Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Дүйсенбі, 29.04.2024

Құрметті оқырмандар, ақпарат танымдық порталына қош келдіңіздер! Бұл сайттан сіздер көптеген қызықты мақалалар мен керекті ақпараттарды ала аласыздар!Сайтты пайдалану толықтай тегін!

Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 817
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 ... 81 82 »

Физика туралы
Енгізген: ERbol | күні: 20.08.2011

ФИЗИКА (грек. physike, рhуsis—табиғат) — өріс пен заттың жалпы қасиеттерін және олардың қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым. Физика — табиғат жөніндегі жетекші ғылымдардың бірі. Ол басқа да жаратылыс тану ғылымдары сияқты ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Жеке физикалық ілімдердің пайда болу дәуірі. Физика жай-лы алғашқы деректер Ежелгі Вавилон, Египет жазбаларында кездеседі. Зәулім сарайлар мен күрделі құрылыстар (пирамида, қорғандар) салу жұмысында құрылыс механикасы мен статиканың қарапайым заңдылықтары және рычаг, көлбеу жазықтық, тәрізді қарапайым механизмдер пайдаланылды. Практикалық талаптардан туған Ежелгі Вавилон, Египет ғылымының теориялық негізі халық арасына тарамады. Ғылым түгелдей діни абыздар қолында болды. Ежелгі грек ғалымдары табиғат құбылыстарын «табиғаттан тысқары күштің» әсерінсіз-ақ ғылми негізде түсіндіруге ерекше мән берді. Ежелгі грек ғалымдары (Гераклит, Анаксимандр, Анаксимен, Фалес т. б.) табиғат негізінен төрт элементтен (от, топырақ, ауа және су) тұрады десе Демокрит (б.з.б. 5 ғ.)І Эпикур (б.з.б. 341—270), Лукреций (б. з. б. 1 ғ.) дүниенің ең қарапайым кірпіші одан әрі бөлінбейтін бөлшек — атом деп санады. Атом туралы ілім (атомистика) талай ғасырға созылған талас-тартыстан кейін, қазіргі табиғат жайлы ғылымдардың негізіне айналды. Аристо-телъдің табиғат жайлы жазған кітабы «Физика» деп аталған. Осыған орай Аристотельді физиканың «негізін қалаушы» деп те айтады. Архимед гидростатиканың негізгі заңын (қ. Архимед заңы) ашты, қарапайым механизмдерді зерттеді. Ол механикамен қатар оптикамен, астрономиямен де айналысты. Электр мен магнетизмге қатысты кейбір қарапайым қүбылыстар тым ертеден-ақ белгілі болған.

Ақталған еңбек
Енгізген: ERbol | күні: 18.08.2011

                                                                             Бейімбет Майлин
                                                                               (1894-1938)
                                                                             Ақталған еңбек
 -        Мына Дүйсенбай салың! - деп, ауылдың сырт жағында таяғына сүйеніп тұрған төрт кісінің біреуі, қожыр бет, шоқша сақалды кісі таяғымен ауылдың алдыңғы жағына нұсқады.
   Қатар тігілген екі үйдің арасынан өтіп, сөйлесіп тұрған кісілерге қарап, ұзын бойлы қара жігіт келе жатыр. Денесі еңгезердей. Көзі аларып ұясынан шығып бара жатқан тәрізді.
Жүргенде денесін жиып, аяғын пысық баспай, шаршаған атқа ұқсап салпақтап келеді.
-        Жүрісіне қарашы, нағыз салдың өзі,- деп, екінші біреу, қожыр беттің сөзін тірілтіп қойды.
-        Не қыласың, осы күні құдайы беріп жүр: коммунистердің алдағанына еріп аузына келгенін оттайтын көрінеді, Ерқанның жасырған малын айтып, шығартып жатқан осы білем, - деп, қожыр бет Дүйсенбайдың ісіне наразы қалып білдіріп, Ерқанға жаны аши сөйледі.
-        Апырым-ай, солай ма екен?
-        Солай болғанда қандай!.. Ерқанның мал саны толмай конфискадан қалып қойғандай да жөні бар екен, осы Дүйсенбай сөз шығарып, пәлен жерде тыққан малы бар деп арыз беріпті.
-        Апырым-ай, мына шіркінде дін жоқ екен ғой!
-        Баяғыдан бері кісі есігінде жүрумен келеді. Мұның бүйірі шығып оңбай жүргені де содан ғой, - деп, қожыр беттің жанында тұрған арық қара кісі былайғыларға жат әңгіме айтқан сияқтанып, нығызданып, тамағын кенеп қойды.


