Главная » Файлы » Білім және ғылым » Филология |
Үстеу сөздер
18.07.2011, 01:04 | |
Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй – жайларын және сынның белгісін білдіреді. Үстеу сөздер деп морфологиялық жағынан түрленбейтін, лексика – семантикалық жағынан өз алдына топ болып қалыптасып, сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздерді айтамыз. (А. Ысқақов) Үстеу сөздерді морфологиялық құрылысы мен құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: Негізгі үстеулер 2. Туынды үстеулер Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз. Негізгі үстеулерге мынадай сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте, кеш, нақ, дәл, нағыз, сәл, әнтек, тек, мейлінше, ерекше, орасан, т.б. Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар :1. Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады. Демек, оларға -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, алдынан шырай туғызатын өте, аса, тіпті, мейлінше, қабағат сияқты күшейткіш үстеулер қолданылады. Мысалы: бұрын бұрынырақ бұрындау тым бұрынкейін кейінірек кейіндеу өте кейінілгері ілгерірек ілгерілеу аса ілгері2. Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеонизм жолымен қабаттаса да қолданылады. Мысалы: құр босқа, жай босқа, текке босқа, бос бекерге, құр бекер, бекерден – бекер, бостан – босқа, тектен – тек, құрдан – құр, т.б.3. Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да, қосарлану арқылы да, басқа сөздермен тіркесіп те, туынды үстеулер жасала береді. Мысалы: әрең, әрең - әрең, азар – азар, әдейілеп, әрі – бері, бұрынды – соңды, ілгері – кейін, енді – енді, кейіннен, т.б. Ескерту. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі үстеу болып табылатын ары, бері, кері көне түркі тілінде морфемаларға бөлшектеніп, -ры, -рі, -ру бағыттас барыс септігінің функцияларында жұмсалатын тұлғалардың түбірге сіңісіп, кірігіп кетуі арқылы қалыптасқан. Ғалымдардың көпшілігі бұл тұлғаны көне барыс септіктің жалғауы деп таныса, кейбір зерттеушілер жалғау емес, бағыттық мағына тудыратын қосымша деп қарайды. Көне түркі ескерткіштері тіліндегі –ры, -рі, -рү, -ру түбір сөздердің құрамында өлі формант ретінде сақталған. Сонымен бірге негізгі түбір үстеу тобына жататын жоғары, ілгері сөздерінің түбірі жо, іл есім сөздер болған. Жо – жоқ, йоқ – биік мағынасын, іл – ілкіде, баста мағынасында қолданылған. Тарихи тұрғыдан жо, іл сөздеріне –ға, -ру, -геру, -қару, -керу формаларының жалғануы арқылы үстеулер жасалған.Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай – ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған үстеулерді айтамыз. Құрылысы мен құрамы жағынан туынды үстеулер екі топқа бөлінеді:1. Жалаң туынды үстеулер2. Күрделі туынды үстеулер Көнеленген формалар арқылы туған жалаң туынды үстеулер1. Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: зорға, босқа, текке, жатқа, бекерге, әреңге, алға, артқа, бірге, кешке, әзірге, күнге, т.б.2. Жатыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: алда, артта, аста, үсте, кейде, әлгіде, баяғыда, күнде, түнде, абайсызда, лезде, т.б.3. Шығыс септігінің көнеленуінен туған үстеулер: шалқасынан, етпетінен, төтеден, қырынан, әуелден, кенеттен, шетінен, т.б.4. Көмектес септіктің көнеленуінен туған үстеулер: шынымен, жайымен, ретімен, жөнімен, кезекпен, қалпымен, түйдегімен, т.