Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 181-190 |
Страницы: « 1 2 ... 17 18 19 20 21 ... 64 65 » |
Ерік психологиясы туралы | |
Жоспар 1. Еріктің анықтамасы. 2. Таным және ерік. 3. Еріктің физиологиялық негіздері. |
Іс-әрекет психологиясы | |
С ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты түсініктердің бірі. Іс-әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан, психиканың пайда болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен оның психологиялық сипатының құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру мүмкін емес. Алайда, іс-әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория диалектикалық материализм философиясы негізінде құрылып, алғашқы түсіндірулері Л.С. Выготский (1896-1934), С.Л. Рубинштейн (1889-1960), А.Н. Леонтьев (1903-1979) сынды кеңестік психологтердің есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет ұғымын өз тұрғысынан қарастыруға барлық белгілі психологтер, көптеген әйгілі философтер мен ХХ ғасыр методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы бірқатар теоретикалық пікірталастардың пәніне айналып, «түсіндіру принципі» ретінде танылды. Ол психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу «бірліктерінің» бірі болып қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші психологтердің методологиялық көз қарастарының көптүрлігіне қарамастан, бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз деп қабылдауға болмайды. Іс-әрекеттің әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толықтыра және түрлендіре отырып, 1940 жылдың ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын белсенді процестер. |
1941-1970 жж. Кеңес мектебі мен педагогикасы | |
1941-1970 жж. кеңес мектебі мен педагогикасы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мектеп және педагогика. Кеңес халқының фашистік Германияға қарсы соғысы көптеген материалдық күшті керек етті. Еңбекке жарайтын миллиондаған адамдарды бейбіт еңбектен бөлді. Соғыстың ауыр зардабы еліміздегі халық ағарту ісіне кеңес мектебінің өміріне әсер етпей қойған жоқ. Сан мыңдаған жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер мен студенттер Кеңес Армиясы қатарына, халық жасақшыларына, партизандық күреске аттанды. Мұғалімдер мен оқушылар, колхоз бен совхоздағы ауыл шаруашылық жұмыстарына, металл сынықтарын, дәрі-дәрмектер жию ауруханадағы жаралыларға дәрігерлік жәрдем беру, әскер жанұяларына қамқорлық жасау жұмыстарына белсене араласты. Соғысқа жақын жерлердегі балалар тылға көшірілді. Жергілікті жерлерде ол балалар үшін үлкен қамқорлық жасалды. Мектеп-интернаттар ұйымдастырылды. Немістер уақытша басып алған жерлерде ондаған мың мектептер қиратылды және тоналды. Тек ғана РСФСР территориясында неміс басқыншылары 17 мыңдай, Украинада 20 мыңға жуық мектеп үйлерін қиратты. Онымен қатар мектептерде мұғалімдер жетіспеді. Соғыстың алғашқы айларында мектеп мұғалімдері мен оқушылар қолына қару алып, өз Отанын қорғауға аттанды, олар өздері тәрбиеленген идеалына беріктігін, соғыста да, тылда да ержүректік пен ұйымшылдықтың және тәртіптің үлгісін көрсете білді. |
Адам санасы туралы | |
Адамның дене бітімінің қалыптасуы. Адам өте ертедегі адам тектес
маймылдан шыққан. Адамның дене бітімінің қазіргі жоғары дамыған
маймылдардың дене бітіміне ұқсауы сондықтан. Алайда, адам маймылдардың
қазіргі типінен тарады деу жаңсақтық болар еді. Ғылым осыдан шамамен 50
миллион жыл бұрын жар-тылай маймылдар — лемуарлар, одан кейінірек
шамамен осыдан 30 миллион жыл бұрын төменгі дәрежеде дамыған маймылдар —
парапитектер — адам тәріздес маймылдардың арғы аталарының пайда
болғанын дәлелдеп отыр. Одан бертінірек (шамамен осыдан 15 миллион жыл
бұрын) ежелгі антропоидтар — дриопитектер өмір сүрген. Соңғыларының өзі
екі текке бөлінеді: бірі — қазіргі май-мылдар — горилла мен шимпанзе де
екіншісі — жоғары дәрежеде дамыған антропоморфты маймылдар ромапитектер
мен австралопитектер. |
Бала, педагог, ата-ана балаларды тәрбиелеудегі бірлікті қамтамасыз ету | |
Мұғалім мен оқушылардың қатынасуында көптеген жағдайлар бар. Рухани
өсімнің үздіксіздігі, кіші мектептер жасындағы оқушының бір қалыпты
