Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Дүйсенбі, 29.04.2024

Құрметті оқырмандар, ақпарат танымдық порталына қош келдіңіздер! Бұл сайттан сіздер көптеген қызықты мақалалар мен керекті ақпараттарды ала аласыздар!Сайтты пайдалану толықтай тегін!

Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 817
Показано материалов: 801-810
Страницы: « 1 2 ... 79 80 81 82 »

Тіршілік эволюциясы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

VІ. ТІРШІЛІК ЭВОЛЮЦИЯСЫ

 4.1. Тіршілік эволюциясы

Тіршілік өзі қалай дамыды? Тірі затты құрайтын элементтер бір-бірімен қалай бірікті? Қазіргі таңда бұл сұрақтар бойынша дәйекті жорамал құруға мүмкіндік беретін мәлімет көп және жеткілікті. Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияны Пфлюгер, Дж. Холдейн және Р. Бейтнер ұсынды. Бірақ толық түрде бұл теория биохимик, академик А.И.Опариннің 1924 жылы жазылған "Тіршіліктің пайда болуы” деген еңбегінде қарастырылды. Бұл теория бойынша тіршіліктің пайда болуы – Жердегі ұзақ эволюцияның - алдымен атмогидросферадағы химиялық, одан кейін биологиялық эволюциялардың нәтижесі. Бұл концепция қазіргі кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай - ақ көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым көпшілігімен мақұлданған.

Тіршілік эволюциясы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

VІ. ТІРШІЛІК ЭВОЛЮЦИЯСЫ

 4.1. Тіршілік эволюциясы

Тіршілік өзі қалай дамыды? Тірі затты құрайтын элементтер бір-бірімен қалай бірікті? Қазіргі таңда бұл сұрақтар бойынша дәйекті жорамал құруға мүмкіндік беретін мәлімет көп және жеткілікті. Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияны Пфлюгер, Дж. Холдейн және Р. Бейтнер ұсынды. Бірақ толық түрде бұл теория биохимик, академик А.И.Опариннің 1924 жылы жазылған "Тіршіліктің пайда болуы” деген еңбегінде қарастырылды. Бұл теория бойынша тіршіліктің пайда болуы – Жердегі ұзақ эволюцияның - алдымен атмогидросферадағы химиялық, одан кейін биологиялық эволюциялардың нәтижесі. Бұл концепция қазіргі кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай - ақ көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым көпшілігімен мақұлданған.

Шопеннің фортепианолық шығармашылығы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Шопеннің фортепианолық шығармашылығы

ХІХ ғасырдың 30 – 40 жж. әлемдік музыка Европаның шығысынан келген үш ірі көркем құбылыспен байыды. Шопен, Глинка, Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалық  мәдениеттің тағы бір маңызды жағын ашты. Өз халқының арман – мұраты, қасіреті, үстемдік етуші психологиялық құрылымы    

Шопен өз шығармашылығын фортепианолық музыкамен шектеп қойды. Басқа аспаптарға жазған бірнеше шығармасы бар(фортепиано, скрипка, виолончельге арналған трио, фортепиано мен виолончельге арналған полонез бен дуэт, виолончельге арналған соната, дауысқа арналған әндер қатары). Бірақ Шопен фортепианолық шығармашылығының ішінде көркемдік, көп қырлылық пен биікке жетті.


Тұқым қуалаушылық
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРГІШТІКТІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

Генетиканың даму тарихы

Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен  өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп  отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады.

Планетадағы заттардың айналымы. Өзектілік қағидасы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Планетадағы заттардың айналымы. Өзектілік қағидасы

 

      Жердің затымен төмендегі негізгі үш түрлі ішкі процестер үнемі жүрген және қазір де орын алып отыр:

 

 

      1. Біз атқылаған вулкандардан лава түрінде бақылайтын, балқыған тау жыныстарының (магмалардың), ыстық заттардың қозғалысы.

 

       2. Біз жыныстардың жоғары, төмен немесе жан-жаққа қозғалыстары арқылы ой - қорытынды жасай алатын қатты жынытардың қозғалысы.

