Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Дүйсенбі, 29.04.2024

Құрметті оқырмандар, ақпарат танымдық порталына қош келдіңіздер! Бұл сайттан сіздер көптеген қызықты мақалалар мен керекті ақпараттарды ала аласыздар!Сайтты пайдалану толықтай тегін!

Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 817
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 81 82 »

Айранбай
Енгізген: ERbol | күні: 18.08.2011

                                                                           Бейімбет Майлин
                                                                             (1894-1938)
                                                                              Айранбай
   Айранбайдың үйіне кіріп келгенде-ақ нендей кәсіппен айналысатыны беп-белгілі. Ол басында кірлі қара тақтай, маңайы толған былғары, қайыстың қиқымы; біз, пышақ, қайрақ, қалып, мұрындық қоқырсып жатыр.
  Көйлексіз, жеңсіз күртеше тонды жалаңаш етіне киіп алып, Айранбай ескілеу етікті бастап жатыр. Оң тізесін баса жердегі қоқырсыған былғары қайыстың қиқымымен ойнап, шашы жалбыраған бір әйел бала отыр.
  Айранбайдың бет ажары онша болмағанмен, таралмай ұйысқан қою қара сақалы барлық бетін қаптап, тәу көрген адам «елуді соққан қу ғой» дейтін. Қабағы бір түрлі тұнжыраңқы. Әлденеге кейігендей, әлдекімді түтіп жеп қойғандай болып отыр. Тарамысты тартып шынтағын көтеріп қалғанда, тізесіне жармасып отырған қызына тиіп кетті.
     -   Сорлы-ай, іс істегенде жаныма келме дегенді сен де бір тындасайшы, - деп қызын итеріп тастады.
   Қызының көзі жаутандап әкесінен ғапу өтінгендей, үйде отыру айыбы өзінен емес екендігін білдіргісі келгендей пішінмен:
    -    Тіпті... балалар ойнатпайды... Ұра береді, - деді. Ол екі арада шаңдатқан құйындай бұрқыратып, еңгезердей бір әйел үйге сөйлеп кірді.
     -   ...Қайбір жақының бар еді?! Сенің өлген-тірілгеніңе қарайтын солар ма еді?

"Қара бала"
Енгізген: ERbol | күні: 18.08.2011

                                                                           Бейімбет Майлин
                                                                             (1894-1938)
                                                                              "Қара бала"
  Дүйсенді ауылының қатындары да, еркектері де «Қара бала» дейді. Қара бала деп атандырып жүрген көбіне қатындар. Дүйсеннің өзінің түрі де қатындардың сөзін расқа шығарарлық. Тышқан көзденген, бет-аузы бір уыс, қатқан қара; бойы  жапалтақ, жүрген-тұрғанда ықшам-ақ. Мінезі де бала секілді. Ауыр айттың деп кектемейді, арсалаңдап күліп жүргенін көресің.
   Қара балаға қатындар үйір, үйіне қыдыра барса ананы әпер,мынаны әпер деп жұмсап болады. Қара балада арлану жоқ, айтқандарының бәрін істейді. Кейде бұлданып: «Сендердің жалдап қойған малайларың емеспін ғой» десе, қатындар қағыңғырлап қарғап болады.
    Іңірдегі шайды ішіп алған соң Қара баланың кәсібі ауылды қыдыру. Бір үйден шығып, екінші үйге барып, кезеді де жүреді. Сол кезумен жүріп ауылды тегіс жатқызып, үйіне жарық сөнген соң келіп, пештің жанындағы ескі тулақты сипалап жүріп тауып алып, қисайып жата кетеді. Жұрттай жанын баптау, төсек салып шешініп жату - Қара баланың әдетінде жоқ. Кейде кәрі шешесі келіп:

