіріліп берілуіне соқтырады. Мемлекет акциз салығы сұраным мен ұсынымды реттеуге, сонымен бірге мемлекеттік бюджетті толықтыру үшін пайдаланады.

Кәсіпкерлік мәні мен түрлері
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Экономиканың негізін екі Фундаменталды ақиқат құрайды және олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
 Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.
 Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.
 Экономикалық ресурстар дегеніміз не? Бұл – тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірілген құрал-жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауыл шаруашылық құрылыстары, әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынадай үлкен категорияға бөлінеді:

Кәсіпкерлікті дамытуда салық салу ерекшелігі
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Кіріспе
 Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу - бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді.
 Салықтан жалтарғаның халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.
 Салық салынатын база жасау жөніндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп артылады. Бұл салада өзге де проблемалар жеткілікті. Қазіргі қолданып жүрген Салық кодексі тікелей ықпал ететін заң күшіне әлі де толық ие емес. Салық жөніндегі заңды дамыту тұжырымдамасын жасау саласындағы жұмыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.

Кәсіпорын салығы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

К І Р І С П Е

 Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да он бес жылдан асты. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасы конституциясының 35 бабында «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады» деп атап көрсетілген.
 Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі қайнар көзі болып табылады.
 Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
 Бюджет-ұдайы өндірісті іске асырудың құралы мен маңызды алғы шарты. Оның көмегімен әлеуметтәк бағдарламаларды өткізуге,қоршаған ортаның қорғауын қамтамассыз ету,ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру,қорғану қабілеттілігін қолдау,басқа да мемлкеттік істерді іске асыруға жағдайлар жасалынады. Сәйкесінше, шаруашылық механизімді қалыптастыру бюджеттік басқарудың тиімді жүйесінсіз қалыптастыру мүмкін емес. Нарықпен, корпорациямен және мемлекетпен басқарылатын экономикаға көшу мемлекеттік бюджетті,кәсіпорындар мен салалардың қаржыларын, аймақты жіне жергілікті деңгейдегі, бюджеттен тыс қорлардың қаржылық қатынастарының жаңа буынын дамыту тереңдетілген қайта құрылысты қажет етеді.

Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары

 Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.
 Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік саладағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан
 көрінеді.
 Кәсіпорын экономикасы - өндірістік жэне өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы - кэсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады.
 Соңғысының әр түрлі себептері бар, атап айтқанда
 -өндірісті қорлар мен қамтамасыз етуде ең оңтайлы үйлесімділікті табу; ;
 - өндірілген өнімнің саны мен сапасы;
 - өткізу көлемі;

Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

МАЗМҰНЫ

 КІРІСПЕ

 І. КӘСІПОРЫН ҚҰНЫН БАҒАЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ

 1.1.Кәсіпорын бизнесін бағалау құнына қатысты түсініктемелер

 1.2. Бағалау мақсаты мен құн түрлері

 1.3. Бағалау құнының қағидалары

 ҚОРЫТЫНДЫ

КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛЕРЛІК ЕСЕП ПЕН АУДИТ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

КІРІСПЕ

 Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендгін республикамыздың тәуелсіздігінің 16 жылы ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейінгі ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
 Нарықтық экономика жағдайында өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің негізгі, яғни оның тиімділігі мен ұқыптылығы - бұл кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің дұрыс жолға қойылуынан бастау алатындығы сөзсіз. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі үшін бухгалтерлік есепті дамытуымыз қажет. Өнімдерді өндіру барысында ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешімін тапса, онда кәспорындарда өнім өндіру және оны сатуға қатысты кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді.
 Жұмыстың негізгі мақсаттары: