Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сәрсенбі, 15.05.2024

Құрметті оқырмандар, ақпарат танымдық порталына қош келдіңіздер! Бұл сайттан сіздер көптеген қызықты мақалалар мен керекті ақпараттарды ала аласыздар!Сайтты пайдалану толықтай тегін!

Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 817
Показано материалов: 791-800
Страницы: « 1 2 ... 78 79 80 81 82 »

Шопеннің фортепианолық шығармашылығы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Шопеннің фортепианолық шығармашылығы

ХІХ ғасырдың 30 – 40 жж. әлемдік музыка Европаның шығысынан келген үш ірі көркем құбылыспен байыды. Шопен, Глинка, Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалық  мәдениеттің тағы бір маңызды жағын ашты. Өз халқының арман – мұраты, қасіреті, үстемдік етуші психологиялық құрылымы    

Шопен өз шығармашылығын фортепианолық музыкамен шектеп қойды. Басқа аспаптарға жазған бірнеше шығармасы бар(фортепиано, скрипка, виолончельге арналған трио, фортепиано мен виолончельге арналған полонез бен дуэт, виолончельге арналған соната, дауысқа арналған әндер қатары). Бірақ Шопен фортепианолық шығармашылығының ішінде көркемдік, көп қырлылық пен биікке жетті.


Ядролық мұрадан қалған жәдігерлер
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Ядролық «мұрадан қалған жәдігерлер»

 

Ядролық қару – жалпы адамзаттың соры десек, Қазақстандағы ядролық полигондар – қазақтың 20 ғасырдағы ең ауыр қасіреті болды. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар бүкіл бір аймақтың қоршаған ортасы мен табиғи генофонына, адамдардың геніне әсер етіп, қалыпты мөлшерден әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар мен рентген сәулелері тіршілік атаулыға қауіп-қатер әкеліп, өте зиянды радионуклидтер тірі клеткаларға генетикалық өзгерістер туғызды. Бұған дейін жеті атасына шейін қыз алыспай, қан тазалығын сақтап келген елдің топырағында түрінен адам қорқатын құбыжық нәрестелер дүниеге келе бастады. Қазақстанның көптеген аймақтарында ересектер ауруы мен балалар өлімінің саны көбейіп, жалпы өмір сүру жасының ұзақтығы қысқарды. Сол кездегі белгілі оқымыстылар мен саясатшылардың, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың пікірлері бойынша Қазақстандағы экологиялық жағдай күрделі нүктесіне, ең жоғарғы деңгейіне жеткен.


Жердің жалпы ерекшеліктері
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Жердің жалпы ерекшеліктері

 

  Жер күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4,5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген.

  Жер қыртысыныңда ерекше граниттік-метоморфты қабат қалыптасқан. Мантиядан бөлінген газдар арқылы алғашқы атмосфера мен гидросфера пайда болған. Жер бетінде табиғи алғашқы жағдайлардың қолайлы болғаны сонша, планеталар қалыптасқан соң миллиардтаған жылдардан кейін өмір, тіршілік пайда болды. Жер бетінде өмірдің пайда болуы тек қанажер планетасының болу ерекшелігімен ғана емес, сонымен бірге Күн көзінен қолайлы арақашықтықтың дамаңызы бар. Себебі Күн көзіне планеталар жақын орналасса, онда жылу мен жарық мөлшері көп болады да, кез келген жамылғы (жер беті) судың қайнау температураснан жоғары болады. Ал жылуды аз қабылдайды да, өте қатты суынып кетеді.


Жер планетасының эволюциясы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Жер планетасының эволюциясы

 

      Жерді  Күн жүйесінің планетасы және аспан денесі ретінде қарастырсақ, ол диск тәрізді айналып тұрған газды - шаңды бұлттан 4,7 млрд жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезде осы бұлттың температурасына деген көзқарас бойынша зерттеушілердің бірнеше тобын көрсетуге болады. Олардың бір тобының ойы бойынша (В. Гольдшмидт, Г. Джеффрис, В.Г.Фесенков және т.б.) протопланеталық бұлт ыстық болған десе, ал зерттеушілердің екінші тобы (В.И.Вернадский, О.Ю.Шмидт, Р.Руби, А.П.Виноградов және т.б.) бұл бұлт суық болған деп есептейді.

 

Жер планетасы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Жердің жалпы ерекшеліктері

 

  Жер күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4,5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген.

  Жер қыртысыныңда ерекше граниттік-метоморфты қабат қалыптасқан. Мантиядан бөлінген газдар арқылы алғашқы атмосфера мен гидросфера пайда болған. Жер бетінде табиғи алғашқы жағдайлардың қолайлы болғаны сонша, планеталар қалыптасқан соң миллиардтаған жылдардан кейін өмір, тіршілік пайда болды. Жер бетінде өмірдің пайда болуы тек қанажер планетасының болу ерекшелігімен ғана емес, сонымен бірге Күн көзінен қолайлы арақашықтықтың дамаңызы бар. Себебі Күн көзіне планеталар жақын орналасса, онда жылу мен жарық мөлшері көп болады да, кез келген жамылғы (жер беті) судың қайнау температураснан жоғары болады. Ал жылуды аз қабылдайды да, өте қатты суынып кетеді.


Атом және атом ядросы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Резерфорд тәжiрибесi. Атомның ядролық моделi

Барлық заттар бөлiнбейтiн аса ұсақ бөлшектерден – атомдардан тұрады деген ұғым ерте қалыптасқан болатын. Егер атом шындығында заттың бөлiнбейтiн алғашқы кiрпiштерi болса табиғаттағы кездесетiн сан алуан заттарға сан алуан атомдар сәйкес қойылуы тиiс. Бұлай болуы бiр жағынан күмән туғызады.