"Ол бір түс қой"
Енгізген: ERbol | күні: 18.08.2011

                                                                           Бейімбет Майлин
                                                                             (1894-1938)
                                                                           "Ол бір түс қой"
  Қаланың күн жақ бетінде бұйығып отырып, Берғали ойға шомды...Күн жалтыр. Күн жақ беткей күн көзімен жіпсіп, еріп жатыр.Көлеңке жақ қатпай ызғар. Жел екпіні ызғарлы тұла бойды қуалай соғып, денеңді түршіктіріп жібереді. Қыс батқан арық малдар төрт аяғын бауырына алып, күнгей бетте бүрсиіп тұр. Анда-санда күйсейін десе де, көзінен сорасы ағып, маужыраған соң көзін жұмып мүлгуге айналады...
    Бөрігінің басы қайқайып, қысқа тоны қаудырап, қарына іліп Диқанбай шықты. Шуақтағы сиырларды суатқа айдамақшы болып еді, бұйығып шыға қоймай, тұрған жерінің қарын шиырлай берді. «Иттің малы!» деп мұқыл мүйіз тарғыл сиырды шелекпен сілтеп өтті. Шелек салдыр етті. Шошып кеткендей болып, Берекен басын көтерді. Сеңсең тымағының көзіне түскен жалбасын қолымен кейін итеріп қойды. Көзін Диқанбайға қадады. Шапыраштандырып, атып жібергендей болып қараса да, Диқанбай елең қылған жоқ. Шапыраштанған көзден сескенетін Диқанбай емес. Шынында шапыраштанған көзді сезген де жоқ. Берғали солай қарадым ғой деп ойлағанмен, Диқанбайша ол бір кәрі біткен, отсыз жыпылықтаған көз еді.
- Әй, құдай-ау, көрсеттің-ау! Не жазығым бар еді?!. Біттім ғой, сәндім ғой!.. - деп, Берғалидың көзінен бүртік жасы ытқып шығып, қою қара сақалының тал-талының бойын қуалап аға берді...

"Желдібай Жындыбаев"
Енгізген: ERbol | күні: 17.08.2011

                                                                      Бейімбет Майлин
                                                                        (1894-1938)
                                                                      "Желдібай Жындыбаев"
  Желдібай болыстық кеңседен келгенде екпінімен тау құлатқандай еді. Қара құлақшынды желкеге таман баса киген; арты тілік ескі қара пәлте делегейленіп, түйме біткені ағытылып кеткен: ербиген кішкене жебесін ширатып тастапты. Көзі күлім-күлім етеді. Оң қолында сырты кірлеп, майланған, о басында ақ кенептің шумағы екені білінгендей бір дорбасы бар. Кенеп дорбадан керегінің бәрі табылады: көйлек-ыштаны да сонда, үгулі насыбайы да сонда, бірен-саран ескі газеттер де бар. Бәрінен қадірлісі, Желдібайды екпіндетіп жүргені гүбірнадан науқан өткізе келген өкілдің жазып берген мандаты; мандаттың ішінде астын сызып койған «товарыш Жындыбаев» деген сөз бар. Гүбірнелік өкіл сол мандатты беріп жатып:

Түйебай
Енгізген: ERbol | күні: 17.08.2011

                                                                      Бейімбет Майлин
                                                                        (1894-1938)
                                                                          Түйебай
Біздің ауылдың жайлауы Қоржынтомар дейтін жер. Қоржынтомар екі жағы қоржын секілді бүйірлі, ортасы үзіліс -алшақ. Томардың ортасы Қүрақты көл; біздің ауыл ылғи күншығыс жағында отырады. Ауыл отыратын жағында томардың кезең суаты бар. Бала-шаға күн ұзаққа сол суатқа суға түсіп, ішіміздегі бойшандарымыз орталықтағы құраққа да барады; ең жаңа көшіп келген әзірде, құрақтың ішінде, ескі қамыс саңылтырларды судың бетіне жинап үйіп, шағала жұмыртқа салады. Өзіме тете ағам бар; менен екі-үш жас үлкен болғанмен, менің бойым оныкінен аласа емес. Суға түскенде көбіне соған ілесіп, қамысқа барам. Жалтыр тайыздап сала береді. Жұмыртқа іздейміз... кей жерлерде су бетінде калқыған ұя, шағып тастаған жұмыртқаның қабықтары кездеседі.
-        Балапанын шығарып әкеткен ғой, - дейміз.
    Кей кездерде ырысымыз жеңсе, қалқыған ұяның үстінен тап-тарғыл болып жатқан шағаланың кішкене сопақ жұмыртқасы кездеседі.

