Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 221-230 |
Страницы: « 1 2 ... 21 22 23 24 25 ... 64 65 » |
Ерте ғасырдағы ойшылдардың этнопсихология ғылымына қатысты негізгі ойлары | |
Ерте ғасырдағы ойшылдардың этнопсихология ғылымына қатысты негізгі ойлары Антикалық заманнан бастап, әр заманның философтардың, тарихшылардың, қолбасшылардың, саясаткерлердің көптеген еңбектерінен әр түрлі халықтардың психологиялық ерекшеліктерін кездестіруге болады. Бірақ ғылыми этнопсихологияның пайда болуы екі неміс ғалымдарынан бастау алды философ Мориц Лацарус (1824-1903) және тіл зерттеуші Химан Штейнталь (1823-1899). Шетел этнопсихологиясы – антропология, этнография, психология, әлеуметтану ғылымдарының түйіскен жерінен пайда болды, бұл Батыстағы ғылымның пән аралық тармағы. |
Менің жанұям | |
Отбасында негізгі туыстық қатынас – ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан. Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90-ға жетеді. Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады. Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әже, бала. |
Мектептің педагогикалық ұжымы. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері | |
Мектептің педагогикалық ұжымы. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде қазіргі педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. И. Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты. |
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары | |
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған [1]. Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында: «Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі...» деп көрсетілген [2] . |
Мектепішілік бақылау және басқаруды реттеу-жалпы ережелер | |
Мектепішілік бақылау және басқаруды реттеу Жалпы ережелер Жете зерттелгеніне қарамастан мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушының (мектеп директорының орынбасары құқында) міндеттерінің аясына балалар шығармашылығының сарайлары, жас натуралистер, жас техниктер станциялары, балалар бірлестіктері мен клубтары сияқты қосымша білім беретін мекемелермен байланыс орнату; сынып жетекшісінің жұмыс мазмұнын жақсарту, оларға әдістемелік көмек көрсету, оқушылардың тұрғылықты жері бойынша жұмыс жүргізу Б¥¥ Конвенциясының талаптарына сай балалардың қоғамдық ұйымдарына қолдау көрсету сияқты өзекті мәселелер жатады. Демек, бақылау процесінде жинақталған нақты материал педагогикалық талдауға негіз болады. Сондық-тан мектепішілік бақылау мен педагогикалық талдау мектеп қызметінің бір бағыты деп есептелінеді. Мектепішілік бақылаудың ерекшелігі оның бағалау қызметімен байланысты. Ол бағалау мұғалім тұлғасының ерекшелігін ескеруге бағытталады. Егер бақылаушы жас мұғалім болса, бағалау оның кәсіптік қалыптасуына, еңбек өтімі мол мұғалім болса оның кәсіпқойлық позициясы-ның нығаюы немесе әлсіреуі және мектептегі беделіне байланысты болмақ. Сондықтан тексеру барысында тексерушінің кәсіпқойлылығы мен ісін жете білуінің маңызы зор. Тексерушілік қызметті орындайтын қазіргі инспектор немесе мектеп директоры кісілік келбеті мығым тұлға болуы қажет |
Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі | |
МҰҒАЛІМ МӘДЕНИЕТІ Атақты педагог, ғалым В.А.Сухомлинский "Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”- деп, ұстаздық өнерге ерекше баға берген. Жас жеткіншектерге тәрбие беру ісінде мұғалімнің атқаратын міндеті зор. Ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалім мәдениеті мен шеберлігін төмендегідей бөліктермен анықтауға болады; 1. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті. 2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі. 3. Мұғалімнің мимика және понтомимика ишараларының (жест) мәнерлі негіздері. 4. Мұғалімнің мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дем алуы, дауыс дикциясы, интонациясы. |
Махмұд Қашғари еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері | |
Махмуд Қашғари еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері Түркі халқының XI ғасырда өмір сүрген келесі бір талантты перзенті МАХМҰД КАШҒАРИ. Кашғари көтерген қай мәселе болмасын деректі материалға негізделіп, білімдік-тербиелік мәнділігімең ерекшелетіндігі "Сөздіктегі" табиғатпен біте қайнаскан халық болмысын кеңінен баяндап, оның сан-салалы тіршілігінің көптеген жәйттерін ашып беруге көмектесетін автор мәлімдеулері мен біртуар ғалымның туған өлкенің географиялық жағдайларына халыктық астрономиялық білімдеріне қатысты талдауларынаң да айқын байқалады. |
Махамбет Өтемісұлының педагогикалық көзқарастары | |
Махамбет Өтемісұлының педагогикалық көзқарастары. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов Махамбеттің ақындық құдыретін жоғары бағалай келіп, былай деп жазды: «… Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс. Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман талабы». Бұл классик ақынымыздың шығармашылығына берілген әділ баға деп білуіміз керек. ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген ел өмірінде ерекше із қалдырған ұлт-азаттық көтерілістің рухани көсемі, қазақ поэзиясының классигі Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО-ның шешіміне сәйкес 2003 жылы Атырау мемлекеттік университетінде халықаралық деңгейде өткізілуінің тәлімдік және тағылымдық мәні орасан зор. Қазақтың Махамбеттей біртуар ұлының 200 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілуі егемен еліміздің еңсесін биіктете түседі. |
Көрнекілікпен оқыту принципі жəне оларға байланысты оқу ережелері | |
Көрнекілікпен оқыту принципі жəне оларға байланысты оқу ережелері Оқудың дəстүрлі теориясында аса танымал болғандары келесі дидактикалық принциптер: саналылық жəне белсенділік, көрнекілілікпен оқыту, жүйелілік жəне бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, көңіл-күй ескеру, теория мен практиканы байланыстыру. Саналылық жəне белсенділік принципі негізінде ғылым тарапынан анықталған заңдылық тұжырымдары жатыр. Білім мəні оқушының өз ақыл-ой белсенділігі арқасында игерілген терең де əрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше шарттар мен жағдаяттарға тəуелді: оқу мотивтері, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі мен сипаты, танымдық іс-əрекетті басқару жəне оқу тəрбие процесін ұйымдастыру, мұғалім қолданған əдістер мен оқу жабдықтары жəне т.б. Оқушының өзіндік таным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептеледі, ол оқу материалын терең əрі берік игеруде пəрменді ықпал жасайды. Оқудың саналылық жəне белсенділік принципін іске асыру барысында келесі маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс: |
Көне замандағы Қазақ даласындағы тәрбиелік-педагогикалық ой-пікір | |
Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары. (1875-1921 жж.) Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда қоғамдық-саяси, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ХХ ғ.бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі, ағартушы, педагог Ғұмар Қараш болды. Ол туралы соңғы жылдары ғана баспасөз беттерінде мақалалар жарыө көріп, шығармалар жинағы басылды. Көп жылдар бойы оның педагогикалық-ағартушылық қызметі, сол кезеңнің көкейтесті мәселелерін көтерген еңбектері коммунистік идеологияның тікелей әсерімен тең басып, кітап қоймаларының түкпір-түкпірінде қажетсіз болып жатты. Халық тарихы мен оның рухани мұрасына балта шапқан коммунистік партияның идеологтары Ғ.Қараштың есімін жазуға да, айтуға да тыйым салды. |