| Главная » Файлы » Әдебиет әлемі |
| В разделе материалов: 71 Показано материалов: 41-50 |
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 7 8 » |
| Он жетінші сөз | |
|
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті. Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті. Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: |
| Он сегізінші сөз | |
|
Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі. Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ. |
| Он тоғызыншы сөз | |
|
Адам ата-анадан туғанда
есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы,
жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді
болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де
есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден
естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда
іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап,
шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта
қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі
жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?
Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны
баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады. |
| Жиырмасыншы сөз | |
|
Тағдырдың жарлығын білесіздер -
өзгерілмейді. Пендеде бір іс бар жалығу деген. Ол - тағдырда адаммен
бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі тапқан емес. Оған егер бір еліксе,
адам баласы құтылмағы қиын. Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де,
ақырында тағы келіп жеңеді. Ақылы түгел, ойлы адамның баласы байқаса,
осы адам баласының жалықпайтұғын нәрсесі бар ма екен? Тамақтан да,
ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да,
топтан да, қатыннан да көңіл, аз ба, көп пе, жалығады. Оның үшін бәрінің
ғайыбын көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғыдан да суый бастайды.
Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды.
Әрбір мақлұққа құдай тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл
қайдан бірқалыпты тұра алады? |
| Жиырма бірінші сөз | |
|
Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі
мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі
түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін
мақтаншақтық деймін. Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ.
Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын,
әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші,
алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді
бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез -
ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе,
мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады. Екінші, мақтаншақ
деген біреуі «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін,
қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып
жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді. |
| Жиырма екінші сөз | |
|
Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым. Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды: жалынтып бердім деп, ақымақтығынан. Жоқ, өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалық та емес, өз елімен, өз жерімен ойраңдасып, ойсыздарға қойнын ашып, малын шашып жүр. Кей байлар, елдегі құттылар, сүттілер берекелесе алмаған соң, кеселді қулар көбейіп кетіп, көп қорқытып, іздеген нәрсесі жоқ, еріксіз кім болса соған жеміт болып жүр. |
| Жиырма үшінші сөз | |
|
Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер бар. Оның қуанышы - елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса, қуанады. Айтады: құдай пәленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сәулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе? - деп. Оған құдай тағала айтып па, пәленшеден тәуір болсаң болады деп? Я білгендер айтып па, әйтеуір өзіңнен наданшылығы асқан, я жаманшылығы артылған кісі табылса, сен жаманға қосылмайсың деп? Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жақсы болады дағы. Жүз ат бәйгеге қосылса, мен бәйге алдым деген сөз болса, алдыңда неше ат бар деп сұрар, артыңда неше ат бар еді деп сұрағанның несі сөз? Мен бес аттан, он аттан ілгері едім дегеннің несі қуаныш? |
| Жиырма Төртінші сөз | |
|
Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр. Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Әй, не болсын!.. Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма? |
| Жиырма бесінші сөз | |
|
Балаларды оқытқан да
жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса
болады. Оның үшін бұл жер дарулхарап, мұнда әуелі мал табу керек,
онан соң араб, парсы керек. Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында
ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішімге малдың тапшылығы да
ағайынның араздығына уә әртүрлі пәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық
секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе. Мал тапса, қарын
тояды. Онан соң, білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін не балама
үйретейін деп ойына жақсы түседі. Орысша оқу керек, хикмет те, мал да,
өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына
ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар
дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің
ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік
дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік
керек. Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген надан әке-шешесін,
ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жауырынынан бір қаққанға сатады. Тек
майордың күлгені керек деп, к...і ашылса да, қам жемейді. |
| Жиырма алтыншы сөз | |
|
Біздің қазақтың қосқан аты алдында
келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып
барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар
ма екен? Әй, жоқ та шығар! Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың
ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның
жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки
баласы емес. Мұның бәрі - қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей
нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді
ызаландырсам екен демек. Біреуді ызаландырмақ - шариғатта харам, шаруаға
залал, ақылға теріс. Әншейін біреуді ыза қылмақтың несін дәулет біліп
қуанады екен? Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып
қалады екен? |
Енгізген:
күні:
Пікірлер: (0)
Толығырақ