Главная » Файлы » Білім және ғылым » Филология |
В категории материалов: 55 Показано материалов: 51-55 |
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 |
Сортировать по: Күні
Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі | |
Эпос тілін зерттеуші ғалымдар Ә.Қайдар, Е.Жұбанов, А.Мұқатаева мынандай ерекшелікті атап өтеді: Мәселен «Қозы көрпеш» поэмасындағы кездесетін мына есімдер: Таңсық, Айбас, Қодар, Қаратоқа, Бұланқара, Нұрқара, Kөсемсары, Ай, Kүліп, Шақшақ т.б. бүгінде қолданылмайды, не сирек кездеседі. Эпос антропонимдердің екінші бір ерекшелігі көп жағдайда кейіпкер, есімдерінің алдынан да артынан да (препозитивті, постпозитивті) анықтауыштардың қолданылуы: «Қозы Көрпеш», Қара хан, Сары хан (Қарабай, Сарыбайдың варианттары), Қыз Баян, Ер Танас, Ер Kүліп, Нұрқара би, Тайлақ би, Қодар мұндар, Айбас сері, Манап хан т.б. |
Үстеу сөздер | |
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер – қимылдың, іс - әрекеттің әр түрлі белгісін, жүзеге асу амал – тәсілін, мекенін, себебін, мезгілін, жай – күйін білдіретін және грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөздер. (Қазақ грамматикасы) Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй – жайларын және сынның белгісін білдіреді. Үстеу сөздер деп морфологиялық жағынан түрленбейтін, лексика – семантикалық жағынан өз алдына топ болып қалыптасып, сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздерді айтамыз. (А. Ысқақов) Үстеу сөздерді морфологиялық құрылысы мен құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: Негізгі үстеулер 2. Туынды үстеулер Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз. |
Ұстаз – ұлағатты есім | |
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! |
Әлем тілдерінің топтастырылуы | |
Мазмұны 1. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы. 2. Тілдердің типологиялық классификациясы. 5.1. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырылады. Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді: |
Әлемнің тілдік көрінісінің тіл мәдениетіндегі бейнесі | |
Тілдің табиғилығы мен оның даму мәдениеті қадым заманнан бері көтеріліп келе жатқан мәселе, бұл ұлттық таным мен ұлттық сана сезімнің қалыптасуынан келіп шығатын үрдіс екені белгілі. Қазіргі тілдің даму ширегіне жеткен кезінде, және жаһандануға байланысты тіларалық қарым-қатынастың тереңдей түскен шағында бұны ескі сарынмен және біржақты заңдылықтардың шеңберінде қарау көп жағдайларда қазір тілшілердің, тіл жанашырларының сыңаржақ пікірлерін туындатып жататыны да аян. Қазіргі тіл тазалығымен оның мәдениетінің дамуын әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика сияқты тілдің ғылымның өзге ұштасқан салаларымен байланыстыра қарап бағамдауымыз қажет. |