Ақталған еңбек
Енгізген: ERbol | күні: 18.08.2011

                                                                             Бейімбет Майлин
                                                                               (1894-1938)
                                                                             Ақталған еңбек
 -        Мына Дүйсенбай салың! - деп, ауылдың сырт жағында таяғына сүйеніп тұрған төрт кісінің біреуі, қожыр бет, шоқша сақалды кісі таяғымен ауылдың алдыңғы жағына нұсқады.
   Қатар тігілген екі үйдің арасынан өтіп, сөйлесіп тұрған кісілерге қарап, ұзын бойлы қара жігіт келе жатыр. Денесі еңгезердей. Көзі аларып ұясынан шығып бара жатқан тәрізді.
Жүргенде денесін жиып, аяғын пысық баспай, шаршаған атқа ұқсап салпақтап келеді.
-        Жүрісіне қарашы, нағыз салдың өзі,- деп, екінші біреу, қожыр беттің сөзін тірілтіп қойды.
-        Не қыласың, осы күні құдайы беріп жүр: коммунистердің алдағанына еріп аузына келгенін оттайтын көрінеді, Ерқанның жасырған малын айтып, шығартып жатқан осы білем, - деп, қожыр бет Дүйсенбайдың ісіне наразы қалып білдіріп, Ерқанға жаны аши сөйледі.
-        Апырым-ай, солай ма екен?
-        Солай болғанда қандай!.. Ерқанның мал саны толмай конфискадан қалып қойғандай да жөні бар екен, осы Дүйсенбай сөз шығарып, пәлен жерде тыққан малы бар деп арыз беріпті.
-        Апырым-ай, мына шіркінде дін жоқ екен ғой!
-        Баяғыдан бері кісі есігінде жүрумен келеді. Мұның бүйірі шығып оңбай жүргені де содан ғой, - деп, қожыр беттің жанында тұрған арық қара кісі былайғыларға жат әңгіме айтқан сияқтанып, нығызданып, тамағын кенеп қойды.


Ақбаланың тоқтысы
Енгізген: ERbol | күні: 18.08.2011

                                                                             Бейімбет Майлин
                                                                               (1894-1938)
                                                                             Ақбаланың тоқтысы
«Жетімнің, жесірдің қақып жеу - харам.»
   (Молдалар шариғатынан)
     Байынан қалған көнетоз арбасы бар. Жесір қатынға қалған қай нәрсе ыстық емес. Әсіресе, арбасы ыстық. Көзі тірісінде де арбасын кісіге көп бере қоймайтын, «сындырып  тастайсыңдар, бүлдіресіңдер» деп безілдейтін. Байы өлгелі Ақбала да арбасын кісіге көп бере қойған жоқ. Қали сопы жұма намазына барамын деп баласын екі-үш рет жіберген соң, шарасыздан соған ғана беріп еді...
    «Баяділ молда Төрттөбе болысын аралауға барады екен» деген хабарды естігенде, Ақбаланың жүрегі зырқ ете қалды.. Баяділ молданың дәулеті ешкімнен кем емес. Табысы жеткілікті. Молдалықтан табыс шамалы болып бара жатса, райсоюзге тары жиып беруге агент болып кететін өнері де бар. Сөйтіп жүріп әбзелге жарымайды. Шайманның салқам арбасын екі жылдай қабаттасып жегіп, ақырында, Беркімбайдың шешесінің жаназасына барғанда бел ағашын омырып, үйіне әкеліп тастады.Ақбаланың қорыққаны - арба сұрайды ғой дегендік еді. «Мал иесі уәлі» деген рас, бір күн молда келіп көзін сүзіп тұр:
-Ел аралаған соң түсім болмай тұрмайды ғой. Қолыма мал түссе, таңдамай біреуін саған берейін, жегіп баруға арбаңды бер,-дейді.
- Бұрыңды-соңды ел аралағанда молданың құр қайтқан жолы жоқ. Уәдесіне жегіп мал беретін болса, үйде тұрғанда арба не табады, беру керек, - деп Ақбала лоблиды. Бірер күннен соң, Ақбаланың арбасына көк атты жегіп, прәшкесінде1 күзеулі тор байтал, молдекең мықшиып Төрттөбеге асады...
* * *
    Іңір уақытында:
-        Молда келе жатыр! - деген хабар дүңк ете қалды. Ақбала үйден жүгіре шықты. Қара жолдан бұрылып келеді екен. Молда Ақбаланың арбасының үстінде отыр. Кешірдегі баласы прәшкедегі байталға жайдақ мініп, 15 шамалы қойды арбаның артынан шұбыртып айдап келе жатыр.Ақбала қуанып кетті:


