Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Бейсенбі, 19.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Филология

В категории материалов: 55
Показано материалов: 41-50
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 »

Сортировать по: Күні
Ғұрыптық фольклор лексикасы,идиоэтникалық семантика
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімінде әсіресе соңғы жылдары көбірек көңіл бөліне бастаған антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің нәтижесі этностың байырғы тұрмыс-тіршілігінің, қазіргі болмысы мен өткендегі өмір сүру тәжірибесінің, күнкөріс мәдениетінің, өзіндік ежелгі заттық және рухани құндылықтарының түрлі тілдік көріністері тек лексика мен фразеологияда ғана емес, ономасиологияда да, фоносемантика мен перифразалық құбылыстарда да көрінетінін дәлелдеп отыр.

Шығармашылық шыңдалу - басты бағыт
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЫҢДАЛУ – БАСТЫ БАҒЫТ

 Қазіргі кезде ғылымда тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруына тәрбиелеу жөнінде яки түрлі пікір қалыптасқан. Олардың бірі-өзін ұйымдастыру тәрбиеге байланысты десе, екіншісі – тәрбиеге байланыссыз деп тұжырымдайды.Көпшілік ғалымдар тәрбиеге байланысты деген пікірді қуаттайды. Шын мәнінде адамның барлық жақсы қасиеттері, жақсы сапасы тек қана биологиялық емес әлеуметтік жағдайлардан да болып, ол өмір бойы игеріледі. Өзін дамыту, пайдалану адамның интеллектуалдық ерекшелігіне және еріктік бағытта болатын әрі қарай әрекетке дамитын қабілет. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта, ұйымдастыра алатын тұлғаларда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенімділігі, табандылық сияқты қасиеттер арқылы шығармашылықты дамытады. Өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті аса маңызды қасиет – ол салауаттылық.

Үстеу туралы
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

Үстеуді жеке сөз табы деп танытатын оның басты белгісі - семантикалық сипаты болып табылады. Ол қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық-амалдық белгілерін, болу себебі мен мақсатын, т,б. білдіреді. Үстеудің басты грамматикалық сипаты – оның арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің және грамматикалық категорияларының жоқтығы. Кейбір жекелеген үстеу сөздерге шырай жұрнақтары да жалғанады: жоғары-рақ, төмен-ірек, тез-ірек, ақырын-дау, әрі-рек, ілгері-леу, ерте-рек, ерте-леу, бері-рек, дәл-ірек, т.б. Осыдан көрінетіндей, шырай жұрнақтары кейбір мекен үстелеріне де (жоғары-рақ, әрі-рек), мезгіл үстеулеріне де (кеш-іре, ерте-рек), сын-қимыл үстеулеріне де (тез-ірек, ақырын-дау) жалғанады. Бірақ үстеудің мағыналық түрлерінің ешқайсысы да толық түрінде шырай категориясымен түрленбейді. Мысалы, мекен үстеулерінің (әлдеқайда, жол-жөнекей, әріде, сонда, алға, т,б.), мезгіл үстеулерінің (бүгін, былтыр, биыл, әлі, енді, қазір), сын-қимыл үстеулерінің (тікелей, бірден, әлінше, лезде, зорға) кейбіріне шырай жұрнақтары қосылмайды. Бұның өзі «негізгі

Қосарлама қос сөздер
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

Қосарлама қос сөздер
 Қосарлама қос сөздер лексикалық мағынасы басқа-басқа екі түрлі сөзден құралады. Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ыңғайлас, морфологиялық жағынан тектес, синтаксистік жағынан теңдес сөздерден құралады. М, әке-шеше, алты-жеті, туған-өскен.
 Қосарлама қос сөздер компоненттерінің дербестігі бар я жоқтығына қарай, біріншіден, екі компоненті де бірдей мағыналы қос сөздер, екіншіден бір компоненті мағыналы, бір компоненті мағынасыз қос сөздер және үшіншіден, екі компоненті де бірдей мағынасыз қос сөздер болып үшке бөлінеді.
 1) Компоненттерінің морфологиялық құрамына қарай, қосарлама сөздерді екі салаға бөлуге болады:
 а) негізгі түбірден құралған қосарлама сөздер: ас-су, бала-шаға, бас-аяқ, етек-жең.
 ә) туынды формалардан құралған қосарлама сөздер: азды-көпі, алым-салық, ұрыс-керіс.
 2) Қосарлама қос сөздер тізбегі негізгі грамматикалық сөз таптарын түгел қамтиды да, өздері сол сөз таптарына қатысты болады. М,

Қос қызметті тұлғажасам қосымшалары
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

Қос қызметті тұлғажасам қосымшалары
 Бұлар негізгі грамматикалық мағынасы жағынан сөзжасам аффикстер тобына жатады да, сөйлемде қолданылу, соған сәйкес сөздің түрлену сипатына байланысты, басқа әуелгі сөзжасам қасиетінен арылып, тұлғажасамдық сипат алып кететін реттері бар. Бұлар:
 -дай, -дей, -тай, -тей, -сыз, -сіз, -лы, -лі, -қы, -кі, -шы, -ші, -лық –лік – сын есім тудыратын сөзжасамдық қосымшалар.
 -ша, -ше – үстеу тудыратын сөзжасамдық қосымшалар
 Бұл аффикстер сөйлеу барысында қолданылатын сөздердің әр алуан құбылыстарға ұшырауына байланысты, реті келген жерде тікелей түбір морфемаларға қосылмай түбірден соң қолданылатын сөзбайлам немесе тұлғажасам аффикстерден кейін барып айтылатын кездері де бар. Дәл осы жағдайда аталмыш аффикстер өзіне тән сөзжасам қабілетін шектеп, тұлғажасам қызметіне ауып кететін жерлері жиі кездеседі.

