Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Дүйсенбі, 23.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым

В разделе материалов: 646
Показано материалов: 131-140
Страницы: « 1 2 ... 12 13 14 15 16 ... 64 65 »

Қазақ тілін оқыту әдістемесі- Ахмет Байтұрсынов «Жазу-оқу» деген түрі
Енгізген: ERbol | күні: 19.07.2011

Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістемесі- Ахмет Байтұрсынов «Жазу-оқу» деген түрі

 Былай деп біреулер жазу мен оқу екеуін қабат үйретуді айтады, біреулер оқуды жазу арқылы үйретуді айтады. Әдістің затына соңғы мағынада айтулары дұрыс келеді. Өйткені, бүл әдісті қолдаушылар оқу үйретуді оқудан бастау дұрыс емес, жазудан бастау дұрыс дейді.
 Мұны былай дәлелдейді: «Жазу жоқ кезде оқу жоқ. Оқудан жазу дүниеге бұрын келген. Оқуды жазу тудырған» дейді.

Қазақ тілім, өркенде
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

СӨЗ ҚҰДІРЕТІ

 Елкей ханның әмірі жүріп тұрған заманда Оңғар деген әрі ақын, әрі жыршы кісі өмір сүріпті. Менмен хан бір жиында Оңғарды атымды тұсап кел деп жұмсайды. Оңғар "бармаймын” деуге қатыгез ханнан қорқады. Атты тұсап болып, жоғары қарағанында қарақұстың ұясына көзі түседі. Ұядағы бір балапанды қойнына тығып ала қайтады.
 Қайтып келіп:
 Ханеке, атыңызды тұсап келдім,
 Бүгін бір мал баққанға ұқсап келдім.
 Жарлыда жарылқайтын ештеңе жоқ,
 Мінеки, балаңызға құс ап келдім, -
 деп қойнындағы балапанды ханға ұсыныпты. Сөзден жеңілген хан ақыннан ат-шапан айып беріп құтылыпты.

Қазақ тілі фонетикасы
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

Дәріс сабақтары

 1- тақырып. Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика туралы түсінік.
 Дәріс жоспары (1 сағ)
 1. Қазіргі қазақ тілінің зерттеу нысаны мен міндеттерін ашу.
 2. Қазақ тілінің жалпы халықтық әдеби тіл екендігі.Қазақ тілінің тарихи даму жолы.

 Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.

Қазақ тілі мұғалімдеріне арналған мәліметтер
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдеріне арналған
 мәліметтер.

 Сабаққа қойылатын талаптар:
 1.Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау;
 2.Сабақтың түрін анықтау,жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру;
 3.Оқушының білімін бекіту,қайталау,бақылау жүйесін ойластыру;
 4.Үй тапсырмасының көлемін,түсініктілігін,баланың мүмкіндіктерін қадағалау;

 Сабаққа дайындалу және ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
 1.Сабақ материалы оқушының денсаулығына зиян келтірмейтіндей көлемде белгіленуі
 қажет;
 2.Әр сабаққа дайындықты берілген тақырып бойынша жоспарлаудан бастау қажет;
 3.Әр сабаққа демонстрациялық,дидактикалық материалдарды,техникалық құралдарды дайындау;

Қазақ тілі дыбыстық жүйесінің А.Байтұрсыновқа дейінгі зерттелуі
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВҚА ДЕЙІН ЗЕРТТЕЛУІ

 Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз.

Қазақ тіл білімінде сөздерді сөз таптарына бөлу шарттары
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

Қазақ тілінде сөз таптастырудың
 негізгі принциптері туралы

 Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш принципі бар:
 1. семантикалық,
 2. морфологиялық,
 3. синтаксистік.
 Семантикалық принцип бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды, морфологиялық принцип бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал синтаксистік принцип бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі болуына сүйенеді.

Қазақ мақал-мәтелдерінің гендерлік сипаты
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК СИПАТЫ

 Қазақ халқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық. Оның қай түрін алсақ та, тәлім-тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өcиеті ерекше. Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері.

Ғұрыптық фольклор лексикасы,идиоэтникалық семантика
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімінде әсіресе соңғы жылдары көбірек көңіл бөліне бастаған антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің нәтижесі этностың байырғы тұрмыс-тіршілігінің, қазіргі болмысы мен өткендегі өмір сүру тәжірибесінің, күнкөріс мәдениетінің, өзіндік ежелгі заттық және рухани құндылықтарының түрлі тілдік көріністері тек лексика мен фразеологияда ғана емес, ономасиологияда да, фоносемантика мен перифразалық құбылыстарда да көрінетінін дәлелдеп отыр.

Шығармашылық шыңдалу - басты бағыт
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЫҢДАЛУ – БАСТЫ БАҒЫТ

 Қазіргі кезде ғылымда тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруына тәрбиелеу жөнінде яки түрлі пікір қалыптасқан. Олардың бірі-өзін ұйымдастыру тәрбиеге байланысты десе, екіншісі – тәрбиеге байланыссыз деп тұжырымдайды.Көпшілік ғалымдар тәрбиеге байланысты деген пікірді қуаттайды. Шын мәнінде адамның барлық жақсы қасиеттері, жақсы сапасы тек қана биологиялық емес әлеуметтік жағдайлардан да болып, ол өмір бойы игеріледі. Өзін дамыту, пайдалану адамның интеллектуалдық ерекшелігіне және еріктік бағытта болатын әрі қарай әрекетке дамитын қабілет. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта, ұйымдастыра алатын тұлғаларда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенімділігі, табандылық сияқты қасиеттер арқылы шығармашылықты дамытады. Өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті аса маңызды қасиет – ол салауаттылық.

Үстеу туралы
Енгізген: ERbol | күні: 18.07.2011

Үстеуді жеке сөз табы деп танытатын оның басты белгісі - семантикалық сипаты болып табылады. Ол қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық-амалдық белгілерін, болу себебі мен мақсатын, т,б. білдіреді. Үстеудің басты грамматикалық сипаты – оның арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің және грамматикалық категорияларының жоқтығы. Кейбір жекелеген үстеу сөздерге шырай жұрнақтары да жалғанады: жоғары-рақ, төмен-ірек, тез-ірек, ақырын-дау, әрі-рек, ілгері-леу, ерте-рек, ерте-леу, бері-рек, дәл-ірек, т.б. Осыдан көрінетіндей, шырай жұрнақтары кейбір мекен үстелеріне де (жоғары-рақ, әрі-рек), мезгіл үстеулеріне де (кеш-іре, ерте-рек), сын-қимыл үстеулеріне де (тез-ірек, ақырын-дау) жалғанады. Бірақ үстеудің мағыналық түрлерінің ешқайсысы да толық түрінде шырай категориясымен түрленбейді. Мысалы, мекен үстеулерінің (әлдеқайда, жол-жөнекей, әріде, сонда, алға, т,б.), мезгіл үстеулерінің (бүгін, былтыр, биыл, әлі, енді, қазір), сын-қимыл үстеулерінің (тікелей, бірден, әлінше, лезде, зорға) кейбіріне шырай жұрнақтары қосылмайды. Бұның өзі «негізгі