Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сисенбі, 24.02.2026
Главная » Файлы » Білім және ғылым

В разделе материалов: 646
Показано материалов: 161-170
Страницы: « 1 2 ... 15 16 17 18 19 ... 64 65 »

Мемлекет – саяси жүйенің негізгі буыны
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

МЕМЛЕКЕТ – САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ БУЫНЫ
 Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекет белгілі бір тер¬ритория шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополиясына ие, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізіп отыру құқығына ие, барлық жұртқа міндетті заңдар мен ережелер шығарудың ерекше құқығына, салық салып отыру құқығына ие болатын құрылым.

Идеология – қоғамдық қатынастардың құрамдас бөлігі
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

ИДЕОЛОГИЯ – ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
 Идеология дегеніміз не? Идеология – ілім, қоғамдық сана (грекше – ідса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – тап¬тың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік. Қазақ совет энциклопедия¬сының 4-томында оған «таптың, әлеуметтік топтардың мүд¬десін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы» деген анықтама берілген.

Жаңа заманның саяси ғылымының қалыптасуы және дамуы
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

ЖАҢА ЗАМАННЫҢ САЯСИ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
 Қайта өрлеу дәуіріндегі саясат пен құқық проблемалары. ХVI ғ. феодализмге қатты соққы жасалды. Капиалистік қаты¬настар ене бастады, буржуазия мен пролетариат пайда бол¬ды. Шаруалар қозғалысы өршіді. Әлеуметтік, саяси револю¬циялар дәуірі басталды. Католик шіркеуінің о дүниелік игілік теориясына қарсы адамның ақыл-ой, тәжірибесі, жасампаздық күші күреске шықты. Жаңа заманның саяси ілімдерінде адам, жеке адам мен мемлекеттің қарым-қатынасы туралы пробле¬малар маңызды орын ала бастады. Бұл «гуманизм» немесе Қайта өрлеу идеологиясы деп аталды. Антикалық мұраттарды пайдалану арқылы жаңа, буржуазиялық идеология жасалына бастады. Шіркеу мекемелерін сынауды алдыңғы қатарлы күш¬тер «реформация» туы астында жүргізді. Шіркеуді демократия¬ландыру ежелгі христианствоның талаптарына сай болды. Алайда сенімсіздік те бар еді. Езілген халықтың идеологиясы утопиялық социализм теоретиктері Т. Мюнцер, Т. Кампанелла, Т. Мор шығармаларында көрініс тапты. Утопист-социалистер мүлік ортақтастығын, жеке адамды қорғайтын ұжымдық құры¬лысты, мемлекетті жақтады.

Ежелгі дүниедегі саяси ой-пікірлер
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕДЕГІ САЯСИ ОЙ-ПІКІРЛЕР
 Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия; Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл ел¬дерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүние¬дегі алатын орны да осы қиял-аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифология¬лық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді.

Демократияның саяси институттар жүйесіндегі алатын орны
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

ДЕМОКРАТИЯНЫҢ САЯСИ ИНСТИТУТТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
 Саясаттану курсында демократия атаулы ұғымының алатын орны ерекше. Себебі демократия – бағзы заманнан бері халықпен бірге жасап келе жатқан қарапайым да, адам таңқаларлық ғажап ұғым. Мәселен, Геродот ұсынған антиктік демократияның белгілерін қарастырып көрелік. Біріншіден, адамдар қызметке жеребе тастау жолымен іріктелді. Екіншіден, барша халық заңға бағынды. Үшіншіден, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдары жалпыхалықтық жиналыста шешімін тауып отырды. Осы аталған демократия¬лық принциптерді алғашқы болып Аристотельдің бастауымен Афины Республикасы енгізді. Ең кедей деген төртінші тапқа да сайлау құқы берілді. Сөйтіп, ұлы философтардың қолдауымен Афиныда өмірге келген полистік демократияның дамуы 300 жылға созылды.

Бұқаралық ақпарат құралдары – саяси күрестің субъектісі мен объектісі
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ – САЯСИ КҮРЕСТІҢ СУБЪЕКТІСІ МЕН ОБЪЕКТІСІ
 Қарулы төңкеріс пен ақпараттық төңкеріс туралы. Үстіміздегі ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында дүниежүзілік ең құдіретті елдердің бірі – КСРО ыдырап, тәуелсіз мемле¬кеттер пайда болды. Бұл адамзат тарихындағы аса ірі өзгеріс¬тердің бірі еді. Оны көптеген көзі қарақтылар «ақпараттық төңкеріс» деп атап жүр. Бұрынғы Француз немесе Ұлы Қазан сияқты ірі төңкерістерге қарағанда «ақпарттық төңкерістің» барысында әр қилы идеялар үшін мыңдаған адамның өмірі құрбан болған жоқ. Бұрын әркім өзінің идеясының дұрыстығын дәлелдеу үшін қарсыласын қарудың күшімен құртатын еді. Соңғы «өркениетті» төңкерістің өзгешелігі де сол, қарсыла¬сымызды ақпараттық кеңістікте дәлелдің, ақыл-ойдың, саясат¬тың күшімен «құртатын» болдық. Идеялар шайқасы суық қарудан гөрі ақпарат қаруларының көмегімен жүретін болды.