жетілуден бастап, тез секіріп үзіліп кететін жеткіншек мінезінің
қалыптасуы, мұғалімге оқушымен көріп жүрген қатынасудың өзінде өзін
тыныш сезіну мүмкіндігін бермейді. Жеткіншек жасөспіріммен
қарым-қатынасты жетілуі олардың көңіл-күйінің төмендеуіне
байланысты күрделіленеді – ол жеңіл және еркіндіктен бастап, тез
жараланатын күйбелектікке дейін өзгеруі мүмкін. Педагог кез-келген нақты
жағдайда дұрыс бағытталған оқушының көптеген сапаларын жұмсартуға
арналған ерекше жалғыз қатынасу жолын таба білуі қажет. Педагог
тәрбиеленушілерін өз сезімдерін басқара алуға, шындықты қабылдай алуға, басқа адамдармен қатынасуын бағалай алуға үйреткені жөн. |
Ата-ананың беделі және педагогикалық әдептілік сезімі | |
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік,
қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы
қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін, әрбір
тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт-
дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің
бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы
шарт. Ол рухани адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен
байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны
жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез құлқы
жетілген саналы адам қалыптасады. |
Қиял туралы жалпы ұғым | |
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік
образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға
ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді)
тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзім
|
Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері туралы | |
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып
келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен
әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары
бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты
игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді
меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ",
"Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас
булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады. Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат". |
Білім мазмұнын қалыптастыруға байланысты негізгі теориялар | |
Білім мазмұнын қалыптастыруға байланысты негізгі теориялар Білім мазмұны тарихи сипатқа ие. Ол қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде алға тартылатын білім міндеттері мен мақсаттарына орай анықталады. Əрқилы əлеуметтік жүйедегі білім мазмұны біргелкі емес. Ол өмір, өндіріс жəне ғылыми білімдердің даму деңгейіне сəйкес өзгермелі. Білім мазмұнының қалыптасуына байланысты негізгі теориялар XVIII ғ. ақырында- XIX ғ. басында өрбіді. Бұлар мəн-мағынасына қарай білім мазмұнының материалдық жəне формальдық теориялары атауларымен педагогика тарихына енді. Білім мазмұнының материалдық теориясын қолданушылар (дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы тараптарлары) білімнің негізгі мақсаты – оқушыларға ғылымның əрқилы салаларынан мейлінше ауқымды білім игерту деп білді. Мұндай пікірді өткен дəуірлердегі көптеген танымал педагогтар қолдап, қуаттады (Я.А.Коменский, Г.Спенсер жəне т.б.). Аталған теория бүгінгі күнде де өз жүгінушілеріне ие (болмаса, оқушыларды шектен тыс жүктеме ақпаратқа кезіктіру неліктен тиылмайды?). |
Білім мазмұны | |
Табысты оқу қамтамасыздығы үшін неге оқыту қажет, білім мазмұны қандай болуы керектігін анықтап алу міндетті шарт. Білім мазмұны түсінігі бойынша біркелкі пайымдама жоқ. Білімдендіру қызметін іске асыруға бағытталған дəстүрлі педагогикада білім мазмұны оқушылар игеруі тиіс педагогикалық икем мен сəйкестікке келтірілген ғылыми ақпарат жəне оған байланысты тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар жүйесі ретінде қабылданған Білім мазмұнының мəнін ашуда бұл бағыт білімдік бағдарлы (знаниево-ориентированное) оқу атамасын алған. Мұндай оқу жүйесінде адамзаттың тарихи дамуы барысында жинақталған білімдер ғана əлеуметтік құндылық ретінде танылады. Бұл көзқарастан демократиялық қоғамның басты міндеті- шығармашыл, дербес ой жүргізе алатын адам қалыптастыру – жалаң білім жинақтау талаптарының көлеңкесінде қалып келді. |