Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сәрсенбі, 18.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Филология

В категории материалов: 55
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 4 5 6 »

Сортировать по: Күні
А.Байтұрсынов - қазақ тілтану ғылымының атасы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Өнер алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы. Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.

Алфавит - рухани бірлік негізі
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Қазір қазақ халқының рухани дамуы бір жолайрықта тұрған сияқты. Руханиятымызға батыс мәдениетін үлгі етеміз бе? Жоқ дәстүрлі ұлттық мәдениетімізді негіз етіп алып, соны одан ары дамытамыз ба? Ғаламдасу бағытына бүтіндей бейімделіп, оның ауыр да, рахымсыз талаптарына шартсыз тізе бүгеміз бе? Жоқ ұлттық болмысызды сақтай отырып, әлемдік қауымдастықтың құрамында дербес рухани құндылығы бар ұлт ретінде өмір сүреміз бе? Осының бәрі бүгінгі күннің алдындағы аса жауапты міндеттер. Осындай шешімін таппаған мәселелердің қатарында алфавит таңдау проблемасы да тұр. Бұл өзі шешімін тапқан, таңдауы біткен мәселе секілді. Басқа түркі текті халықтармен бірге латын алфавитіне көшеміз деген пікір жұрт арасында орнығып үлгерген. Түркия бұрыннан латын алфавитін қолданып келеді, басқа туысқан жұрттар да ептеп көшіп жатыр. Көптен бөлінбеу, көштен қалмаудың қамын ойлағанда бұл да дұрыс таңдау болып тұрғандай.

Ахмет Байтұрсынов және қазақ терминологиясы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Жуырда терминтану саласында өнімді еңбек етіп жүрген белгілі тілтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлының "Алаш және терминтану”, "Терминологиялық әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші” атты еңбектері жарық көрді. Ғалымның "Алаш және терминтану” атты монографиясы қазақ терминологиясы ХХ ғасырдың 1910-30-жылдарына арналып, аталмыш саланың даму, қалыптасу кезеңдері, негізгі ерекшеліктері, сипаты, басшылыққа алынған ғылыми қағидаттар жан-жақты зерттеліпті.

Грамматика және оның салалары
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Грамматика және оның салалары
 Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады.
 Грамматикалық құрылыс сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады, сөзді таяныш етпейтін бірде-бір грамматикалық құрылыс болмайды.
 Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.

Есімдіктер
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

1. Есімдіктердің мағыналары
 Қазақ тілінде нақтылы-жақты сөйлемдер 1 және 2-жақ тұлғасындағы есімдіктер арқылы көрініс табады. Мен, сен, біз, сіз есімдіктері бастауыш қызметінде жұмсалған сөйлемдер әрдайым белгілілік мәнінде жұмсалады, себебі аталған есімдіктер сөйлеу актіне қатысушыларды білдіріп, ең анық, нақты, белгілі болып табылады. Бірінші жақ тұлғалы есімдік сөйлемде белсенді субъект болады, сол себепті мұндай жіктеу есімдіктер белгілілік мәнінде ғана жұмсалады: Мынадай сұрапыл кезде бұл қалада тұрып болар емес, мен кеттім, бұл топан басылған күні сатармын (Ә.Кекілбайұлы, Кек. 69-б.). Мен өз еркіммен сенің етегіңнен ұстауға ырзамын, мырзам, мен сенен қалмаймын, мені алып кет, әйтпесе мен өлемін! - деп безектеді.

Есімше, көсемше, тұйық етістік
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Есімше, көсемше, тұйық етістік

 Оқулықтар мен кейбір зерттеулерде етістікке байланысты жаңсақ баяндалып жүрген грамматикалық тұлға – есімше, көсемше және тұйық етістіктердің жеке-жеке грамматикалық категория деп берілуі. Бұлар етістіктің грамматикалық категориясы бола алмайды, етістіктің ерекше тұлғалық түрі болып табылады, басқа грамматикалық категориялар (рай, шақ) жасауға тұлға бола алады, өйткені есімше мен көсемше тек етістіктұлғаларымен түрленіп қоймайды, басқа сөз таптарынша түрленіп, қызмет атқарады, ал тұйық етістік болса, етістікше тіпті түрленбейді. Есімше, біріншіден, жіктеліп келіп, шақтық мағынаны білдіріп, етістіктің бір тұлғасы, грамматикалық категорияның (шақ) бір көрсеткіші болса, екіншіден, есімдерше түрленіп (көптеліп, тәуелденіп, септеліп), қатыстық-анықтауыштық, субстантивтік мәнді білдіріп, екі жақты қызмет атқарады.

Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
 Бастауыш, анықтауыш
 Атау тұлғалы екі зат есім қатар айтылған жағдайда алдыңғысы анықтауыш қызметін атқарады. Оның елтірі тымағы бар.
 Қолдану ерекшелігіне қарай зат есім пысықтауыш болады. Жасымда ғылым бар деп ескермедім.

 Ол жан-жаққа жалтаң қағып қарай берді.
 Жалтаң қағып күрделі тіркес қалай? Деген сұраққа жауап беріп, күрделі қимыл-сын пысықтауыш қызметінде жұмсалап тұр.

Зат есім
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Зат есім
 (Қазақ грамматикасы бойынша)
 Айналамызды қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануар атаулыға, барша құбылыс пен оқиға-болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі- зат есімдер. Лексикалық тұрғыдан алғанда зат есімдер өз алдына мағыналық дербестігі бар, заттық ұғымды білдіретін сөздер. Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуан түрлі. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (су, жылқы, айқай, тал, т.б.) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілеттерінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінетін түрлі абстракт ұғымның (наным, шама-шарық, тентектік, ырыс) аттарын да білдіреді.

Жұрнақтардың құрамы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Жұрнақтардың құрамы
 Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді.
 Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтінбір бүтінжұрнақты айтамыз.
 Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемі екі я одан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақтар құранды жұрнақ болады. (-шылық, -шылык, -ғылықты, -ымпаз, -імпаз (жағымпаз), -ыншық, -іншек, -сыра, -сіре (қапсыра, естіре), -ырқап, -іркеп (жабырқап, шіміркеп), -ыңқыра, -іңкіре (етістіктен туған) (барыңқыра, жүріңкіре)).

Жұрнақтардың құрамы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Жұрнақтардың құрамы
 Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді.
 Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтінбір бүтінжұрнақты айтамыз.
 Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемі екі я одан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақтар құранды жұрнақ болады. (-шылық, -шылык, -ғылықты, -ымпаз, -імпаз (жағымпаз), -ыншық, -іншек, -сыра, -сіре (қапсыра, естіре), -ырқап, -іркеп (жабырқап, шіміркеп), -ыңқыра, -іңкіре (етістіктен туған) (барыңқыра, жүріңкіре)).