XIX ғасырдың саяси концепциялары
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

ХIХ ҒАСЫРДЫҢ САЯСИ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ
 ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси-құқықтық теориялардың негізгі бағыттары. Бұл мерзімде капиталистік өркениет екі дәуірлік фактордың ықпалымен дамыды. Бірінші¬ден, Ұлы Француз революциясы капитализмге даму жолын тазартты; екіншіден, өнеркәсіптік төңкеріс капитализмді орнық¬тыра түсті. Монополизмге дейінгі капитализмде буржуазиялық бостандыққа, прогреске, заңдылыққа ұмтылысы байқалды. Буржуазиялық саясаттың негізгі бағыты либерализм болды. Бірақ либерализм дәйекті болған жоқ. Буржуазиялық ескі феодалдық қалдықтармен: дворяндармен, монархиямен ком¬промиске келіп отырды. Буржуазия пролетариаттан да қорық¬ты. Енді ХVIII ғасырдағы «бостандық, теңдік және бауыр¬ластық» жолындағы патшалық «буржуазияның патшалығына» айналды. Билікке ие болған буржуазия революциялық идеоло¬гиядан бас тартып, саясаттың, құқықтың, мемлекеттің либе¬ралдық теорияларын жасап, буржуазияның өктемдігін барлық жағынан қорғады.

Саяси мәдениет
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

САЯСИ МӘДЕНИЕТ
 Қазіргі заманның елеулі ерекшеліктерінің бірі – адамзат қоғамының демократиялық даму жолына түсуі, жалпы¬адамзаттық қазыналарды ту етіп көтеріп, оларды басшылыққа алуы. Бұл ерекшеліктердің ойдағыдай өрістеп, жан-жақты өрбуінің кепілі – саяси мәдениет. Ол әдетте адамның саяси өмірді оңды қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен қоғамдық өмірдегі әр түрлі саяси жағдайда өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін, қандай болмасын мемлекеттік құрылыстың, сондай-ақ белгілі бір саяси жүйенің сын-сипатын, өріс-өзгерісін, саяси процестің бағытын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
 «Саяси мәдениет» ұғымының саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. Дегенмен, ежелгі ойшылдар: Платон, Аристотель, кейінірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және басқа ғалымдар әрқилы салт-дәстүрлерге тәрбиеленіп, әлеуметтік және саяси тәжірибе жинақтаған адамдардың бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезінетіндігі, оған санқилы жауап қайтаратындығы неліктен деген сұрақтарға жауап іздеген.

Саяси партиялар және олардың жіктелуі
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

САЯСИ ПАРТИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
 Саяси партия ұғымы. Қазақстан өз дамуының жаңа белес¬терін бастан кешіріп жатыр. Саяси партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгі¬сі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-саяси институттар орнығып жатыр. Демек оның іргетасы әлдеқайда сенімді болмақ.
 Елімізде демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын қалыптастыру ерекше маңызды. Қазіргі уақытта республикамызда заңда белгіленген тәртіппен тіркелген 15-ке тарта саяси партия бар. Отан, Социалистік партия, Қазақстан халық конгресс партиясы, Демократиялық партия және Қазақстан халық бірлігі партиясы. Бұлардың қызметтері қоғамдық білестіктер жөніндегі заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар саяси партиялар жөніндегі арнаулы заң қабылау қажеттілігі де туындап отыр. Осыған байланысты бірқатар шетелдік саяси партияларға қатысты тәжірибелерді қарастырып көрелік.

Халықаралық саяси үрдістер
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСИ ҮРДІСТЕР
 Халықаралық саясатта әлемдік дамудың негізгі бағыттары әрдайым басты назарда болатыны белгілі. Егер зер сала қарасақ дүние жүзінің саяси картасының құрылысы өте күрделі. Ондағы алып жатқан мемлекеттердің әрқайсысының өзіндік орны бар. Мемлекеттердің көпшілігі бір-бірімен шекара¬лас жатыр. Саяси шекараның сипаты іс жүзінде мемлекеттік шекара бола бермейді. Ол халықаралық келісім бойынша, уақытша жасалатын шарт, яғни демократиялық шекара. Соңғы кездері территориялық шекаралық мәселелер дүние жүзінің көптеген аудандарында күрделі, әсіресе мемлекетаралық және ұлтаралық шиеленістің етек алуына әкеп соқтыруда.