Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жексенбі, 05.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Физика

В категории материалов: 26
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 »

Сортировать по: Күні
Планетадағы заттардың айналымы. Өзектілік қағидасы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Планетадағы заттардың айналымы. Өзектілік қағидасы

Жердің затымен төмендегі негізгі үш түрлі ішкі процестер үнемі жүрген және қазір де орын алып отыр:

1. Біз атқылаған вулкандардан лава түрінде бақылайтын, балқыған тау жыныстарының (магмалардың), ыстық заттардың қозғалысы.

2. Біз жыныстардың жоғары, төмен немесе жан-жаққа қозғалыстары арқылы ой - қорытынды жасай алатын қатты жынытардың қозғалысы.

3. Жердің терең қабатында орналасқан жыныстардың аса жоғары қысым және температура әсерінен әртүрлі өзгерістерге ұшырауы (бір түрден екінші түрге айналуы).


Күн жүйесінің эволюциясы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Күн жүйесінің эволюциясы

Біздің Құс Жолы атты, спираль тәріздес галактикамыз шамамен 150 млрд жұлдыздан құралған, оның өзінің ядросы мен бірнеше спираль тәріздес тармақтары бар. Оның мөлшері 100 мың жарық жылына тең. Біздің галактикамыздағы жұлдыздардың басым көпшілігі қалыңдығы 1500 жарық жылындай болатын алып "дискінің” ішінде шоғырланған. Қазіргі кезде біздің галактикамыз космос кеңістігінде секундына 550 км жылдамдықпен қозғалып келе жатыр. Оның екі серігі - Үлкен және Кіші Магеллан бұлттары бар. Галактиканың диаметрі экватор бойынша 3•08•1013 шақырымға тең. Галактика жұлдыздары ядроны айналатын қозғалысы күрделі болады және бұл қозғалыс басқа қатты және сұйық заттардың қозғалысынан мүлдем бөлек. Жұлдыздардың айналу периоды олардың массасына және галактикалық орталықтан орналасу қашықтығына байланысты әртүрлі болады.


Жұлдызды аспан көрінісінің жыл бойындағы өзгеруі
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Жұлдызды аспан көрінісінің жыл бойындағы өзгеруі
Координаттардың экваторлық жүйесі. Жер бетіндегі кез келген елді мекеннің географиялық координаталармен бір мәнді белгіленетіні сияқты, шырақтардың аспан сферасындағы орны экваторлық координаттармен анықталады. Олармен таныспай тұрып, «аспан экваторы» және еңкею дөңгелегі» деген ұғымдарды енгізіп алайық.
Аспан сферасының центрі арқылы өтетін және дүние осіне перпендикуляр жазықтық аспан сферасын QWQ1E үлкен дөңгелегі – аспан экваторы бойымен қиып өтеді. Аспан экваторы көкжиекпен шығыс (Е) және батыс (W) нүктелерінде қиылысады. Барлық тәуліктік параллельдер орналасқан.

Микроэволюция макроэволюция
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Микроэволюция макроэволюцияның дамып, кеңеюіне жағдай жасады. Жарылыстан кейін шамамен 700000 жыл өткеннен кейін гравитациялық күштердің ядролық күштермен симметриясының бұзылуы нәтижесінде олардың босанып шығуы жұлдыздар, галактикалар, олардың жиынтықтары мен түрлі ғарыштық жүйелердің түзілуіне әкеп соқты. Осымен қоса гравитациялық күштер мен толқын күштері жұлдыздардың ішінде, галактикалардың ядролары мен олардың жиынтықтарында ядролық реакциялардың түзілуіне және жүруіне жағдай жасады. Яғни, микро - және макроэволюциялар бірін-бірі толықтырып, дамытып отырды, сондықтан да олар бір процестің екі тармағы тәрізді. Осы жерден бізге физикалық, химиялық, геологиялық және басқа да жүйелердің шексіз эволюциясы жер мен ғарыш эволюциясының әр бөліктерін құрайтындығы түсінікті болады.

Ғалам эволюциясының моделі
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Ғалам эволюциясының моделі 1922 жылы А.А.Фридман Эйнштейннің салыстырмалық теориясына сәйкес Әлемнің эволюциялық сипатын ашты. Бұдан кейін В.М.Слайфер галактикалардың көпшілігі (өзінің өлшеген 41 ден 36) 2000 км/с жылдамдықпен алыстап бара жатқандығын және тек, бірнеше галактиканың ғана жақындап келе жатқандығын анықтады. Кейін Күн біздің галактикамызда 250 км/с жылдамдықпен айналатындығы және осы галактикалардың жақындау жылдамдығы Күннің осы объектілерге қарай қозғалатындығына байланысты екендігі анықталды. (Алыстағы объектілердің жақындауымен алыстауын Доплердің эффектісін пайдалану арқылы анықтауға болады. Осы эффектіге сәйкес жақындап келе жатқан күннің сәуле толқындарының ұзындықтары азайтылып, спектрдің көгілдір жағына ығысқан, ал алыстап келе жатқан күн сәулесі толқындары үлкейіп спектрдің қызыл жағына қарай ығысқан.) 1929 жылы америкалық астроном Эдвин П.Хаббл (1889-1953) галактикалардың бастапқы нүктеден жан жаққа шашырайтындығын анықтады. Бұл нүкте ғаламның орталығы деп аталып, осыдан кейін ғалам қалыптаса бастаған бұл оқиға - Үлкен Жарылыс деген атқа ие болды.

