Mathematics in Babylon Египетте
математиканың туумен қатар ертедегі Бабилонның тұрғындары -шумерлер мен
аккдактар өз алдына өздерінің дербес матетматикасын жасап шығарды. Бұл
халықтар сына сияқты сызықшалардан құралатын таңбалар арқылы (19ғ да
археологиялық қазбалар кезінде табылған) күн көзіне қойғанда тастай қатайып
қалатын, балшықтан жасалған саз балшықты тақталарға(плиткаларға) жазып
қалдырған. Мұндай балшық тақталар Бабилон жерінен мыңдап табылады.
Бабилондықтардың барлық математикалық табыстары жинақталып жазылған (шамамен
айтқанда б.з.б екі мыңыншы жылға, яғни Бабилон мадениеті өркендеп өзінің ең
жоғарғы сатысына көтерілген кезге жатады) қырық төрт кестеден(таблица) құралған
Бабилондықтардың математикалық энциклопедиясы табылған. Бұл энциклопедиядан
Бабилондықтардың сол ертедегі заманда өмір практикасы алға қойған практикалық
есептерді: егіншілік, жер суаруды реттеу, сауда жасаудағы есептерді шешудің
бірсыдрғы тиімді тәсілдерін білгендігі көрінеді.(май бойяулы суретке қараңыз)
Бабилондықтар астрономия ғылымының негізін салған. Бір аптаны жеті кеүге бөлу ,
дөңгелекті 360 градусқа , сағатты 60 минутқа , минутты 60 секундқа секундты 60
терцияға бөлу солардан бізге мирас болып қалған. Жұлдыздарға қарап болашақты
болжау яғни– астрология да солардың арасында туған.
Бабилондықтар санаудың негізіне қазыргідей 10 діқ жұйе емес көп жағдайда арифметиканың
аса қиын амалы -бөлу амалын жеңілдететін 60тіқ санау жұйесін қолданған. Мысалы:
1574640 санын алпыстық жүйеде өрнектесек: 1 603 + 57 602 + 46 60 + 40 Яғни
қосындысы424000
Әрбір өлшеуіш алдыңғысынан 60 есе артық болып келіп отыратын өлшеуіштер мен
таразылар системасын да солар жасаған. Біздің қазыргі уақыт өлшемдеріміз-сағытты,
минутты және секундты 60 бөлікке бөліуміз содан басталады.
Бабилондықтар екінші дәрежелі теңдеулерді , ал арнаулы кестелер арқылы үшінші
дәрежелі теңдеулерді шеше білген. (май бойяулы суретке қараңыз)Б.з.б екінші мың
жылдықтың орта шенінен бастап бір жағынан Бабилон патшалығына ,кейіннен оның
орнына келген Ассирия патшалығына , екінші жағынан Кавказ сыртына шектескен
територияда Ван патшалығы немесе Урарту патшалығы болды, бұл патшалық Ⅷғ да
Кавказ сыртының оңтүстік обылстарын жаулап алды.
Урарту халықтары Бабилон математикасын меңгеріп алыд даоны қайта өңдеді. Олардың
қазыргі позициялық ондық(тұрған орынна қарай бір цифрдің өзі әр түрлі
разрядтардың белгісі болатын) нумерацияға жақын және позициялық принципті
білмейтін, Египеттік ондық нумерацияға мүлде ұқсамайтын, ондық нумерацияға
көшкендігі анықталған.
Урарту арифметикасы көбінесе ертедегі Армян арифметикасына ұқсас. Бұлай болса
ертедегі Бабилондықтардың математикасы Урарту халықтары арқылы Кавказ
сыртындағы халықтардың , әсіресе Армяндардың өте ерте замандағы математикалық
мәдениетіне ықпалын тигізіп математиканың ауқымды дамуына зор үлесін қосқан. |