Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 26.04.2024
Главная » Файлы » Әр түрлі тақырыптар » ЕҚЫҰ

ЕЛІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ЖАҢА САТЫСЫНА КӨТЕРІЛДІ
15.08.2011, 18:40
Еуропалық қоғамдастық, көпте­ген Еуропа елдері мен ТМД елдерінің саясаткерлері, дипломаттары, журналистер, сарапшылар Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығына өте жоғары баға беріп жатыр. Ол – әділ. Қазақстан іске белсенділікпен кірісті. Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 14-і күні Ве­надағы тұрақты кеңесте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейне үндеуімен басталған төрағалық апта, ай өткен сайын ширақталып, ұйым өзінің белсенділігін көрсете бастады.
Іс басындағы төраға, Қазақ­станның Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев қысқа мерзімде көптеген елдерде, әсіресе, қай­шылықты, уақытша тоқтатылып қойып, бірақ түйіні шешілмеген қақтығыстар бар өңірлер мен мемлекеттерді түгел аралап шықты. Және де ол аймақтардағы мемлекет, үкімет басшыларымен, әртүрлі ықпалды партиялар, қоғамдық қозғалыстар өкілдері арасында ашық кездесулер өткізіп, қордаланып қалған мәселелерді шешу жолдарын бірлесіп, іздестіріп, әртүрлі көзқарастарды талқылап, қарастырды.
ЕҚЫҰ аясында Қазақстан бастамашылдығымен әр өңірде қазіргі жаһандық мәселелер және оның мемлекеттерге, қоғамға әсері туралы тақырыптық, халықаралық конференциялар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылды. Ең үлкен қозғалыс – он бір жылдан бері өткізілмеген ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының саммиті осы XXI ғасырда тұңғыш рет Астана қаласында өтетін болды. Қорыта айтқанда, Қазақстанның төрағалығы, БҰҰ-дан кейінгі ЕҚЫҰ сияқты ең беделді ха­лықаралық ұйымның жұмысын жандандырып, оған жаңа дем берді. Халықаралық ұйымның қажеттігін тұрақтандырды. Қазақстан өзі­нің төрағалық міндетін жал­тақтап емес, жарқыратып, біл­гірлікпен, білімділікпен, орынды ұтқырлықпен, шымыр қайрат­керлікпен атқарып келеді. Ендігі мақсат – ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекет, үкімет басшылары саммитінің аман-есен, нәтижелі өтуі.
– Өзіңіз саммиттен қандай нәти­желер күтесіз? Еліміздің алға қойған стратегиялық міндеттері ойдағыдай орындала ма?
– Біріншіден, саммиттің өткізі­луі­нің өзі – басты нәтиже. Өйткені бір кезде мемлекет басшылары ортақ мүддеге келе алмай, тіпті «осындай ұйым қажет пе?» деген пікірлер таласқа түсіп қалған-ды. Қазір ЕҚЫҰ-ның қажет екендігіне ешкімнің дауы жоқ.
Екіншіден, әсіресе, жалпы Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік, оның ішінде «Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікке айрықша мән беріледі» деп ойлаймын. Ауғанстан мәселесіне де жаңа көзқарас қалыптасатын мезгіл жетті. Бұл жөнінде Қазақстанның ұстанымы едәуір уақыттан бері айтылып жүр. Ауған жағдайын тек қана әскери, соғыс жолымен шешу мүмкін емес екендігіне әлемнің көзі жеткен болар. Лаңкестік, есірт­кіге қарсы күш біріктіру қажет­тігі де осы басқосудың басты проб­лемаларының бірі болса керек.
Үшіншіден, баса айтпағым – саммиттің, жалпы төрағалықтың Қазақстанның халықаралық беде­лінің өсіп, нығая түсуіне тигізер зор ықпалы. Бұл төрағалық та, соның аясында өткізілмек мемлекет басшыларының саммиті де бұрын-соңды қазақ елінің тарихында болмаған, алдағы өмірімізде енді қашан болары белгісіз орасан үлкен тарихи оқиғалар. Бұл – дүниежүзілік қоғамдастықта біздің мемлекетімізді де, рухани келбетімізді де өсіретін жағдай. Қазақтың өрлеу дәуірінің айшықты көрінісі.
– Саммиттің өтуі еліміздің одан әрі дамуына мультипликативті түрде ықпал етеді деп ойлайсыз ба?
– Сөз жоқ. Жоғарыда бұл сұраққа да жауап бере бастап едім. Сіз қараңызшы. Бұрын ЕҚЫҰ-ны негізінен тікелей қызмет бабымен араласып жүретін азғана топ білетін. Әрине, олардың қа­тарында халықаралық қатынастар ма­мандығына әзірленетін студенттер, оқытушылар да бар. Қазір Қазақ­станның төрағалығының арқа­сын­да халықтың көпшілігі хабардар. Тек қана сол саммитке келетін қонақ­тарды қабылдайтын қонақүй­лерді алыңызшы!? Бізге барлығы 5 мыңнан астам адам келеді. Соларға мыңдаған мамандар, жұмысшылар қызмет көрсетеді. Олар арнайы оқу­дан өтті, жұмыс орындарын жаңа технология өнімдерімен қайтадан жаб­дықтап жатыр. Астана қаласына жаңа жедел жәрдем, өрт сөндіруші құ­рал-жабдықтар тағы сол сияқты қа­жеттіліктер жасақталып жатыр. Осы­ның бәрі ертең саммиттен соң ел­дің игілігіне жарау үшін қалмай ма? Тө­рағалық та, саммит те еліміздің өр­кендеуіне мол ықпал ететініне сенемін.
– Әңгімеңізге рахмет!

Бейбітгүл Исаева

Категория: ЕҚЫҰ | Добавил: anonim
Просмотров: 1087 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]