Главная » Файлы » Білім және ғылым » Филология |
В категории материалов: 55 Показано материалов: 21-30 |
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 » |
Сортировать по: Күні
Мемлекеттік тіл - татулық тірегі | |
Мемлекеттәк тіл – татулық тірегі Тілден биік асқар жоқ, Тілден асқан байлық жоқ, Тілден терең теңіз жоқ. Ғ.Мүсірепов. Тіл – адамдық белгісінің бірі. Тіл өте қажетті, өйткені тіл арқылы бір – бірімізбен әңгімелесе аламыз. Тілсіз мемлекет болмайды. Қазақта тілі жоқ халықты – "тұл” деп атайды. Қазақ тілі – "еліміздің мемлекеттік тілі” екендігі Конституцияда заңдастырылған Біз хабар білсек оны ауызша және жазбаша түрде айтамыз, білдіреміз. Ауызша айтқан өте қажет. Өйткені осылай әдебиет дамыған. Жазба ол ауызшадан да қажет. Өйткені жазу арқылы біз ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан қазақ халқының салт – дәстүрін, тарихын білеміз. |
Мезгіл пысықтауыш | |
Қазақ тіліндегі мезгіл пысықтауыштар Жоспары: 1. Мезгіл пысықтауыштың анықтамасы мен ерекшелігі 2. Мезгіл пысықтауыштың жасалу жолдары мен тұлғалары 3. Мезгіл пысықтауыштың мағыналық құрылымы мен қолданысы 1. Мезгіл пысықтауыштың анықтамасы мен ерекшелігі Қазақ тіліндегі сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі – пысықтауыштар өз ішінен мағынасына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. 1. Мекен пысықтауыш (қайда, қайдан, қалай қарай) 2. Мезгіл пысықтауыш (қашан ,қашаннан, қашанға дейін) 3. Себеп пысықтауыш (неліктен, не себепті) 4. Амал (сын-қимыл) пысықтауыш (қалай, қайтіп) 5. Мақсат пысықтауыш (не үшін, қандай мақстапен) 6. Сан-мөлшер пысықтауыш (қанша рет, неше рет, нешінші рет, қаншама, қаншалық) |
Көне Түркі тіліндегі шылаулардың лексико-грамматикалық мағынасы | |
КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ Тiлдiң басқа салалары сияқты синтаксистiң құрылысы да заман өткен сайын бiрден – бiрге өзгерiп, толығып, жетiлiп отырады. Бiрақ тiлдiң бұл құрылысы басқа салаларға қарағанда құбылмалы емес. Алғашқы категориялық негiзде дамып, кеңейiп отырады. Ал тiл фактiлерi оның ұзық жасайтын тұрақты грамматикалық сала екендiгiн байқатады. Тiлiмiзде бiраз сөздер сөзге қосымша мағына үстеу үшiн жұмсалып, грамматикалық амал ретiнде қызмет атқарады.Олардың өздерiне тән лексика – грамматикалық мағыналары бар. Олар тiлдiң бүкiл даму тарихында кейбiр есiм, етiстiк формаларының бастапқы лексикалық мағыналары бiрте – бiрте әр түрлi дәрежеде солғындап немесе жоғалып, әр алуан грамматикалық мағыналарды иеленiп қалыптасқан. Шылаулардың лексика – грамматикалық мағыналары жеке тұрғанда абстракты болғанымен сөз аралықтарында конкреттенiп отырады. Жалпы шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарына қарағанда әлдеқайда басым. Орхон – Енисей және Талас ескерткiштерiндегi шылаулардың атқаратын қызметтерi өзiндiк ерекшелiктерiмен әр түрлi дәрежеде көрiнедi. Олардың бiрқатары сөз бен сөздiң арасындағы грамматикалық байланыстарды айқындаса, кейбiреулерi жеке сөздер мен сөз тiркестерiн не болмаса сөйлемдi анықтау, толықтау үшiн я қосымша реңк беру үшiн және тағы басқа мқсаттар үшiн қолданылады. |
Көне Түркі тіліндегі шылау сөз табының мағыналық түрлері | |
Сөйлем ішінде шылау сөздер объектілік - бағыттықты, мезгіл – мекендік, тиянақтылықты, әсерлікті әр түрлі грамматикалық мағына үстемелеп, қосымша реңк беретін және байланыстырушылық қызмет атқаратын лексемалар тобына жатады. Олар мағыналық қызметіне қарай демеуліктер, септеуліктер, жалғаулықтар болып үшке жіктелетіндігі белгілі. Бұлардың өзара атқаратын қызметтері әр қилы. Мәселен, жалғаулықтар сөзбен - сөз, сөз тіркестері және сөйлем мен сөйлемді байланыстырса, септеуліктер өздеріне тиісті септік формаларындағы атауыш сөздермен тіркесіп, сөйлем мүшелерінің арасындағы бағыныңқылық, мекендік, мезгілдік, ортақтық қатынасты білдіреді де септік жалғаулы сөздердің мағынасын толықтырып нақтылай түседі. Ал демеуліктер болса, орын тәртібі арқылы атауыш сөздерге тіркесіп, сол сөздерге болжау, күшейту, қомсыну, салыстыру, нақтылау сияқты мағыналарды үстеп, әр түрлі грамматикалық қосымша реңк береді.Жалпы тілі білімінде шылаулардың бір қатары сөз бен сөздің арасындағы грамматикалық байланыстарды айқындау үшін, толықтыру үшін қызмет етсе, біразы сөз тіркестері мен сөйлемдердің арасындағы байланысты айқындау үшін дәнекер болады. Ал кейбіреулері жеке сөздер мен сөз тіркестері немесе сөйлемдерді нақытылау үшін, толықтыру үшін, я қосымша реңк беру мақсаттарда қолданылады делінген [22,б.362]. Осы теориялық тұжырым негізінде көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің мағыналық түрлері қарастырылады. |
Фразеология термині туралы | |
Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. І. Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес. І. Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы: «Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын л е к с и к о л о г и я деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын ф р а з е о л о г и я деп атау әбден орынды», – деп жазады [1, 589 б]. Қазіргі қазақ фразеологиясы – зерттелген қырына қарағанда зерттелмеген тұсы әлі де көп тіл білімінің бір саласы. Автор аталған еңбегінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін де жан-жақты қарастырып, болашақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағдар боларлық ғылыми пікірлер айтқан. |
Түркология және қазақ тіл білімі | |
Түркология және қазақ тіл білімі. Тіліміздің грамматикасының жүйесін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қай кезде болса да морфологияның ең өзекті мәселесі сөздерді әр түрлі лексика-грамматикалық топтарға, кластарға бөлу болғаны белгілі. Қазақ тілі грамматикасының құрылысының ана тілімізде зерттеулердің жарық көруі ғасырымыздың алғашқы 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы – 1914 жылы «Тіл құралы» деген атпен Орынборда жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі – қазақ тілі морфологиясы ана тілімізде сөз еткен алғашқы зерттеу. 30-шы жылдар ішінен бастап 60-шы жылға дейін, біріне-бірі жалғастырыла үздіксіз жүргізіліп келген Қ.Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов, А. Қалыбаева т.б ғалымдардың зерттеулері арқасында өз шешімін тапты. Ол академиялық грамматика мен жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтардың күрделі бір саласы ретінде де, жеке монографиялық зерттеулердің объектісі ретінде де кең көлемде қойылып зерттеліп келді. Тек өкініші – 60-шы жылдардан бері қарайғы уақытта бұл саладағы жұмыс ілгері баспай қойды. |
Түркі тілдерінің этнонимдері | |
Қазіргі түркі тілдерінің шығу, пайда болу негіздеріне сүйенсек, оның негізгі қайнар көзі көне түркі заманынан да әрі басталғанға ұқсайды. Өйткені, тарихта «тукюэ», «түркі», «түрік» деген атпен пайда болған халықтар өз негізін қайдан алды. Мәселен, кейбір ғалымдар түркі халықтарының негізі шумерлерден басталған десе, ал отандық түрколог, академик А.Н. Кононовтың пікірінше, «ту-кюэ» тұлғасындағы терминді қытайлар шығарған, негізінен бұл сөз «түркут» немесе «түркләр» болуы мүмкін деп мәлімдейді. Себебі қытайлар ертедегі түріктерді, басқа көршілес елдерге қарағанда ерте әрі жақсы таныған. Ертеде Алтай тауының тұлғасы дулығаға ұқсас болған көрінеді. Таудың етегінде Ту-кюэ деген лагерь жайласқан. Ондағы жасаған адамдардың киген шілемі ту-кюэ деп аталғандықтан оны киген тайпаны да Ту-кюэ деп атаған. Ал қытай тілінің маманы И.Бичурин және монғол тілінің маманы Шмидт «Ту-кюэ» монғол сөзі дейді. Себебі монғол тіліндегі «дудулға» сөзі «шлем» деген мағынаны білдіреді. Түркі сөзі туралы алғашқы түсінік еуропада б.э.д. VII ғасырда пайда болған. Ол «Троя» аңызының шығуына байланысты «трюк» сөзінің пайда болуы. Бұл жалған этимология болуы да мүмкін, дегенімен бәрібір «түрік» сөзіне келіп тіреледі. |
Сөйлем мүшелеріндегі бастауыш пен баяндауыштың рөлі | |
Сөйлем мүшелеріндегі бастауыш пен баяндауыштың рөлі Бастауыш болатын сөз таптары. Әуелі бастауыш болатын — атау тұлғасындағы зат есім. Мысалы: Бала ойнайды. Ат шабады. От жанады. Бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш қай сөз екенін әуелі ішкі белгісімен тауып қарайык. Олай табу үшін мысалға алынған сөйлемнін әрқайсысында не туралы сөйленіп тұрғанын ашу керек. 1-інші сөйлем. Бала ойнайды. Мұнда кім турасынан сөйленіп тұр?— Бала турасынан. 2-інші сөйлем: Ат шабады. Мұнда не турасынан сөйленіп тұр?— Ат турасынан. 3-інші сөйлем: От жанады. Мұнда не турасынан сөйленіп түр?—От турасынан. Сүйтіп, бұл сөйлемдерде бала, ат, от турасынан сөйленген болып шықты. Олай болса, бұл сөздерде бастауыштың ішкі белгілері бар, сондықтан бұлар бастауыш болуға тиіс. |
Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары | |
Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары Морфемалар туралы түсінік Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектері морфемалар деп аталады. Морфема деп сөздің өзіне тән мағынасы бар ең ұсақ бөлшегін атаймыз. Сөздің морфологиялық құрамындағы морфемалардың мағыналары мен қызметтері, әрине, бірдей емес. Морфемаларды түбір морфема және қосымша морфема деп екіге бөлуге болады. Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі. |
Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер | |
Педагог қызметіндегі жеке әдістемелік мәселенің жүзеге асуы. Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер. Түсінік хат. Әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес.Осы оқыту әдісі дегеніміз не? соған тоқтала кеттейік. Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің артуы. Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пәннің өзіне тән әдістері шығады. Менің жүргізіп жүрген пәнім Орыс мектебіндегі қазақ тілі орайында әңгіме болады. |