Физика ғылымының дамуы барысында ХIХ ғасырдың аяғына қарата атомның қасиеттерiне байланысты жаңа тәжiрибелiк деректер жинала бастады. Мысалы М.Фарадей 1833 жылы электролиз құбылысын зерттеу барысында электролит ертiндiлерiндегi ток иондардың реттелген қозғалысы екенiн анықтады. Ал 1897 жылы Дж.Томсон сиретiлген газдардағы электр разрядын зерттеу барысында қыздырылған немесе ультракүлгiн жарықпен сәулелендiрiлген кез-келген химиялық элементтiң атомы өзiнен терiс зарядталған бөлшектердi шығатынын анықтады. Осылай алғашқы элементар бөлшек – электрон ашылды. Атом құрлысының күрделiлiгiне нұсқайтын тағы бiр бұлтартпас факт 1869 жылы орыс ғалымы Д.И.Менделеев ашқан химиядық элементтердiң периодтылық заңы. Атомдық масса өскен кезде элементтердiң қасиеттерiнiң қайталануын атомның құрамына кiретiн бөлшектердiң саны өскен кезде оның iшкi құрылымының қандай да бiр ерекшелiгiнiң қайталануымен түсiндiруге болатындай.


Атом бомбасы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Атом бомбасы және КГБ (Жорес Медведев)

 

Жақында ғана АҚШ-та жарық көрген Кеңес мемлекеттік қауіпсіздігінің бұрынғы генералы Павел Судоплатовтың «Особые задания» естеліктер кітабындағы «Атомдывқ шпиондар» мақаласы батыста шу көтерді, өйткені бұнда америкалық атом бомбасы жөнінде кеңес барлаушыларының жетісті туралы айтылады. Батыс комментаторларына мына жайт қызуғышылық туғызды: Судоплатов НКВД үшін «ақпарат көздері» ретінде атақты ғалымдарды – Роберт Огенгеймер, Энрико Ферми, Нильс Бор, Лео Сицилард және Георгин Гамовты атады, бірақ та бұны ешбір құжаттармен нақтыламаған.

Биология дамуының қысқаша тарихы жөнінен анықтама
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Биология дамуының қысқаша тарихы жөнінен анықтама
1500 ж. — жану процесі жүрмейтін атмосферада жануарлардың өмір сүре алмайтындығы дәлелденді (Леонардо да Винчи). 1609ж. — алғашқы микроскоп жасалды (Г.Галилей). 1628ж. — қан айналудың ашылуы (В.Гарвей). 1651 ж. — "Барлық тіршілік — жұмыртқадан” — деген қағида қалыптасты (В.Гарвей). 1661ж. — капилляр ашылды (М.Мальпиги). 1665 ж. — тоз (пробка) ұлпасында клетканың құрылымы анықталды (Р.Гук). 1668 ж. — шыбын дернәсілінің жұмыртқадан дамитындығы тәжірибемен дәлелденді (Ф.Реди). 1674ж. — бактерия мен қарапайымдар ашылды (А.Левенгук). 1676ж. — пластидтер мен хроматофорлар ашылды (А.Левенгук). 1677ж. — алғаш рет адам сперматозоиды анықталды (А.Левенгук). 1688ж. — түрге жүйелік (систематикалық) бірлігі ретінде анықтама берілді (Д.Рей). 1727ж. — көмірқышқыл газы ашылды (Дж.Блэк). 1766ж. — өсімдіктердің ауамен дем алатындығы дәлелденді (С. Гейлс).

Синаның (Авиценна) "Медицина канондары" атты еңбегі XІV ғасырға дейін дерлік барлық дәрігерлер үшін канондар ретінде пайдаланылды.
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен тәжірибе жасап, әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс – айланы ойлап тапты. Қазіргі замандағы біз ыңғайлылық, денсаулық және ойын - сауық үшін былай қарағанда өзінен өзі болуы керек сияқты көрінетін заттар мен құбылыстар ғылымның арқасында пайда болған. Қазіргі заманда ғылым түсінігінде, адамзат баласының жүріп өткен жолдары көрсетіледі және адамның қалыптасуының құралдары мен әдістері болып табылған, ғылымның тарихи – мәдени құбылыс ретінде пайдалануының нысандары көрініс тапқан.

Тіршілік эволюциясы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

VІ. ТІРШІЛІК ЭВОЛЮЦИЯСЫ

 4.1. Тіршілік эволюциясы

Тіршілік өзі қалай дамыды? Тірі затты құрайтын элементтер бір-бірімен қалай бірікті? Қазіргі таңда бұл сұрақтар бойынша дәйекті жорамал құруға мүмкіндік беретін мәлімет көп және жеткілікті. Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияны Пфлюгер, Дж. Холдейн және Р. Бейтнер ұсынды. Бірақ толық түрде бұл теория биохимик, академик А.И.Опариннің 1924 жылы жазылған "Тіршіліктің пайда болуы” деген еңбегінде қарастырылды. Бұл теория бойынша тіршіліктің пайда болуы – Жердегі ұзақ эволюцияның - алдымен атмогидросферадағы химиялық, одан кейін биологиялық эволюциялардың нәтижесі. Бұл концепция қазіргі кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай - ақ көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым көпшілігімен мақұлданған.