Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 111-120 |
Страницы: « 1 2 ... 10 11 12 13 14 ... 64 65 » |
Есімшелердің етістіктерше жұмсалу қызметі | |
Есімшелердің етістіктерше жұмсалу қызметі Есімшелер етістіктің де есімдердің де қасиетін бойына сақтаған функциялық тілдік бірлік дедік. Бірақ есімшелер барлық кезде де етістіктердің мына қасиетін сақтап қалады: 1. Есімше тұлғасындағы етістік өзінің амал-әрекетін, қимылдық мағыналарын сақтайды. 2. Есімше тұлғалы етістік өзінің салт-сабақтылық қасиетін жоғалтпайды. 3. Есімше қосымшалары етістіктің болымды, болымсыз түріне қосылып, сол болымды, болымсыз мағынасын өзгертпейді. 4. Есімшелерде шақтық мағына олардың негізгі мағынасы болып саналады. 5. Етіс қосымшаларынан кейін қосылған есімшелер оларға шақтық мағына қосады, етіс мағынасына ықпал жасамайды. |
Сын есім түрлері | |
Мақал-мәтелдер —сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилыкезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген. Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады. |
Сингармонизм | |
Сингармонизм ...Жоспар 1. Сингармонизмге жалпы түсінік 2. Буын үндестігі 3. Дауыстылардың үндесуі 4. А. Байтұрсыновтың сингармонизм туралы зерттеуі Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин. Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады. Мысалы: Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау. Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік. |
Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің құрылым | |
Бүгінгі күні тіл ғылымы жаңа – антропоцентристік бағытта дамып келеді. Жаңа бағыттағы зерттеулердің дені тілді адам баласының өзін-өзі тануының құралы ретінде қарау принципіне сүйенеді. Бұған дейінгі лингвистикадағы басым бағыт – құрылымдық болса, қазіргі кезде бұл дәстүрден өзгеше дәстүр қалыптасты. Тілді тек өз ішіндегі құрылым ретінде емес, адамның ой-санасы, мұқтаждықтары, жаны мен тәнінің өзгерісіне қарай құбылып қана қоймай, дамуының жаңа кезеңдерінде тіпті адам тұлғасы мен танымын қалыптастыра алатын тірі жүйе ретінде қарастыру басшылыққа алынған. Сондықтан да қазіргі заман лингвистикасында екі ғылым шегіде дамыған социолингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, лингвокультурология, когнитивтік лингвистика сияқты тілтанымдық ғылымдар салалары қарқынды дамып келеді. Бұл ненің көрінісі? Біздің ойымызша, бұл адамды, адам қоғамы мен олардың даму заңдылықтарын зерттейтін психология, когнитология, культурология, социология сияқты ғылымдардың өз нысандарын танып білу үшін тілдің маңызды фактор екенін сезінудің көрінісі. Яғни адам баласының барлық әрекетін, оның болмысын тілсіз танып білу мүмкін емес. Тіл қоғамдағы тарихи, әлеуметтік, мәдени, рухани өзгерістерінің айнасы іспетті. Осыған байланысты тілдік жүйенің құрылымдық бірліктері тек лингвистиканың ғана емес, этностану, әлеуметтану, елтану т.б. нысанына алынып отыр. Ендігі кезекте лингвистика ғылымы да өзінің зерттеу нысанын әлдеқайда кеңейте түсті. |
Сан есім | |
Сан есім Қазіргі қазақ тіліндегі сан есім – дербес сөз табы. Ол басқа сөз таптарынан лексика-семантикалық, грамматикалық жағынан ерекшеленеді. Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы. М: Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер. Қазіргі қазақ тіліндегі бардық сан есімдер жиырма шақты сөздер арқылы жасалады. Оларды бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар деп беруге болады. |
Орхон, Енисей, Талас ескерткіштеріндегі және қазіргі қыпшақ тілдеріндегі моносиллабтардың құрылымдық ерекшеліктері | |
Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі бiр буынды түбірлер мен түбір-негіздер құрамындағы дауысты дыбыстар қазіргі қыпшақ тобындағы тілдермен салыстыра қарағанда бiрнеше фоно-корреляттар түзеді. Ескерткіштер тіліндегі а дыбысының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерістері төрт түрлі сәйкестік ауқымында ғана көрінеді және өте сирек кездеседі. Бұл түркi тiлдерi вокализмдерi жүйесiндегi а фонемасының тұрақтылық сипатынын айғағы. а ≈ ä.. at(ï) ≈ at(a) ≈ ät(ij), ескерткіштер тілінде: at(ï) «немере, туыс» (Айд. І, 171) Bu bitig bitigme atïsï jollïγtegin «Бұл жазуды жаздырған туысы Иоллығ Тегін» КТк. 13 ~ тат. тілінде ät(ij), басқа қыпшақ тілдерінің көпшілігінде (қаз., ққалп., қырғ., ноғ., құм.) at(a) түрінде тұлғаланып «әке, баба» мағынасында және жалпы егде жастағы ер адамдарға қатысты қолданылады (ЭСТЯ I, 200); jan(a) ≈ zän(e), Орхон ескерткіштерінде jan(a) «және» (Айд. І, 211; Айд. ІІ, 101). jaγï bolïp, itinü jaratunu umaduq, janï ičikmis «Жау болып қолдарынан түк келмей және бағынды» КТү.10. Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі бір буынды түбірлер мен түбір-негіздер құрамындағы а фонемасының ä фонемасына ауысуы қыпшақ-ноғай тобындағы тілдерден гөрі қыпшақ-бұлғар тобындағы тілдерде жиі кездесетінін байқауға болады: башқ. bäj(läm) «вязание», bäj läneš «связь», jäj «лето», jäš «молодой», jäš(en) «молния, гроза», säs «волос», т.б. (БРРБУС, 19, 30, 31) ~ қаз., ққалп., ноғ. baj(lam), baj(lanïs), žaz, žaj, šaš. Қазіргі қыпшақ тобындағы тілдердегі ä фонемасымен қолданылатын моносиллабтардың ескерткіште |
Одағай туралы | |
ОДАҒАЙ Одағай сөз табына жататын сөздер адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатымен ғана емес, сонымен қатар басқа біреуге бұйыру, ишара білдіру немесе малды, үй хайуандарын шақыру, айдау, қорғау мақсатында да қолданылады. Тіліміздегі одағай сөздер осындай мәніне қарай үш топқа бөлінеді. 1) көңіл-күй одағайлары; 2) императивтік одағайлар; 3) тұрмыс-салт одағайлары, Одағайлар сөйлемде белгілі бір мақсатпен қолданылғанымен, біріншіден, өз алдына жеке-дара тұрып, лексикалық мағына білдіре алмайды, нақты ұғымдық мәні жоқ, екіншіден, сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. Сондықтан одағайлар синтаксистік жағынан оқшау сөздер деп аталатын топқа жатады. Бірақ одағайлар сөйлемде білдіретін жалпы ойға қатысы бар: айтушының әр түрлі көңіл-күйін, сезімін, ишара етуді, императивтік мәнін, жеку, мал, жануарларға бағышталып айтылу мәнін, т. б. білдіреді. |
Мемлекеттік тіл - татулық тірегі | |
Мемлекеттәк тіл – татулық тірегі Тілден биік асқар жоқ, Тілден асқан байлық жоқ, Тілден терең теңіз жоқ. Ғ.Мүсірепов. Тіл – адамдық белгісінің бірі. Тіл өте қажетті, өйткені тіл арқылы бір – бірімізбен әңгімелесе аламыз. Тілсіз мемлекет болмайды. Қазақта тілі жоқ халықты – "тұл” деп атайды. Қазақ тілі – "еліміздің мемлекеттік тілі” екендігі Конституцияда заңдастырылған Біз хабар білсек оны ауызша және жазбаша түрде айтамыз, білдіреміз. Ауызша айтқан өте қажет. Өйткені осылай әдебиет дамыған. Жазба ол ауызшадан да қажет. Өйткені жазу арқылы біз ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан қазақ халқының салт – дәстүрін, тарихын білеміз. |
Мезгіл пысықтауыш | |
Қазақ тіліндегі мезгіл пысықтауыштар Жоспары: 1. Мезгіл пысықтауыштың анықтамасы мен ерекшелігі 2. Мезгіл пысықтауыштың жасалу жолдары мен тұлғалары 3. Мезгіл пысықтауыштың мағыналық құрылымы мен қолданысы 1. Мезгіл пысықтауыштың анықтамасы мен ерекшелігі Қазақ тіліндегі сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі – пысықтауыштар өз ішінен мағынасына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. 1. Мекен пысықтауыш (қайда, қайдан, қалай қарай) 2. Мезгіл пысықтауыш (қашан ,қашаннан, қашанға дейін) 3. Себеп пысықтауыш (неліктен, не себепті) 4. Амал (сын-қимыл) пысықтауыш (қалай, қайтіп) 5. Мақсат пысықтауыш (не үшін, қандай мақстапен) 6. Сан-мөлшер пысықтауыш (қанша рет, неше рет, нешінші рет, қаншама, қаншалық) |
Көне Түркі тіліндегі шылаулардың лексико-грамматикалық мағынасы | |
КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ Тiлдiң басқа салалары сияқты синтаксистiң құрылысы да заман өткен сайын бiрден – бiрге өзгерiп, толығып, жетiлiп отырады. Бiрақ тiлдiң бұл құрылысы басқа салаларға қарағанда құбылмалы емес. Алғашқы категориялық негiзде дамып, кеңейiп отырады. Ал тiл фактiлерi оның ұзық жасайтын тұрақты грамматикалық сала екендiгiн байқатады. Тiлiмiзде бiраз сөздер сөзге қосымша мағына үстеу үшiн жұмсалып, грамматикалық амал ретiнде қызмет атқарады.Олардың өздерiне тән лексика – грамматикалық мағыналары бар. Олар тiлдiң бүкiл даму тарихында кейбiр есiм, етiстiк формаларының бастапқы лексикалық мағыналары бiрте – бiрте әр түрлi дәрежеде солғындап немесе жоғалып, әр алуан грамматикалық мағыналарды иеленiп қалыптасқан. Шылаулардың лексика – грамматикалық мағыналары жеке тұрғанда абстракты болғанымен сөз аралықтарында конкреттенiп отырады. Жалпы шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарына қарағанда әлдеқайда басым. Орхон – Енисей және Талас ескерткiштерiндегi шылаулардың атқаратын қызметтерi өзiндiк ерекшелiктерiмен әр түрлi дәрежеде көрiнедi. Олардың бiрқатары сөз бен сөздiң арасындағы грамматикалық байланыстарды айқындаса, кейбiреулерi жеке сөздер мен сөз тiркестерiн не болмаса сөйлемдi анықтау, толықтау үшiн я қосымша реңк беру үшiн және тағы басқа мқсаттар үшiн қолданылады. |