Ғалам эволюциясы идеясының қалыптасуы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Ғалам эволюциясы идеясының қалыптасуы Қазіргі таңда бүкіл ғалам эволюциясының идеясы жаратылыстанушы ғалымдардың арасында қарсылық тудырмай, қабылдануда. Бірақ, бұл жағдай бірден пайда бола салған жоқ. Кезкелген ұлы ғылыми идея секілді, ол да ғылымда басты орынға ие болуының алдында ұзақ та күрделі сынақтардан өтті. Тіпті Ватиканның өзі эволюцияның жалпы бірдей сипатын мойындауға мәжбүр болды. Егер, New Catholіc Encyclopedіa атты шығармада "Жалпы эволюция - тіпті адам ағзасы эволюциясы да, пайда болудың шынайы ғылыми түсіндірмесі болуы тиіс” (1967 жыл, V том, 694 б.) деп көрсетілсе, 1982 жылы Ватиканның католик шіркеуінің Жоғарғы Ғылыми Кеңесі: "Біз толып жатқан дәлелдемелердің нәтижесінде эволюцияның концепциясын адамдар мен басқа приматтарға да қатысты қарастыруға болады деген сенімге келдік” деп бірауыздан жариялады.

Галактикалар мен жұлдызды жүйелердің эволюциясы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Галактикалар мен жұлдызды жүйелердің эволюциясы Галактикалардың құрылымы мен пайда болуы туралы зерттейтін космологиямен ғылымымен қатар космогония (грекше: "гонейа” – туылу деген мағынаны білдіреді) – космостық денелер мен олардың жүйелерінің шығу тегі мен дамуын зерттейді (космогонияның планеталық, жұлдыздық, галактикалық түрлері бар). Галактикалар дегеніміз, тек шар тәрізді ғана емес, спираль, эллипс, т. б. тәрізді ортасында ядролары бар жұлдыздар мен олардың жүйелерінің алып жиынтықтары болып саналады. Галактикалар миллиардтап саналады, сондай – ақ олардың әрқайсысында миллиардтаған жұлдыздар бар.

Магнитті дауылдар және олардың биосфераға әсері
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Магнитті дауылдар және олардың биосфераға әсері
Магнитті дауылдар күн сәулелері ағысы әсерінен пайда болады. Күннің де Жер сияқты магнит өрісі бар. Күннің бетінде магнит өрісінің орташа көрсеткіші 1-2 эрстед, яғни Жер өрісінен 2-4 есе жоғары. Күннің магнит өрісінің қуаты 20-30 эрстед, кейде 3000 эрстедке дейін жетеді. Магниттік өрістің мұндай жоғары қуаты оның сәуле шығару қабілетін төмендетеді.

Қысқа периодты ауытқулар және антропогенез
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

7. Қысқа периодты ауытқулар және антропогенез
Жоғарыда айтылғандардан басқа 30 млн жыл бұрын жердің тектогенезінде геомагниттік өрістердің инверсиялары мен басқа да құбылыстардың қысқа фазалы процестері байқалды. Олар да өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, адамдарға әсер етті.
Қазіргі заманғы түсініктер бойынша адам мен адам тәрізді маймылдар тармақтары бұдан 4.5 млн жыл бұрын бөлінді. Бұл кездегі адамдарға бірнеше рет түрлі факторлар әсерінен пайда болған радиацияның жоғары дозалары әсер етті. Мысалы, бірнеше қайтара Жердің магнит өрісінің инверсиялары мен рифтогенездің қарқындылығының жоғарылауының әсерінен уранның жоғары концентрациялары гидросфераға, одан құрылыққа түсті.

Шопеннің фортепианолық шығармашылығы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Шопеннің фортепианолық шығармашылығы

ХІХ ғасырдың 30 – 40 жж. әлемдік музыка Европаның шығысынан келген үш ірі көркем құбылыспен байыды. Шопен, Глинка, Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалық  мәдениеттің тағы бір маңызды жағын ашты. Өз халқының арман – мұраты, қасіреті, үстемдік етуші психологиялық құрылымы    

Шопен өз шығармашылығын фортепианолық музыкамен шектеп қойды. Басқа аспаптарға жазған бірнеше шығармасы бар(фортепиано, скрипка, виолончельге арналған трио, фортепиано мен виолончельге арналған полонез бен дуэт, виолончельге арналған соната, дауысқа арналған әндер қатары). Бірақ Шопен фортепианолық шығармашылығының ішінде көркемдік, көп қырлылық пен биікке жетті.


1-10 11-20 21-26