Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жексенбі, 19.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Физика

Ядролық мұрадан қалған жәдігерлер
08.07.2011, 15:14
Ядролық «мұрадан қалған жәдігерлер»

 

Ядролық қару – жалпы адамзаттың соры десек, Қазақстандағы ядролық полигондар – қазақтың 20 ғасырдағы ең ауыр қасіреті болды. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар бүкіл бір аймақтың қоршаған ортасы мен табиғи генофонына, адамдардың геніне әсер етіп, қалыпты мөлшерден әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар мен рентген сәулелері тіршілік атаулыға қауіп-қатер әкеліп, өте зиянды радионуклидтер тірі клеткаларға генетикалық өзгерістер туғызды. Бұған дейін жеті атасына шейін қыз алыспай, қан тазалығын сақтап келген елдің топырағында түрінен адам қорқатын құбыжық нәрестелер дүниеге келе бастады. Қазақстанның көптеген аймақтарында ересектер ауруы мен балалар өлімінің саны көбейіп, жалпы өмір сүру жасының ұзақтығы қысқарды. Сол кездегі белгілі оқымыстылар мен саясатшылардың, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың пікірлері бойынша Қазақстандағы экологиялық жағдай күрделі нүктесіне, ең жоғарғы деңгейіне жеткен.

         Тек Қазақстан егемен ел, демократиялық мемлекет екенін жариялағаннан соң, 1991жылы қауіпті ядролық тажалдан құтылу мен ядролық қару-жарақты бұдан былай пайдаланудан бас тартуда батыл қадамдар жасап, оған Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол жеткізіп, «апанның» аузын жапты.

   Елбасы Н. Назарбаев 2001 жылы 29 тамызда «21ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды» атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде 1992 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жер бетіндегі стратегиялық қару-жарақ шартына – Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қаруды таратпау жөніндегі өз міндеттемесін қуаттады. 1993 жылы біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қол қойып, ал 1994 жылдың желтоқсанында әлемнің ядролық державалары Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беретін Меморандумға қол қойды. Сөйтіп, 1994 жылы еліміз аумағынан бүкіл ядролық қаруды әкету аяқталса, келесі жылы бұрынғы Семей ядролық полигонында соңғы ядролық заряд жойылды. 1996 жылы Қазақстан ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі Шартқа қол қойды. Ал 1997 жылы БҰҰ – ның Бас Ассамблеясы Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету жөнінде қарар қабылдап, 2000 жылы Семей полигонында ядролық сынақтар жүргізетін ең соңғы штольня жойылды.

         Әйтсе де, ол адамдардың денсаулығы мен өміріне, өңірлегі экологиялық және экономикалық жағдайға қатерлі әсер етуінің жалғасуына қарай адамдардың және Қазақстан Үкіметінің қамқорлығымен тұрақты назар аударуын қажет етті. Мамандар белгілі мөлшерде радиациялық сәуле алған қазақстандықтардың жалпы саны жүз мыңдаған адам болады деп мөлшерлейді. Ядролық сынақтардың салдары мен зардабы біздің болашағымыз – балаларымыздың денсаулығын зақымдауда. Қазақстандықтардың туған кезде полигон дегеннің не екенін білмейтін әлі талай ұрпағы өздерінің денсаулығында ядролық сынақтардың ауыр салдарының азабын тартатын болады.

         Адамдар ғана емес, жердің өзі де азап шегуде. Сынақтар жер қабаттарының бүлінуіне ұрындырды. Ядролық жарылыстардың орнында ластанған радиациялық суға толы тұтас көлдер пайда болды. Мамандардың бағалауы бойынша жер өзінің өнімділік әлеуетін толық қалпына келтіру үшін кем дегенде 300 жыл қажет екен. Сондықтан бізге барлық стратегиялық шикізат өндіретін кен орындарының, радиоактивті әсері бар басқа да ғылыми өндіріс ошақтарының технологиялық режимін жан-жақты тексеру, ғарыш, әскери қару-жарақ, сынақ полигондарын, минералдық шикізаттардытасымалдау мен қоймалаудың экологияға әсерін жан-жақты анықтау ісін тыңғылықты қолға алып, республика көлеміндегі радиоактивті жағдайдың шын ахуалын білуіміз керек. Еліміздің экономикасын, ұлт денсаулығын, халық байлығын, ұлт мүддесі мен мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейтін экологиялық залалдан аман-есен құтылатын жолмен жүруіміз қажет.

