Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сисенбі, 24.02.2026
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Филология

Қосарлама қос сөздер
18.07.2011, 01:24
Қосарлама қос сөздер
 Қосарлама қос сөздер лексикалық мағынасы басқа-басқа екі түрлі сөзден құралады. Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ыңғайлас, морфологиялық жағынан тектес, синтаксистік жағынан теңдес сөздерден құралады. М, әке-шеше, алты-жеті, туған-өскен.
 Қосарлама қос сөздер компоненттерінің дербестігі бар я жоқтығына қарай, біріншіден, екі компоненті де бірдей мағыналы қос сөздер, екіншіден бір компоненті мағыналы, бір компоненті мағынасыз қос сөздер және үшіншіден, екі компоненті де бірдей мағынасыз қос сөздер болып үшке бөлінеді.
 1) Компоненттерінің морфологиялық құрамына қарай, қосарлама сөздерді екі салаға бөлуге болады:
 а) негізгі түбірден құралған қосарлама сөздер: ас-су, бала-шаға, бас-аяқ, етек-жең.
 ә) туынды формалардан құралған қосарлама сөздер: азды-көпі, алым-салық, ұрыс-керіс.
 2) Қосарлама қос сөздер тізбегі негізгі грамматикалық сөз таптарын түгел қамтиды да, өздері сол сөз таптарына қатысты болады. М,
 а) азық-түлік, ас-су, азыл-ойла (зат есім)
 ә) ақ-қара, ащы-тұщы (сын есім)
 б) бір-екі (сан есім)
 в) ол-пұл, олай-бұлай
 г) үстеулер: ілгері-кейін, қысы-жазы, бүгін-ертең
 д) еліктеуіш: арбаң-ербең,
 Қосарлама қос сөздер мағыналық ерекшеліктеріне қарай екі салаға бөлінеді:
 а) мағыналы компоненттерден құралған
 ә) мағынасыз компоненттерден құралған
 а) компоненттері мағыналы қосарлама сөздер үшке бөлінеді:
 1. қарама-қарсы,( антоним сөздер) сыңарлардан құралған қосарлама сөз жинақтау, топтау ұғымдарын береді: үлкенді-кішілі, оңды-солды.
 2. мәндес сыңарлардан қосарланған сөздер топтау, жинақтау ұғымдарын береді: зәре-құт, дос-жар, ашу-ыза, мінез-құлық.
 ә) егер сөздің бірінші дыбысы дауысты болса, қайталанатын сыңарға сол дауысты дыбыстан бұрын дауыссыз м дыбысы қосылады. М, ат-мат, ыс-мыс, үй-мүй.
 б) егер қайталанатын бірінші түбірде ашық дауысты дыбыс болса, қайталанатын екінші жалғанатын сөзде ол дыбыс еріндік қысаң дауысты дыбысқа ауысады. М, арс-ұрс, даң-дұң, жалтаң-жұлтаң т.б.
 4. бір сыңары ықшамдалып қайталанатын қос сөздерге ап-ащы, жап-жақсы, кіп-кішкене т.б. қос сөздердің бұл түрлері үстеме буынды немесе күшейтпе буынды деп аталады.
 а) егер қайталанатын негізінен бірінші буыны ашық болса, алғашқы ашық буынына қатаң еріндік п дыбысы қосылып, үстеме буын я бітеу, я тұйық буынға айналады: тап-таза – таза, сап-сары – сары.
 ә) егер қайталанатын негіздің бірінші буыны бітеу болса, сол алғашқы бітеу буынның соңғы дауыссызы түсіп қалады да, оның орнына қатаң п дыбысы жалғанатын, үстеме буын жоғарыдағыша я тұйық, я бітеу буынға айналады. М, кең – кеп-кең, сұр – сұп-сұр.
Категория: Филология | Добавил: anonim02
Просмотров: 3967 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]