| Главная » Файлы » Білім және ғылым |
| В разделе материалов: 646 Показано материалов: 211-220 |
Страницы: « 1 2 ... 20 21 22 23 24 ... 64 65 » |
| Дамыта оқытудың тиімділігі | |
|
Дамыта оқытудың тиімділігі Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі. (11.141) «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. (12. 128) |
| Бұқар жырау Қалқаманұлы мен Дулат Бабатайұлының педагогикалық идеялары | |
|
Бұқар жырау мен Дулат Бабатайұлының тәлім тәрбиелік идеялары 1. Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік идеялары. (1668-1781) |
| Инженер: кәсіп, мамандық, лауазым | |
|
Инженер еңбегі ең әуелі материалдық өндірісте пайда болды, өнеркәсіпте, транспорт пен байланыс, құрылыс саласында қолданыс тауып, қанат жайды. Бүгінгі заманда ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында инденерлік еңбек экономиканың барлық саласынан бастап, ақпараттық әлем, білім, мәдениет, өнер, тұрмыс, т.б. қысқасы, өмірдің бүкіл өңірін тұтас қамтыды деуге болады. Яғни, бүгінгі қоғамды инженерлік еңбектен тысқары қарастыруы мүмкін емес. Инженер еңбегі дүниедег барлық елді, ұлттар мен ұлыстарды қамтып, өмірдің барлық саласына етене қабысып араласып кеткен бүкіл - әлемдік, бұқаралық, әмбебеп құрылысқа айналды. |
| Зейін және тұлға | |
|
Зейін өздігінен жеке-дара психикалық процесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным процестеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын, бағытын көрсетеді.Зейін-кез-келген психикалық процестің тұрақты бір жағы.Сөйтіп ол адам іс-әрекетініңсапалы әрі нәтижелі болуын жәрдемдеседі.Зейін дегеніміз-сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін қамтамассыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт- объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін. |
| Жүсіп Баласағұни еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері | |
|
Ж.БАЛАСАҒҰНИДЫҢ ізімен немесе одан тәуелсіз қорытындылар арқылы ғылымның және білімнің маңыздылығы мен пайдалылығы идеясын Махмұд Қашғари, Ахмет Жүйнеки, Қожа Ахмет Яссауи, Имад ад-дин Әбу-л Қасым Әл-Фараби, Реванди Хорезми, Сайф Сараи да дәледдеген еді. Бұл ойлардың ерекше өзгешеліктері ғылым мен өнер, мәдени құндылықгар әрбір халықтың туған тілінде, халық оқымыстыларының, халыққа шын ықыласпен берілген білімпаз адамдардың күшімен жасалуы қажеттілігіне назар аудартулары болып табылады. Туған тілдің ролін түсінудегі пікірлестік олардың түркі халықгарының рухани сұраныстары мен тілектеріне жақындастырды. Мәселен, кезінде ел арасына кеңінен тарап, авторға ізгі атақ әкелген "Құтты білік" шығармасындағы халықтың талғам-білігін аңғартатын толып жатқан арналардың біреуін ғана, яғни тілдің қоғамдық-әлеуметтік, әсіресе, эстетикалық орнын айқындайтын бәйіттерге назар аударсақ, қазақ жағдайында бірауыз сөзбен адам тағдырын шеше беретін дәстүрдің алғашқы бастауын көріп, өткенімізде қаншама рухани байлық жатқанын аңғарамыз. |
| Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру | |
|
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі. Егемендік алған кез-келген елдің, халықтың ең басты міндеті – жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастырып, шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру. Білім берудің ұлттық жүйесін құру –ұлттық мәдениетті оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу. Болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық біліммен қаруландыру мақсатында, халықтық дәстүрлердің тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу - осы мәселені шешу жолдарының бірі. Қоғамның кезек күттірмейтін талаптарының бірі – кәсіби бейімделген болашақ мамандарды даярлау. Болашақ мұғалім – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік-саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті. |
| Жеті жасар бала, немесе О-ші класс ТУРАЛЫ | |
|
Жеті жасар бала, немесе О-ші класс Бала бақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері - алты жастан өтіп, жетіге толған балалар екендігі әркімге аян. Жетіге толған балалар күзде бірінші кластарға баратындықтан, бала бақшаның соңғы жылы негізінен мектепке әзірлік жұмыстарын жүргізеді. Мұны педагогика тілінде 0-ші класс деп атайды. Ал қазірге кездегі еліктеушілікпен баланы 6 жасынан мектепке беру дейтін тұжырымының әлі де зерттеуді қажет ететін кемшіліктерінің көп екенін батыл түрде айтуды азаматтық парыз деп атаған жөн. Алты жасар бала дене бітімі жөнінен шымыр болуы да мүмкін, бірақ жеті жастағы балаға қарағанда әлі сәби екені анық. Сондықтан баланың жеті жасқа толған соң ғана мектепке баруы орынды. Өйткені, адам ең әуелі биологиялық ген ретінде, ол міндетті түрде биологиялық және физиологиялық заңдылықтарға бағынып, ол өзінің физиологиялық кезеңдеріне лайықты іс-әрекеттер жасауға тиісті. Баланың жеті жасқа толу сәтін, оның саналыққа тұрақты түрде тоқтаған алғашқы баспалдағы деуге болады. |
| Жеке тұлғаның қалыптасу жүйесінің әлеуметтік маңызы | |
|
Жеке тұлғаның қалыптасу жүйесінің әлеуметтік маңызы Әрбір елдің мемлекеттік болмысы мен күш-қуаты оның мүшелерінің денсаулығына ғана байланысты екенін адамзат тарихының ілімі дәлелдеп отыр. Мәселен, XIX ғасырда адамдар жұмыстың 10% ғана қолмен орындаса, қалған 90% рөлін техника атқарады. Оның өзінде, сол 10%-дық қол жұмысы дегеніміз - отырып немесе тұрып техниканың жұмыс істеп тұрған тетігін басқару мен реттеу ғана болады. Осының салдарынан адам баласының күнделікті тіршіліктегі денсаулығын толық қамтамасыз ететін қозғалысы азаяды. Бұл дегеніңіз адам ағзасының жұмысы бұзылып, денсаулығының төмендеуі, нақтырақ айтқанда ауруға шалдығуына әкеп соқтырады. Адамзаттың ойшылы Аристотель «жанды дене қозғалмаса өледі» деген қағидасын әр адам күнделікті тіршілігінің бағдарламасы деп түсінуі керек. Осыған орай, қосымша қозғалыстың әлеуметтік маңызы неден тұрады? Адам баласы жаратылысынан бері ұзақ өмір сүрудің тиімді жолдарын іздеумен келеді. Бұл - жеке бастың арнаулы уақыт тауып, тұрақты түрде дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануы. Иә, дене шынықтыру жаттығуларымен тұрақты түрде шұғылдану деген сөз - салауатты өмір сүрудің негізгі көзі. Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданудың өзіне тән мақсатты жүйесі болады. |
| Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту | |
|
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну. Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.[1,273 б.] Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. |
| Жалпы психология пәні, мақсаты, міндеттері | |
|
Жалпы психология пәні, мақсаты, міндеттері Жалпы психология - өзінің даму тарихы, пәні мен зерттеу әдістері бар психологиялық ғылымдардың негізгі салаларының бірі.. Жалпы психология антикалық кезеңнен баста у алып, философия аясында психологиялық зерттеулердің облысы ретінде қалыпьасты. ХХ ғасырда дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады және 1879 жылы Лейпциг қаласында дүние жүзінде бірінші рет психологиялық лаборатория ашылды, онда эксперимент әдісі қолданылып өзіндік жеке мәртебеге ие болды. Жалпы психологияның қазіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелеріне – бұл оның теориялық-әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту; зерттеудің жаңа әдістерін өңдеу; табиғи және жасанды (лабораториялық) жағдайларда адамның психикалық процестерінің дамуы мен жұмысының құрылымдарын зерттеу; өмірлік іс-әрекеттерінің субъектісі болып табылатын адамның жеке басының дамуын, құрылымдарының заңдылықтарын табу; барлық психологиялық ғылымдардың көпқырлы зерттеу тәжірибелерін жалпылау жатады. |
Енгізген:
күні:
Пікірлер: (0)
Толығырақ