Алты түлкі
Енгізген: ERbol | күні: 16.08.2011

Бұрынғы уақытта алты түлкі жолдас болыпты. Алтауының біреуінің құйрығы шолақ екен. Ана құйрығы ұзын бес түлкі: «Сенің құйрығың жоқ»,— деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі: «Осыларды, мен осы бес түлкінің қандай қылып құйрықтарын шолақ қылып өзіме тең қылып қоямын»,— деп ойлап келіп, тапқан ақылы. Сонда бес түлкіге айтты:

Астана саммиті – Қазақстанның жұлдызды шағы
Енгізген: ERbol | күні: 15.08.2011

– ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті – Қазақстанның жұлдызды шағы болды, – деп мәлімдеді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың 15 жел­тоқсанында Тәуелсіздігіміздің 19 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде. «11 жылдың ішінде осынау беделді халықаралық ұйымның жоғары деңгейдегі басқосуын өткізу ешбір елдің қолынан келмеді. Қазақстан ғана бұл мақсатты іске асырды. Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ның барлық елдерін біріктірген айтулы оқиға болды. Осыдан 19 жыл бұрын Қазақстанның бас қаласы – Астана әйгілі «Хельсинки рухының» лайықты ізбасары болатыны ешкімнің ойына келмеген еді. Бүгінгі күні бұл мақсатты біз жүзеге асырдық. Біз ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету шеңберіндегі өз бағдарламамызды орындадық. Алғаш рет тұтастай Еуразияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ЕҚЫҰ-ның негізгі бағыттары айқындалды. Бұл – көптеген жылдарға дейін біздің еліміздің және оның әрбір азаматының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді деген сөз. Астана Саммиті – Қазақстанның жұлдызды шағы», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. «Ортақ жеңісіміз бен мақтанышымыз үшін мен барлық қазақстандықтарға шын жүрегімнен алғыс айтамын», – деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы.

Астана асығы алшысынан түсті
Енгізген: ERbol | күні: 15.08.2011

Әрине, өткен жылдың басты жетістігі – Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткеніміз және Астанада ұйымның кезекті қорытынды декларациясын қабылдағанымыз. Егер жаһандық ауқымда ой толғар болсақ, бұл – жер шары халықтарының аса қауіпсіз әлемге деген үміті мен сенімін білдіретін жалпыға ортақ тарихи жеңіс. Ал Қазақстан шеңберінде өзіміздің геосаяси капитал жасап, жаһандық ойыншылардың қатарына қосылғанымызды танытатын прецедент.

Астана Саммитінің стратегиялық мәні
Енгізген: ERbol | күні: 15.08.2011

Біз Батыстың беделді Ұйымына Азия елдері арасында алғашқы төраға болып, құрлықтың тұтас қауіпсіздігі жөнінде тұңғыш бастама көтердік. Осы төрағалық Ұйым тарихында аса маңызды оқиға болды. Еуропаның, Азияның, АҚШ-тың, Канаданың ЕҚЫҰ-ға кіретін 56 елінің, ынтымақтастық жөндегі 12 әріптес елдің, 6 халықаралық ұйымның делегациялары 2 күн бойы Астанада қазіргі заманның толғағы жеткен проблемаларын талқылады. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун және тағы басқа жетекші әлемдік державалардың көшбасшылары Саммиттің жұмысына ерекше мән берді. Төрткүл дүниенің назары екі күн бойы біздің елімізге ауып, Астанада адамзаттық ауқымдағы түйткілді мәселелер талқыға түсті.

Әлем назарындағы желтоқсанның екі күні
Енгізген: ERbol | күні: 15.08.2011

Желтоқсанның екі күні. Әлем назары Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ Саммитінде болды. ЕҚЫҰ Саммиті – халықаралық тарихи оқиға. Бүгінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық қызметіне жоғары баға берген әлем қауымдастығы желтоқсандағы Астана Саммитін тарихи жеңіске бағалауда. Саммиттің Астанада өтуі – қазақстандықтардың жаһандық табысы.

«Бармасаң, келмесең – жат бо­ларсың» дейді қазақта. Әлемнің көш­басшы көсемдері ғасыр тоғысынан асар онжылдықта тағы бір бас қосты. Бұл жолғы басқосуды бірауыздан саммиттік қонақтар он бір жылдан соңғы сағынып жеткен, қауіпсіздік, ынтымақтастық саласындағы сірескен сеңдерге жылу берерлік көз көрісіп, қол алысқан жоғары дәрежелі жиын деп мойындады.
Атамыз қазақ сөзге шешен. Ғұлама қазақ ертеңгі күнді көрегендікпен болжамдаған. Стратегтік пайымын жасырмаған. «Іргесі берік елді жау ала алмас, Ауызы бір елді дау ала алмас» деп кеткен.