Аштық құрбаны
Енгізген: ERbol | күні: 18.08.2011

                                                                             Бейімбет Майлин
                                                                               (1894-1938)
                                                                             Аштық құрбаны
  Боран. Қар бораны... Қар бораны емес-ау, қан бораны!.. Желі ұйтқып соққанда, тұншықтырып дем алғызбайды. Қары майда,жабысқақ емес, тікенектей қатты; бетке тисе қарып, қаны-сөлінді сорып алғандай.
   -Қатын-ай, үйі құрғыр азынап кетті ғой, тағы бірдеңе тауып жағасыңба!.. - деді Қайрақбай.
   Аласа, тар жер үйдің іші ит байласа тұрғысыз, есігінен, терезесінен жел азынап үйдің іші қырауытып кеткен.
   -Қайтейін, байғұс, отқа жағатын не қалды дейсің, лапастың төбесін әлдеқашан жағып бітірдік. Қар астында қалған азын-аулақ саңылтырын Дәмеш екеуіміз әлгіде қазып алып жақтық.
   Шырынкүл пештің алдына отырып, сөніп бара жатқан оттыңң шоғын шыпшамен көсеп, тағы бір жайнатып қойды. Жанып біткен қамыстың шоғы қанша ұзаққа барсын, ә дегенше болмай сөніп калды. Шырынкүл шын налыды.
   -Құдай-ай, жоқшылықтың да шегі болмайды екен ғой! Қара судан басқа ішетін бір ұрттам тамақ жоқ. Екі күннен бері дым татпай, жүрек қарайып отырғаны мынау! Мұның ар жағында не болмақшы? Не қыламыз? Немен күн көреміз?

Аш, жалаңаш...
Енгізген: ERbol | күні: 18.08.2011

                                                                             Бейімбет Майлин
                                                                               (1894-1938)
                                                                               Аш, жалаңаш...     
     Күз...Ызыңдаған ашы жел суық лебін денеге соғып, тітіркендіреді. Денені түршіктіріп, қыстың ызғарын көз алдыңа елестетеді:
-        Қыс келеді, қыс келеді!.. - дегендей болады.
Қыс, көріп жүрген қыс. Қыстың суығына ұрынбау үшін адам баласы әдістеніп үйренген. Әлі келгендері:
-        Отын даярлап жатыр...
-        Тон-ішігін даярлап жатыр...
Әлі келмегендері:
-        Бұлар не қылсын?.. Несін даярласын?!.. Жоқ қой, табары жоқ қой!
Бұлар - кім? Бұлар - үсті-басы кір-кір, екі көзі ғана жылтырап, көше бойында бүрсеңдеп жүрген балалар ғой, үсті-басы алба-жұлба, денесі көрініп тұр. Екі көзі мөлдіреп, өткен-кеткенге сұқтанып қарайды.
-        Сендер бақыттысыңдар ғой. Біздің аш-жалаңаш жүргеніміз мынау! - дегендей болады.Қарны аш, үсті жалаңаш, денесі кір-кір, ібіліс, нас! Қандай күш мұны тентіретіп жүр? Әкесі қайда?.. Бауыры қайда? Неге қарнын тойдырмайды?.. Неге үсті-басын жуып, мұнтаздай қылып киіндіріп қоймайды?!
-        Ай, дүние-ай, десейші! Әке болса, әкенің қарасар дәрмені болса, бүйтіп қояр ма еді? Іштен шыққан баласын кім жек көреді дейсің, әттең дәрмен!..

Арыз
Енгізген: ERbol | күні: 18.08.2011

                                                                             Бейімбет Майлин
                                                                               (1894-1938)
                                                                                 Арыз     
   Жасым 15-те, күйеуге шығу дегенді әзір ойлағандай болғам жоқ еді... Жұлдыздың 10 күні милиция келіп, «сені калаға алып барамын» деді. Ықтиярсыз келдім. Келген соң аныкталды. Мені алдырушы Асылбек Қалақбасұлы екен. Мен Қалақбасұлына тиемін деп еш уақытта сөз берген емеспін. Милицияға менің атымнан беріліп отырған қағазды подлог деп тануларыңыз керек.
   Кеңес өкіметінің әйел бостандығы туралы шығарған заңға сүйеніп, байға тию-тимеуде мен өзімді ерікті деп санаймын.Оның үшін соттан өтінемін: менің сыртымнан подлог арыз берген және мені машақатқа салып, абыройымның ашылуына себепші болған Асылбек Қалақбас баласын заң бойынша жазаласаңыздар екен.
Арыз иесі: Зейнеш Күрдебай қызы».