Қос сөздердің көмескі сыңарлары туралы
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

Қос сөздердің көмескі сыңарлары туралы
 Ағайын-анжы, айып анжы немесе жақсы-жайсаң сыртқы түрі ұқсас болғанмен, шындығында бұл екеуі екі бөлек сөз. «Ағайын» сөзімен қосарланып тұрған «анжының» о бастағы тұлғасы (әнжі (енжі). Бұл сөз көне түркі жазбаларында, әсіресе, монгол тілінде жазылған нұсқаларында жиі қолданылады. Негізгі мағынасы – ұзатылған қызға (ұлға емес) беретін жасау, енші. Ондай еншілер, дүние-мүлік, қызметші, малшы , жалшы, көрші-қолаң түрінде болған. Академик Б.Я. Владимирцов өзінің «Монғолдардың қоғамдық құрылысы» атты кітабында мынандай бір мәлімет келтіреді. Керей Уан ханның інісі қызын ұзатқанда таңдаулы аспазы Әмір-Темірмен қоса екі жүз адамды әнжіге берген. Кейін ло адамдардың біразы жаңа «иелерімен»

Қос сөздер
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

Қос сөздер
 Қос сөздердің құрамындағы компоненттер я бір сөздің өзінің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан, я оның бір сыңарының не бір буынның, бір дыбысының өзгеріп жамалуынан құралады немесе морфологиялық жағынан бір тектес я синоним, я антоним сөздерден салаласып құралады.
 Қос сөз: қайталама, қосарлама
 Қайталама қос сөздер - белгілі бір сөздің я қосымшасыз, я қосымшалы түрінің екі рет қайтьалануы арқылы, не сол сөздің не бір дыбыстың немесе бір буынның өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. М, қора – қора, мая – мая, үлкен – үлкен, қолма – қол, қап – қара т.б.

Қазақ тіліндегі төрт түлік малға байланысты қолданылатын тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

Қазақ тіл білімі ғылымында тұрақты тіркестерді тақырыптық топтарға бөліп, оларды әр түрлі бағытта қарастыру кең үрдіс алып келеді. Кез-келген тілдік құбылыстың, соның ішінде тұрақты тіркестердің табиғатын оның тілдік заңдылықтарына ғана сүйеніп емес, сонымен қатар халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына байланысты да қарастырған дұрыс секілді.
 Жалпы орын жағынан әбден қалыптасқан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып, бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданылатын тіркесті тұрақты тіркестер дейтініміз белгілі. Осы тұрақты тіркестердің тақырыптарына үңілетін болсақ, алуан түрлі. Сол тақырыптардың ішіндегі төрт түлікке қатысты қолданылатын тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамаларына тоқталсақ. Қазақ тілі этнолингвистикасы жайында А.Т.Қайдар: «Этнолингвистика»- этностың инсандық болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, рухани мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы[4,15б],- деп нақты, әрі тұжырымды анықтама береді. Жан-жануарлар атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестерді этнолингвистика тұрғысынан зерттеу, яғни олардың материалдық мазмұнын, тілдік табиғатын, халықтың өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, рухани-мәдени өмірі, әдет-ғұрпы негізінде сипаттау болып саналады. Жан-жануарларға соның ішінде, төрт түлікке байланысты айтылатын тұрақты сөз тіркестеріне үңілмес бұрын, төрт түлік ұғымына көңіл бөлсек; түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі малын қосып, «төрт түлік мал» деп ата-бабаларымыз атап кеткен.

Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

1. Өмірбаян.
 Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
 Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
 Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.

Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің функционалды-семантикалық категориясы
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

Зерттеудің өзектілігі. Тілдік категорияларды мағыналық жағынан қарастыру соңғы кезде тіл теориясында да, практикасында да жаңа қарқын алып келеді. Бұл орайда әсіресе функционалды-семантикалық категорияларды егжей-тегжейлі сипаттауға бағытталған функционалды грамматикаға ерекше мән беріліп отыр. Жалпы тіл білімінде функционалды грамматика (лингвистикалық функционология) мәселелерінің қолға алынғанына көп уақыт өткенмен, қазақ тіл білімінде бұл сала енді-енді сөз бола бастады.
 Қазақ тіліндегі белгілілік/белгісіздік категориясы осы кезге дейін арнайы зерттеу нысаны болмаған. Оның парадигмалық ұйымдасуы, тілдің түрлі деңгейлеріндегі берілу жолдары анықталмаған болатын. Алайда мұндай зерттеудің қажеттілігі функционалды грамматика, типология, тіл тарихы, аударма теориясы мен тәжірибесі, қазақ тілін оқыту әдістемесін сабақтастыра қарастырудан туындап отырған қазақ тіл біліміндегі қазіргі таңдағы кешенді бағытпен байланысты. Осымен байланысты жұмыстың өзектілігі мен мақсатын белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясын қалыптастыратын тілдік құралдарды анықтап, талдау, оларды семантикалық қызметінің ортақтығы негізінде бір өріске біріктіруден көруге болады.