Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жексенбі, 05.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Физика

Нептун планетасы ғаламшары
08.07.2011, 15:49
Нептун - Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары, Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Диаметрі жөнінен ең үлкені, салмағы бойынша үшінші ғаламшар. Нептун Жер 17 есе ауыр, Жерден 15 есе ауыр Уран ғаламшарынан сәл ауыр. Ғаламшар Римдік теңіз құдайының атымен аталған. Астрономиялық белгісі, Нептун құдайының үшұшты найзасы.

1846 жылдың 23 қыркүйегінде ашылған Нептун ғаламшары математикалық есептердің көмегімен ашылған алғашқы ғаламшар болды. Уранның орбитасындағы күтпеген өзгерістер белгісіз ғаламшардың тартылыс күшінің ықпалынан болуы мүмкін деген тұжырым келтірді. Нептун көзделген орындағы бұрыштан табылды. Көп ұзамай Тритон атты серігі ашылды, бірақ, басқа да 12 серіктері XX ғасыр дейін ашылған жоқ. Нептун планетасының қасынан тек бір Вояджер 2 ғарыш кемесі 1989 жылдың 25 тамызында өтті.

Нептунның құрылысы Уранның құрылысына ұқсас, екеуі де ірірек келетін Есекқырған және Қоңырқай газ гиганттарының құрылыстарынан өзгеше. Сондықтан, астрономдар бұл ғаламшарларды "мұз гиганттары" қатарына жатқызады. Нептунның атмосферасы Есекқырған мен Қоңырқайдың негізінен сутегі және гелийден тұратын атмосферасына ұқсас болғанымен, су, аммиак және метан тұратын ірі "мұздарға" толы, гидрокарбон және шамасы, оттегі іздері бар.

Нептунның бетінде Күн Жүйесінде тіркелген ең қатты желдер болады, олардың жылдамдығы 2100 км/сағат. 1989 жылы Вояджер-2 ғаламшардың қасынан өтіп бара жатқан кезде Есекқырғанның бетінде Ірі Қызыл Дақпен салыстырыла алатындай оңтүстік гемисферада Ірі Қара Дақ тіркеді. Нептун бетіндегі бұлттардың температурасы −218 °C (55.1 K)-ге дейін жетеді, бұл Күн Жүйесіндегі ең салқын температура, Күннен алыстығы бұған себеп болады. Нептунның ортасындағы температура 7,000 °C (7,270 K)-ге дейін көтеріледі, бұл Күннің бетіндегі температураға ұқсас және басқа да белгілі ғаламшарларға тән. Нептунның бұлыңғыр әрі әркелкі орналасқан сақина жүйесі бар, бұл сақина 1960 жылдары байқалғанымен, Вояджер-2-нің зерттеулері сақиналарының бар екендігін дәлелдеді.

Тарихы

Ашылуы

Галилео Галилей суреттері оның Нептунды алғашқы болып 1612 жылдың 28 желтоқсан көргенін көрсетеді, 1613 жылдың 27 қаңтар ол тағы да бақылады; екі жағдайда да ол Нептунды жақындап тұрған жұлдызбен шатастырды - бұл түнгі аспандағы Есекқырған болатын. Сондықтан, бұл Нептунның ашылуы болып саналмайды. 1612 жылдың желтоқсанындағы алғашқы бақылауындағы кезде, ғаламшар дәл сол күні теріс қараған болатын, сондықтан бір орында тұрған жұлдыз болып көрінген. Бұл қозғалыс Жердің алыс ғаламшардан өте қашық нүктесінен байқалады. Нептун өзінің жылдық айналымын бастап жатқандықтан, ғаламшардың қозғалысы Галилеоның кішкене телескобынан көрінбеді.

1821 жылы Алексис Бувар Уранның астрономиялық кестесін басып шығарды. Соңғы зерттеулер кестедегі мәліметтердің анық көлбеуін көрсетті, бұл Буварды белгісіз дененің тартылыс күшінің араласуынан ғана болатынын болжамдауға әкелген. 1843 жылы Джон Адамс болжамдалған сегізінші ғаламшардың Уранның қозғалысына әсер ететіндігі арқылы орбитасын есептеді. Еңбектерін Сэр Джордж Эйриге жіберген соң, Эйри оның анықтауын өтінді. Адамс жауап хатын бастағанмен, ешқайда жіберген жоқ, содан Уран проблемасына аса көңіл аударған жоқ.

1845-1846 жылдары, Урбен Леверье Адамстан бөлек өзінің есептерін шығарды, бірақ ол да өзінің жерлестерінен қолдау таппай, қиындықтарға кезікті. Маусым айында Эйри Леверьенің басып шығарған ғаламшардың сипаттамасының есептері Адамстың есептеріне ұқсас екендігін көргеннен соң, ол Кембридж Обсерваториясының бастығы Джеймс Чаллисті ғаламшарды іздеуін өтінді. Чаллис тамыз және қыркүйек айларында аспанды мұқият зерттеді.

Дәл осы кезңде Леверье хат арқылы Берлин Обсерваториясының астрономы Йохан Гальдты обсерваторияның рефракторы арқылы іздеуін сұрады. Хейнрих Д'Аррест атты обсерватория студенті Гальға беріде алынған аспандағы Леверьенің болжаған ауданының кестесін соңғы ауданның кестесімен салыстыруын ұсынды. Леверьенің хатын алған күні кешке, 1846 жылдың 23 қыркүйегінде оның 1° дәлдікпен, ал Адамстың 12° дәлдікпен болжаған жерінен жаңа ғаламшар ашылды. Чаллис кейін бұл ғаламшардың екі рет тамыз айында бақылағанын түсінді, ол өзінің жұмысқа қатты берілмегендігімен түсіндірген болатын.

Ашылуының бастапқы кезеңінде ғаламшарды ашу құрметі үшін Француздық және Британдық ұлттық қарсыласуы орын алды. Ақырында, Леверье мен Адамс бірдей атақ алды.

Категория: Физика | Добавил: anonim02
Просмотров: 2078 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]