Осы ретте жоғарыда атап өткендей, Семей проблемасының ауыр екенін мойындап, полигон жабылғаннан кейін БҰҰ – ның Бас Ассамблеясының 52-сессиясында бірнші қарар қабылданып, халықаралық бағдарлама әзірленген болатын. Ол құны 43 миллион АҚШ доллорына жететін 38 жобаны қамтыды. Бұл мәселеге әсіресе Жапония үкіметі айрықша назар аударуда. Халықаралық бағдарлама Семей аймағының проблемалары бойынша 1999 ж ылғы Токио халықаралық конференциясында қаралды. Мұнда бірқатар нәрлендіруші елдер мен халықаралық ұйымдар жобаларды қаржыландыру жөнінде міндеттер қабылдады. Мәселен, Жапония үкіметі БҰҰ ДБ кедейшілікті азайту мен Семей аймағындағы бизнесмашықтарды дамыту жөніндегі жобаларын іске асыруға 1 миллионнан астам доллор бөлді.

Ал басқа елдер өздерінің басына түспеген соң , бұл іске бей-жай қарауда. Оған біздің Үкіметінің де ауқымды шаралар жасай алған жоқ.Қауіпті аумақтағы халыққа әлеуметтік көмек көрсету ісі сиырқұйымшақтанып кетті.тек өткен жылдыңтамыз айында ғана Үкімет басшысының тапсырмасымен Семейдегі  жағдайға байланысты мәселелерді шешу мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып,оның жұмысына Экономика және жоспарлау министірлігі жауапты болды.жұмыс тобы осы проблеманың өзектілігін, деңгейлігін және осы мәселелерді шешу үшін қандай бағытта жұмыс істеу керектігін анықтап, бірнеше отырыс өткізді. Онда, біріншіден, Семей төңірегінде тұратын халыққа әлеуметтік көмек көрсету, екіншіден, экожүйелік бағытта үлкен жұмыстар атқару көзделді. Өйткені, бұл мәселелерге мән бермесе су да, жер де уланып жатыр. Яғни, ол жерлерге жәндіктер мен өсімдіктер өсірілуге болмайтындықтан, оған жан-жақты кешенді түрде келу керек.

Үшіншіден, жұмыс тобы Семей полигоны төңірегінің нақты шекарасын жасап, қанша жер қандай тереңдікте радиациямен уланғанын, уланып жатқанын анықтауды мәселе етіп қойды. Өйткені, оның салдары Семей ауиағымен қоса Павлодар, Қарағанды облысының көптеген аудандарында да қамтымақ. Сондай-ақ, осы мәселеге қажетті қаржыны есептеу үшін оның зақымының, зиянының қаншалықты мөлшерде екнін анықтауларын қажет деп тапты.

Міне, осы ретте биылғы жылдың ақпан айында Алматыда Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен және БҰҰ Даму бағдарламасының қолдау көрсетуімен Қазақстанда тіркелген елшіліктер басшылары мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің мәжілісі болып өтті. Онда осы мәселе жөнінде тәжірибесі бар елдерден көмек сұрап, пікір алмасылды.

Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан 2030 жылы жер шарындағы кең, мөлдір сумен танымал таза ел болуы керек. Өндірістік қалдықтар мен радиация, біздің үйлерімізге, бау-бақшамызға өзінің зиянымен ене алмайтын болады. Біздің балаларымыз, балаларымыздың балалары денсаулықтарына барлық жағдай жасалған ортада өмір сүреді» деді.

Жеріміздің экологиялық қауіпсіздігі мен мемлекеттің экономикалық тағдырына төнген қауіптің алдын алмаған жағдайда, экологиялық қатер уақыт өткен сайын шиеленісіп, келешек ұрпақ үшін шешуі табылмас, өте күрделі апатқа айналатынына күмән жоқ. Ондағы жергілікті халықтар мен олардың балалары, немерелері ядролық жарылыстың құрбандарына айналмақ. Ондай жағдайда, ядролық технология игілік емес, апат әкелмек. Ендеше барлық стратегиялық шикізат өндіретін кен орындарының, радиоактивті әсері бар басқа да ғылыми өндіріс ошақтарының технологиялық режимін, ретін жан-жақты тексеру, ғарыш, әскери қару-жарақ, сынақ полигондарын, минералдық шикізаттарды тасымалдау мен қоймалдаудың экологияға әсерін жан-жақты ісін тыңғылықты қолға алып, республика көлеміндегі радиоактивті жағдайдың шын ахуалын білуіміз керек. Сондықтан, еліміздің экономикасын, ұлт денсаулығын халық байлығын, ұлт мүддесі мен мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейтін экологиялық залалдан аман-есен құтылатын жолмен жүруіміз қажет. Төсінен нәр еміп, бұлағынан су ішіп отырған туған жерімізде экологиялық жағдайдың нашарлауы, болашақ ұрпақтың денсаулығы мен өмірін ойлаған әрбір парасатты жанды ойландырар деп сенеміз.

Категория: Физика | Добавил: anonim02
Просмотров: 1455 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]