б. Күрделі туынды үстеулерКүрделі туынды үстеулер деп екі сөзден я бірігіп, я қосарланып жасалған немесе кемі екі я онан да көп сөздерден тіркесіп тұрақтанған үстеулерді айтамыз. Олар үш түрлі жолмен жасалады:1. Басқа сөз таптарына тән сөздер бірігудің нәтижесінде үстеулерге айналады. Мысалы: бүгін, биыл, таңертең, жаздыгүні, бірталай, ешқашан, әлдеқайда, неғұрлым, әжептәуір, сөйтіп, әлдекімше2. Сөздердің қосарлануы арқылы туған үстеулер: әрең - әрең, енді – енді, зорға – зорға, қолма – қол, бет – бетімен, күнде – күнде,т.б.3. Жазуда бөлек таңбаланып, мағына жағынан бір сөз ретінде қолданылатын грамматикаланған және идиомаланған тұрақты тіркестер – оларды екі салаға бөлуге болады.Грамматикаланған және лексикаланған тіркестер: күні кеше, ала жаздай, келе сала, алдын ала, күндерде бір күн, кітапқа бола,т.б.Идиомаланған тұрақты тіркестер: қас пен көздің арасында, аяқ астынан, қаннен қаперсіз, елден ала бөтен, томаға тұйық, т.б. Үстеулер сөйлемде басқа сөздермен, көбіне, етістікпен қарым – қатынасқа түсіп, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқарады. Ол негізінен пысықтауыш қызметінде жұмсалады.1. Үстеу семантикалық сипатына сәйкес қимылдың, іс - әрекеттің әр түрлі сын – сипаты, белгісін білдіреді. Осымен байланысты мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын – қимыл, мақсат, себеп пысықтауыш бола алады. Мысалы: Жайнағаның қараңғы түнде құлындай шыңғырған дауысы естілді (Мұқанов). Тұра қаштым жалма – жан(Абай). Ерекше бір азап дүниесінен келгендей(Әуезов)2. Кейбір үстеу сөйлем аяғында жіктеліп, баяндауыш болады. Мысалы: Іркітің де сонда, өлген малдың тері – терсегі де сонда, төлің де сонда (Мүсірепов).3. Кейбірі атау септігінде тұрып, субстантивтеніп, бастауыш болады. Мысалы: Еріншектің ертеңі бітпес (Мақал).4. Зат есіммен, сын есіммен тіркесе келіп, кейде анықтауыш қызметін атқарады: бірталай уақыт өтті, бірен – саран адам көрінеді, осынша өнерді қалай игердің? т.б.5. Сөйлемде септеліп, заттанып толықтауыш та болады. Бірталайымен қол алысып амандасты(Мүсірепов). 4. Сын – қимыл үстеулеріҚазіргі қазақ тіліндегі сын – қимыл үстеулері қимыл, іс - әрекеттің жасалу амал – тәсілін, сынын, бейнесін білдіріп, қалай?қайтіп?қалайша?кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Олар: ақырын, оқыс, тез, үнемі, ретімен, жасырын, бірден, т.б.Сын – қимыл үстеулері құрамы жағынан негізгі, туынды, күрделі түбірлер болып бөлінеді.Негізгі түбір үстеулер мағыналық бөлшектерге бөлінбейтін жеке дара сөздерден тұрады: тез, әзер, оқыс, дереу, еркін, т.б.Туынды үстеулердің жасалу жолдары: 1. –ша, -ше. Олар: адамша, балаша, құсша, қазақша,т.б.2. –шаң, -шең: көйлекшең, байпақшаң, т.б.3. –лай, -лей, -дай, -дей. Олар: осылай, тікелей, бірдей,т.б.4. Көлемдік септіктердің көнеленуі арқылы: бірге, босқа, оқыста, лезде, өздігінен, кенеттен, шынымен, ретімен, т.б.Күрделі түбір үстеулер: біржола, ауызекі, бостан – босқа,т.б. 7. Себеп – салдар үстеулеріҚимыл, іс - әрекет, амалдың болу, болмау себебін немесе салдарын білдіріп, не себепті?неге?деген сұрақтарға жауап береді.Олар: босқа, амалсыздан, бекерге, лажсыздан, шарасыздан, т.б.Құрамы жағынан себеп – салдар үстеулер туынды түбір болып келеді. Олар көлемдік септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалады: бекерге, босқа, текке, т.б. 8. Топтау үстеулеріҚимыл, іс- әрекеттің жасалуының топтық сипатын білдіреді, нешеден?қаншадан?деген сұрақтарға жауап береді. Олар: біреуден, екеулеп, топ – тобымен, көптеп, қос – қостап,т.б.Морфологиялық құрамы жағынан туынды және күрделі түбір күйінде қолданылады.Жасалу жолдары: 1. –лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп жұрнақтары арқылы: көптеп, мыңдап, жекелеп, т.б.2. Қосарлану арқылы: қос – қостап, топ – тобымен, бір – бірлеп. | |
Просмотров: 5339 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 1 | |
| |