 

          3. Жердің терең қабатында орналасқан жыныстардың аса жоғары қысым және температура әсерінен әртүрлі өзгерістерге ұшырауы (бір түрден екінші түрге айналуы).


Қазақстан құстары
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

ҚАЗАҚСТАН ҚҰСТАРЫ

ШЫРША ҚАЙШЫАУЫЗЫ - тау өзеніненжағалай өсетін ағаштарда жиі кездесетін торғайдың бір түрі. Қоректері- қыста пісетін шырша тұқымдары. Шырша қайшыауызының тұмсығы атына сай айқасып тұрғандықтан, ол оның жемін оңай алуына көмектеседі. Бұл құстың ерекшелігі- көктемде жұмыртқаламай, керісінше қақаған қаңтар айында жұмыртқалап, балапандарын шығарады. Қоректі олаоға үнемі аталығы жеткізіп отырады. Ал аналығы балапандарын ұядан қашан ұшырғанша шықпайды. Олар балапандарын жемсауында,ы жібіген қарағай тұқымын құсып беру арқылы асырайды. Сәуір айында балапандары өздері қоректенетін болады.

Айдың табиғатқа және тіршілікке тигізетін маңызы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

                                                                                                                                                                                           «Ай жарығы әлемді тануда бірінші сәуле болды

                                     Бұл сәуле ғасырлар ағымында барлық

                                     жұлдыздарды, шексіз әлемді өз билігіне

                                     алған ғылымның тууына  және танылуына

                                      әсер     еткен арайға  ұласты.

                                                                  Н.К.Фламмарион.

 

 

         Ғарыш техникасының күнбе-күнгі дамып келуі, адамдарды бірнеше он жылдықтан кейін айды толық игеруге мүмкіндік береді. Алдымен ғарыш кемелері мен станциялары едәуір үлкен геостационарлы орбиталарға айналады да, одан соң ай маңындағы кеңістікке алмасады. Геостационарлыорбита дегеніміз  - бұл Жерден шамамен 35800 км биіктіктегі шеңберлер экваторлы орбита.


ЖЫЛҚЫ МАЛЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТІЛДІК ЕДИНИЦАЛАРДЫ “ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ” ТЕОРИЯСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЗЕРТТЕУ
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Ғылым мен техниканың дамуы ғылымның барлық салаларына, соның ішінде тіл білімінің дамуына да өз әсерін тигізуде. Қазіргі заман талабына сай лингвистикада жаңа бағыттар мен түрлі салалардың негізі салынып, дамып, тіл білімінің зерттеу нысаны кеңейе түсті. Этнолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттаным, паралингвистика, прагмалингвистика тәрізді лингвистика салалары тілді жан-жақты, ғылыми тұрғыда зерттеуге мүмкіндік ашты. Қазақ тіл білімі де жаңа бағыттардағы зерттеулермен толығу, даму үстінде. «Ғаламның тілдік бейнесі» теориясы да өз кезегінде тілдік зерттеулерге негіз болып, тілдің дамуына өз үлесін қосуда.

Динозаврлар
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Динозаврлар

Жаппай жойылудың үлкен мысалдарының бірі ол бор дәуірінің соңында динозаврлардың жойылуы. Динозаврларға бауырмен жорғалаушылардың екі отряды Saurischa және Ornitischa – олар бүкіл мезозой дәуірінде құрлықта тіршілік етті, сол себепті мезозой дәуірін кейде динозаврлар дәуірі деп те атайды.

Мезозой дәуірінде динозаврлар өздерінің өрлеу шыңына жетті. Сол кезде олар екі отрядқа, 25 тұқымдасқа және 200-дей тұқымға жинақталды. Олардың ішінде аса ірілері брантозаврлар мен тиранозаврлар болма, сонымен қатар ең кіші түрлері де болған. Бұл топтар барлық жер шарының құрлықтарында таралып, 100 миллион жыл бойы тіршілік еткен. Содан кейін бор дәуірінің соңында бірнеше миллион жыл ішінде олар мүлдем жойылды.

Адам генетикасы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Адам генетикасының ерекшеліктері. Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен  өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының) болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді.