Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 151-160 |
Страницы: « 1 2 ... 14 15 16 17 18 ... 64 65 » |
Әлем тілдерінің топтастырылуы | |
Мазмұны 1. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы. 2. Тілдердің типологиялық классификациясы. 5.1. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырылады. Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді: |
Әлемнің тілдік көрінісінің тіл мәдениетіндегі бейнесі | |
Тілдің табиғилығы мен оның даму мәдениеті қадым заманнан бері көтеріліп келе жатқан мәселе, бұл ұлттық таным мен ұлттық сана сезімнің қалыптасуынан келіп шығатын үрдіс екені белгілі. Қазіргі тілдің даму ширегіне жеткен кезінде, және жаһандануға байланысты тіларалық қарым-қатынастың тереңдей түскен шағында бұны ескі сарынмен және біржақты заңдылықтардың шеңберінде қарау көп жағдайларда қазір тілшілердің, тіл жанашырларының сыңаржақ пікірлерін туындатып жататыны да аян. Қазіргі тіл тазалығымен оның мәдениетінің дамуын әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика сияқты тілдің ғылымның өзге ұштасқан салаларымен байланыстыра қарап бағамдауымыз қажет. |
Ғалам эволюциясының моделі | |
Ғалам эволюциясының моделі 1922 жылы А.А.Фридман Эйнштейннің салыстырмалық теориясына сәйкес Әлемнің эволюциялық сипатын ашты. Бұдан кейін В.М.Слайфер галактикалардың көпшілігі (өзінің өлшеген 41 ден 36) 2000 км/с жылдамдықпен алыстап бара жатқандығын және тек, бірнеше галактиканың ғана жақындап келе жатқандығын анықтады. Кейін Күн біздің галактикамызда 250 км/с жылдамдықпен айналатындығы және осы галактикалардың жақындау жылдамдығы Күннің осы объектілерге қарай қозғалатындығына байланысты екендігі анықталды. (Алыстағы объектілердің жақындауымен алыстауын Доплердің эффектісін пайдалану арқылы анықтауға болады. Осы эффектіге сәйкес жақындап келе жатқан күннің сәуле толқындарының ұзындықтары азайтылып, спектрдің көгілдір жағына ығысқан, ал алыстап келе жатқан күн сәулесі толқындары үлкейіп спектрдің қызыл жағына қарай ығысқан.) 1929 жылы америкалық астроном Эдвин П.Хаббл (1889-1953) галактикалардың бастапқы нүктеден жан жаққа шашырайтындығын анықтады. Бұл нүкте ғаламның орталығы деп аталып, осыдан кейін ғалам қалыптаса бастаған бұл оқиға - Үлкен Жарылыс деген атқа ие болды. |
Саяси жанжалдар | |
Саяси жанжалдар Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді. Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатын. |
Саяси билік – саясаттанудың негізгі проблемасы | |
САЯСИ БИЛІК – САЯСАТТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАСЫ Саяси биліктің түрлері. Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеу¬меттік міндеттерді билік арқылы, құқықтық заң-жобалар, на¬нымдар және басқа шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады. Бұл ретте саяси жүйенің өз ішінде саяси рөлдердің өзі бөлініп отырады. Мемлекет саяси билікті жүргізу¬дегі ең негізгі буын болып табылады. Мемлекет мынандай си¬паттармен айқындалады: – бұқаралық билікті жүзеге асыратын адамдардың ұйымы, ол үшін нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды қалыптастырып отырады; |
Саясаттың әлеуметтік ақиқат ретіндегі атқаратын қызметі | |
САЯСАТТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК АҚИҚАТ РЕТІНДЕГІ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ Саясат білімдерінің дәуірлерге бөлінуі. Саясаттану пәнін дәуірлерге бөліп оқыту оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Ол ғылымдар саласында қалыптасқан заңдылыққа орай қоғам¬дық-экономикалық формацияларға, олардың тиісті саяси-құқықтық қондырғыларына және қоғамдық сананың түрлеріне сәйкес жасалады. |
Саясаттағы марксистік концепцияның алатын орны | |
САЯСАТТАҒЫ МАРКСИСТІК КОНЦЕПЦИЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ Марксизмге көзқарас қалай өзгерді? Марксизм – ХIХ ғасыр¬да дүниеге келіп, ХХ ғасырда көптеген елдерге кеңінен тараған философиялық, экономикалық, әлеуметтік көзқарастардың жүйесі. Бүгінгі таңда марксизм туралы әр түрлі баға беріліп, тұжырымдар жасалуда. Олардың басым көпшілігі марксизмді қатты сынап, тіпті бұл бағытты қате, теріс идеология деп көрсетуде. Әсіресе ТМД елдері деп аталатын бұрынғы Кеңес Одағының республикаларында марксизм өте төмен баға¬лануда. Оны оқу процесінен алып тастап, Маркстің, Энгельс¬тің, Лениннің еңбектерін саяси-қоғамдық пәндердің әдебиеттер тізіміне енгізуден бас тартып отыр. Кейбір жоғары оқу орындарында марксизм деген аттан безіп кеткен кафедралар да аз емес. Марксизмнің беделін түсірген, ең алдымен объективті жағ¬дайлар. Бұл жағдайлар марксизмге тікелей байланысты емес. Шығыс Еуропаның Чехославакия, Польша, Алмания, Венгрия, Румыния, Болгария, Албания, Югославия сияқты елдерінде социализмнің күйреуі тез арада өтті де, осы аталған елдер капиталистік (мүмкін демократиялық) жолға бет бұрды. Алайда ең түбегейлі төңкеріс КСРО-ның кенеттен жойылуымен бай¬ланысты болды. Оның құлауы – қайта құру деген іс-әрекеттен басталды. Бұл мемлекеттердің стратегиялық бағыты социа¬лизм болмай, өздерінің жариялауы бойынша демократиялық қоғам болып шықты. |
Саясаттану тарихындағы дара тұлғалар | |
САЯСАТТАНУ ТАРИХЫНДАҒЫ ДАРА ТҰЛҒАЛАР Саясаттану тарихында түрлі елдерді қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын әлемдік үрдістердің жалпы азаматтық жетістіктері мен мұраларына қомақты үлес қосқан айтулы мемлекет, қоғам қайраткерлерінің есімдері ұшырасады. Олардың баршасының күш-жігері өз халқы мен елін өркениетке жеткізіп, мемлекет құрылымын жетілдіру жолына жұмсалағандығын аңғарамыз. |
Саясаттану пәні және оны оқып үйрену әдістері | |
САЯСАТТАНУ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУ ӘДІСТЕРІ Саясаттану – саясат туралы пән. Біз күнделікті өмірде саясатты сөз етпей тұра алмаймыз. Әңгімені көп жағдайда нақты саяси білімі жоқ адамдар да жасай береді. Мысалы, авторитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйе туралы айтылатын жайларды жиі естуге болады. Сонда олардың баршасы істің мәнін дұрыс түсінеді ме екен? Айталық, біздің қоғамның даму бағыттарын немесе консенсус, саяси оппозиция, билік дағда¬рысы, т.с.с. саяси ұғымдарды толығымен түсінеміз бе? Қоғам дамуының шым-шытырық бағдарын түсіндіретін саясат¬тану пәні болып табылады. |
Орта ғасырлардағы саяси ілімдер | |
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ САЯСИ ІЛІМДЕР Батыс Еуропаның феодалдық қоғамының саяси-құқықтық ой-пікірлері. Батыс Еуропада феодалдық құрылыс 1 мың жылдан астам уақыт дамыды. Үш тарихи кезеңнен өтті: біріншісі – V ғасырдың соңы мен ХI ғасырдың ортасына дейінгі уақытты қамтыған ерте феодалдық кезең; екінші кезең – гүлдену дәуірі, ХI ғасырдың ортасынан ХV ғасырдың аяғына дейін созылды. Ал феодализмнің құлдырау дәуірі ХV ғасырдың соңынан ХVI ғасырдың аяғына дейінгі уақытты алды. |