Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жексенбі, 22.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым

В разделе материалов: 646
Показано материалов: 201-210
Страницы: « 1 2 ... 19 20 21 22 23 ... 64 65 »

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу-ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.

Бастауыш сынып оқушыларының музыкалық қабылдауының қалыптасуы: әдістемелік аспектісі
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Бастауыш сынып оқушыларының музыкалық қабылдауының қалыптасуы: әдістемелік аспектісі
 Ол баланың психофизиологиялық ерекшелігі мен қасиетіне байланысты. Жас ерекшелігіне байланысты музыка мұғалімі балаларды музыка қабылдауға үйретеді, тәрбиелейді. Оқудың даму мен тәрбиесі баланың психологиялық дамуына бағытталады және музыка қабылдау да осы процестегі негізгі бағыттар анықталады. Қалыпты, дені сау бала зерделі, білгіш, оны бәрі (әр нәрсе) қызықтырады, зейіні көз тартады.
 Баланың таңырқауы: музыка қоршаған ортаны, адамдарды, жануар әлемін, түрлі көріністерді, табиғат көріністерін суреттейді; музыка көңілін ашады, жылатады, билейді, адымдайды, «өмірден» алынған көріністерді ойнайды ... Мұғалім музыканың суреттеу-бейнелеу мүмкіншілігін балаға жеткізе білуі керек – бұл музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты, музыканы қабылдау қабілеттілігінің қалыптасуы мен дамуы болып есептеледі.

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері.

 Оқушыларға әлемдік деңгейде білім, тәрбие беру – қазіргі заман талабы. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының ролі барған сайын артып, моральдық факторлардың ықпал аясы кеңейе түсуде.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процесін дамыту
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті – табиғат, қоғам және оқушының психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.
 Оқу – танымдық іс - әрекет – бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқитындар меңгеретін іс - әрекеттер түрлері болып табылады.

Бастауыш сыныптарда мақал-мәтел, жұмбақтарды оқыту
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Бастауыш сыныптарда мақал-мәтел, жұмбақтарды оқыту

 Мақал - сөз анасы. Әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді өрнекпен не шешендік қара сөзбен айшықталған қысқа да нұсқа айтылған нақыл сөздердің мәйегі.Көбінесе екі тармаңтан құрылады. Бірінші тармағында ойдың түп нұсқасы пайымдалады, екіншісінде ой қорытындыланып түйінделеді. Мақал сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.
 Мәтел-мақалға ұқсас, бірақ мақалдай екі-үш тармақты емес, өлең сипатында құрылатын ықшамды, кестелі нақыл сөз. Ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа жаттала тараған өнеге, үлгі, өсиет сөздердің киелі түзілімі. Бастауыш сыныпта мақал-мәтелдер тақырып сайын және әр бөлім сайын оқытылады. Олар арнайы сағат ретінде де өткізіледі.

Батыс Еуропада орта ғасырдағы тәрбие және мектеп
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Батыс Еуропадағы орта ғасырдағы тәрбие және мектеп.

 Мазмұны:
 1. Орта ғасырдағы діни мектептердің пайда болуы.
 2. Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогика және мектеп.

 1. Орта ғасырдағы діни мектептердің пайда болуы.

 Құлдық қоғамның ыдырауы және құлауы оны жаңа феодальдық құрылыспен өзгертуге алып келді. Ал, сөзсіз оның алдындағы құлдық қоғаммен салыстырғанда прогрессивтік сипатта болды (себебі негізгі өндіргіш күш-шаруаның өз шаруашылығы болды, сондықтан да еңбекте құлдарға қарағанда кейбір ынталылық танытты), бірақ феодальдық құрылыстың негізіне феодалдардың, діниелерінің жерге жекеменшігі жатты.

Дүниені дүбірлеткен Түркілердің дене тәрбиесі
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

ДYНИЕНI ДYБIРЛЕТКЕН ТYРКIЛЕРДIҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСI

 "Қолына олимпиялық алауды ұстаған халық оның жалынын әрi қарай шалқыта түсуге тиiс" (Пьер де Кубертен, қазiргi олимпиялық ойындардың негiзiн салушы) Бiздер қазiргi кезде мекендеп, ғұмыр кешiп отырған Қазақстан Республикасының аумағы бұрынғы көне дәуiрде Скифия (Сақстан), Тұран, Дештi-Қыпшақ даласы, Қазақ даласы (яғни Қазақстан) аталған. Бұл жерлердi байырғы ата-бабаларымыз сақтар мен ғұндар мекендеген. Ерте күнде, отты күннен Ғұн туған, Отты Ғұннан, от боп ойнап мен туғам. Жүзiмдi де, қысық қара көзiмдi. Туа сала жалынменен мен жуғам. Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар, Мен – Күн ұлы, көзiмде күн нұры бар. Мен келемiн, мен келемiн, мен келем – Күннен туған, Ғұннан туған пайғамбар, – деп шабыттана жазады, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев. Мiне, ежелгi Тұранды мекендеген, суыққа да шыдамды, ыстыққа да төзiмдi Алтай таулары мен Атырау теңiзiнiң арасында ұшқан құстың қанаты талар ұлан байтақ кең жердi мекен еткен ата-бабаларымыз мықтылығын, жауынгерлiгiн дәлелдейтiн құжаттар туралы әңгiмелейiк.

Дискурс ұғымы туралы
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Дискурс

 Дискурс ұғымы XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла бастады. Тұңғыш болып «дискурс» ұғымын Ю. Хабермас өзінің «Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын. Содан бері бұл термин батыстық философияда кең қолданылып жүр. Хабермас «дискурске» мына төмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады — қарым-қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан тұратын идеологиялық тіл. Ондағы идеология деп отырғанымыз жалпы белгілер жүйесі деген мағынада қолданылып отыр.

Дидактикалық категория ретіндегі оқу формасы
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Дидактикалық категория ретіндегі оқу формасы

 Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-əрекеттері əрқилы формада жүзеге асып барады.
 Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы дегенді аңдатады. Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады: 1) оқу формасы; 2) оқу-ұйымдастыру формасы.
 Дидактикалық категория ретінде оқу формасы оқу процесі ұйымдастырылуының сырттай көрінісін білдіреді. Ол оқу процесінің мақсаттары, мазмұны, əдістері мен құрал-жабдықтарына, материалдық жағдайларына, қатысушылар құрамы жəне т.б. элементтеріне тəуелді.

Диалектика және оның алтернативасы
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Тақырып. Диалектика және оның алтернативасы.
 Негізгі мақсаты: Диалектика мен диалектикалық категориялардың философиялық мазмұнын айқындау.
 Негізгі түсініктер: гипотеза, қозғалыс, диалектика, категориялар, ақиқат.
 Диалектиканың қайнар көзі, сипаты тенденциялары.
 1. Диалектиканың заңдары мен категориялары туралы түсініктің қалыптасуы.
 2. Қарама – қарсы бірлігі мен күрес заңы.
 3. Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы
 4. Терістеуді – терәстеу заңы.
 Диалектиканың түсінігі грек тілінен аударғанда ойлау әңгіме жұргізу өнері. Философияда әртүрлі түсініктерде қолданып отыр. Диалектиканың қағыдасы әр тақырыпты дамыту пікірталас өнері. Диалектика болмысты, бүкіл әлемдік құбылыстарды табиғатты, қоғамды және адамның ой – санасын өзгерісте, қозғалыста, дамуда және өзара байланысты қарастыратын философиялық ілім. Ол бүкіл дүниеге тән байланыстар мен дамудың жалпылама, әмбебеп заңдылықтарын зерттейді.