| Главная » Файлы » Білім және ғылым » Филология |
| В категории материалов: 55 Показано материалов: 31-40 |
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 » |
Сортировать по: Күні
| Сәрсен Аманжолов - Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары | |
|
Сәрсен Аманжолов 1903 жылы 27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Егінсу деген жерінде дүниеге келген. Ұлы Оын Соғысының ардагері. 1920 жылы Семейдегі 2 жылдық педагогикалық курсты бітірді. Өскемен облысында мұғалім болы, кейін Бұқтырма уезінде халық соты болып жұмыс істеді. 1930 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің Шығыс факультетін бітіріп, сол жердегі аспирантурада оқыды. 1931 жылдан Абай атындағы Қазақа педагогикалық институтында қазақ тілі кафедрасында жұмыс істеп, 1937-1958 жылдар аралығында кафедра емңгерушісі қызметін атқарды. Қазақ тілі синтаксисі, диалектология, әдеби тііл салаларында, әдістеме мәселелрі жөнінде көп еңбектеніп, мол мұра қалдырды. |
| Сыр өңірі жазушыларының тіліндегі жергілікті қолданыстар | |
|
«Көркем шығармалардағы этнографиялық ерекшеліктер» деп аталатын тараушада белгілі бір аймаққа ғана тән, басқа жерлерде қолданылмайтын немесе олардан түбегейлі ерекшеленетін заттар мен құбылыстардың аттары сөз болады. Этнографизмдердің жалпыхалықтық тілде баламасы болмайтындықтан, оларды сипаттама түрінде ғана беруге болады. Белгілі бір изоглосстық деңгейімен шектеліп тұрған жалпыхалықтық сипат ала алмай отырған, бірақ сол заттың негізгі жалғаз атауы болып танылып отырған сөздерді диалектизм қатарына емес, әдеби тіл қатарына енгізу керек сияқты. |
| Қазақ тілінің сөзжасам негізі | |
|
Қазақ тілінің сөзжасам негізі Тіл-қатынас құралы ретінде ойлаудың тікелей шындығын, болмысын сөйлеу, жазу арқылы білдіреді. Тілдің ең кішкене бөлшегі — сөз болса, сөздердің өзара тіркесіп келуі арқылы ғана тілдік ұғым жасалады. Олай болса, тілдің заңдылығы, өз ішінде сала-салаға бөлінетін алуан түрлі тармақтары бар. «Сөздердің жасалуы» деген бөлім тілдік материалдың қарастыратын мәселелеріне қазақ лексикасындағы сөздердің қандай амал-тәсілдер арқылы жасалатынын анықтайды. Морфология бөліміндегі сөз таптарының жасалуы, тұлғалық көрсеткіштері, сөздердің құранды бөлшектерінің бәрі сөздердің жасалу |
| Қазақ тілін оқыту әдістемесі- Ахмет Байтұрсынов «Жазу-оқу» деген түрі | |
|
Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістемесі- Ахмет Байтұрсынов «Жазу-оқу» деген түрі Былай деп біреулер жазу мен оқу екеуін қабат үйретуді айтады, біреулер оқуды жазу арқылы үйретуді айтады. Әдістің затына соңғы мағынада айтулары дұрыс келеді. Өйткені, бүл әдісті қолдаушылар оқу үйретуді оқудан бастау дұрыс емес, жазудан бастау дұрыс дейді. Мұны былай дәлелдейді: «Жазу жоқ кезде оқу жоқ. Оқудан жазу дүниеге бұрын келген. Оқуды жазу тудырған» дейді. |
| Қазақ тілім, өркенде | |
|
СӨЗ ҚҰДІРЕТІ Елкей ханның әмірі жүріп тұрған заманда Оңғар деген әрі ақын, әрі жыршы кісі өмір сүріпті. Менмен хан бір жиында Оңғарды атымды тұсап кел деп жұмсайды. Оңғар "бармаймын” деуге қатыгез ханнан қорқады. Атты тұсап болып, жоғары қарағанында қарақұстың ұясына көзі түседі. Ұядағы бір балапанды қойнына тығып ала қайтады. Қайтып келіп: Ханеке, атыңызды тұсап келдім, Бүгін бір мал баққанға ұқсап келдім. Жарлыда жарылқайтын ештеңе жоқ, Мінеки, балаңызға құс ап келдім, - деп қойнындағы балапанды ханға ұсыныпты. Сөзден жеңілген хан ақыннан ат-шапан айып беріп құтылыпты. |
| Қазақ тілі фонетикасы | |
|
Дәріс сабақтары 1- тақырып. Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика туралы түсінік. Дәріс жоспары (1 сағ) 1. Қазіргі қазақ тілінің зерттеу нысаны мен міндеттерін ашу. 2. Қазақ тілінің жалпы халықтық әдеби тіл екендігі.Қазақ тілінің тарихи даму жолы. Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады. |
| Қазақ тілі мұғалімдеріне арналған мәліметтер | |
|
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдеріне арналған мәліметтер. Сабаққа қойылатын талаптар: 1.Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау; 2.Сабақтың түрін анықтау,жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру; 3.Оқушының білімін бекіту,қайталау,бақылау жүйесін ойластыру; 4.Үй тапсырмасының көлемін,түсініктілігін,баланың мүмкіндіктерін қадағалау; Сабаққа дайындалу және ұйымдастыруға қойылатын талаптар: 1.Сабақ материалы оқушының денсаулығына зиян келтірмейтіндей көлемде белгіленуі қажет; 2.Әр сабаққа дайындықты берілген тақырып бойынша жоспарлаудан бастау қажет; 3.Әр сабаққа демонстрациялық,дидактикалық материалдарды,техникалық құралдарды дайындау; |
| Қазақ тілі дыбыстық жүйесінің А.Байтұрсыновқа дейінгі зерттелуі | |
|
ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВҚА ДЕЙІН ЗЕРТТЕЛУІ Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз. |
| Қазақ тіл білімінде сөздерді сөз таптарына бөлу шарттары | |
|
Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі принциптері туралы Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш принципі бар: 1. семантикалық, 2. морфологиялық, 3. синтаксистік. Семантикалық принцип бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды, морфологиялық принцип бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал синтаксистік принцип бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі болуына сүйенеді. |
| Қазақ мақал-мәтелдерінің гендерлік сипаты | |
|
ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК СИПАТЫ Қазақ халқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық. Оның қай түрін алсақ та, тәлім-тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өcиеті ерекше. Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері. |
Енгізген:
күні:
Пікірлер: (0)
Толығырақ