Алғашқы сабақ
Енгізген: ERbol | күні: 18.08.2011

                                                                             Бейімбет Майлин
                                                                               (1894-1938)
                                                                               Алғашқы сабақ
       -Әй, қоясың ба, - деп Мінайдар басын көтеріп алды. - Жетті ғой... Кісіні орынсыз күйдіресің?!
   -Мен бірдеме айтсам күйесің де қаласың-ау, - деп қатыны Маржанкүл, ашулы қарқыны басыла түсіп, күмілжіп сөйледі.
   Маржанкүл бәсеңдеген соң Мінайдар да кенет келген ашуды ыдыратып, сұрланған бетіне аздап қан жүгіргендей болып, тікірейген көзін Маржанкүлден аударды. Кішкене үндемей отырды да, ашуының тарқай бастағанын білдіргісі келген адамдай:
   -Кісі тіліне көп ересің, соныңа ашуым келеді. Болмаса ұрыс шығаратын осында не бар? Жалғыз мен бе, жұрттың бәрі де барып жатыр, - деді.
   Соңғы сөзді айтқанда Мінайдардың ашуы түгел тарап, қалыпты күйіне келіп еді. Маржанкүл осы қалпын сезгендей болып, о да бұрынғыдан жұмсара түсіп:
   -Жұрттың бәрінің де барып жатқаны рас-ау, оның үшін ашуланбаймын ғой... Менің қытығыма тиетіні Сары шешейдің үйіне жиылатындарың, басқа үй құрып қалғандай соның үйіне жиналуын қарасайшы?.. Осы бар ғой, ойласам ішім от болып жанып кетеді. Сары шешей айтады дейді: «Қожалық өзімнің әмеңгерім. Қожалық тірі тұрғанда кетіктің басқасына мойын бұра алман» деп айтады, - дейді. Сен үйіне барған соң екі көзін сенен айырмай қарайды да отырады ғой... Соның үшін күйемін, -деп Маржанкүл, жүнін түтіп отырып, Мінайдарға шын сырын айтты.
   Мінайдар шынтақтап жатқан күйі, кеңкілдеп күлді. Кетік тісінен тілі жылмаңдап шығып тұрды.
    -Ит-ау, кеше ұрысқанда сақалың сапсиып не бетіңмен барасың деген жоқ па едің? Енді бүгін екінші түрлі ғып үлгіртіпсің ғой...

Айымкүл
Енгізген: ERbol | күні: 18.08.2011

                                                                           Бейімбет Майлин
                                                                             (1894-1938)
                                                                               Айымкүл
   Оған көп жыл болды.Ыбырай қызын ұзатайын деп жатыр деген соң тойына бардық. Айымкүл өзі теңдес қыздардың ішіндегі көрікті, ақылдысы еді. Елдегі бозбалалардың ішінде Айымкүлге көңілі кеткендер көп болған. Бірақ Ыбырай бір кісі: «Қызымды жақсы жерге беремін» деп талайдың атының басын қайырып, ақырында Пурабай деген байдың қатыны өлген баласына берген.Айымкүл бұған риза емес, бай баласы Рақымды «жасы 40-тан асып кетті, кәрі» дейді, «өзімнің сүйгеніме тиемін» деп айтатыны соңғы кезде ел арасына шашылып жүрген. Сондықтан тойға баруға кім болса да құмартып еді. Бұрын-соңды қазақ қыздары әке-шешесінің дегенінен шығып кете алмайтын болса да, Айымкүлде өзгеше бір күш бар, Айымкүл көнбейтін секілденуші еді...                                                                          
                             

Айт күндері
Енгізген: ERbol | күні: 18.08.2011

                                                                           Бейімбет Майлин
                                                                             (1894-1938)
                                                                              Айт күндері
     - Айт құтты болсын!
   - Айтсын, жақсылығы бірге болсын!
   - Жыл он екі айда бір келген жарықтық «айт» қой, бұл күнді көрген де бар шығар, көрмеген де бар шығар...
I
     Сәске түс. Желсіз тынық ыстық. Азғана мал ауылдың қорасында көлеңке сайын топтанып, көбі салған түтінге ықтасында тұр... ызындаған маса, сона, шіркей есінді тандырғандай...
    Ауылдың адамының бәрі қыбырлап, ерсілі-қарсылы кезіп жүр. Бәрі де киінген. Жүздерінде әлденедей бір куаныштың белгісі бар. Жер ошақ біткеннің көбінде асылған қазан, ақ көбігі бұрқылдап семіз ет қайнап жатыр... Кәрі-құртаң шалдар, кемпірлер екеу-екеу көлеңкеде отыр.
    -Жарықтық-ай, бұл күнді де жұрттың көретін күні бар екен-ау!..
    Ауылдың орта жеріндегі бір үйдің алдында үйме-жүйме болған кісі. Ішінде кәрілеу кемпірлер, бірен-саран шалдау адамдар да бар...
   Біреуі пышақ қайрап, бір жігіт семіздеу қызыл өгізді ұстап тұр.
Шеттен келген адам: