Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 191-200 |
Страницы: « 1 2 ... 18 19 20 21 22 ... 64 65 » |
Ақын-жыраулар мен билердің шешендік сөз өнеріндегі тәлім-тәрбиелік ойлар | |
АҚЫН–ЖЫРАУЛАР МЕН БИЛЕРДIҢ ШЕШЕНДIК СӨЗ ӨНЕРIНДЕГI ТӘЛIМДIК ОЙЛАР ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. ақын-жыраулардың тәлімдік идеялары. Билердің шешендік сөз өнерінің үлгі-өнегесі 1. Асанқайғы Сәбитұлы, Шалкиiз Тiленшiұлының этнопедагогикалық ой-пікірлері. 2. Ақтамбердi Сарыұлы Бұхар Жыраудың тәлімдік ойлары. 3. Билердiң шешендiк сөз өнерiнiң үлгi-өнегесi. Қазақ мемлекеттiгi құрыла бастаған заманда хандар мен сұлтандардың өздерi iрiктеп алған жыраулары - хан мен қараның дәнекершiсi болды. Олар ханның ел басқару жетiстiгiн мадақтап қана қоймай, сондай-ақ қалың жұрттың мұң-мұқтажын және тiлегiн жеткiзетiн өрен ақындар едi. Жыраулардың ақындардан ерекшелiгi сол, олар халық рухына, ел бiрлестiгiне, хандардың билiк өнерiн жетiлдiруге белсене араласатын болды. Солардың бiрi – дала философы атанған Асанқайғы Сәбитұлы (ХIV-ХV) халық есiнде абыз, философ, ақын болып, мәңгi жатталып қалған. Оның бар ғұмыры халықпен бiте қайнасып өткен. Ауызбiрлiгi жетiспеген ортада елiнiң ертеңiн, қамын ойлап, үнемi мұңға батып жүретiндiктен замандастары оны "Асанқайғы” атап кеткен. Аңыз-әңгiмелерде Асанқайғы жүзден асып көп жасаған, үнемi ел кезiп сыншыл көзқарасты қалыптастырған Елдi ауызына қаратқан, көшпендiлердiң мiнез-құлқын жетiк бiлген, дәстүрлерiн құрметтеген ақылды, дана, сәуегей баба атанған. |
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері | |
Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері (ата-ана құқықтары) тең болады. Ата-ана құқықтары балалары он сегіз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады. Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласымен бірге тұруға және оны тәрбиелеуге қатысуға құқығы бар. Некеге тұрмаған, кәмелетке толмаған ата-аналар олар бала туған жағдайда және олардың ана және (немесе) әке болуы анықталған жағдайда өздері он алты жасқа толғанда ата-ана құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға дейін қорғаншы және қамқоршы орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-ананың арасында туындаған келіспеушілікті қорғаншы және қамқоршы орган шешеді. |
Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi | |
Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi. Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата - ананың табиғи құқығы, әрi парызы" делiнсе, "Қазақстан –2030" бағдарламасында " Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн күнделiктi есте ұстауға тиiспiз.Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргiмiз келедi..." делiнiп, ұрпақ тағдыры айтылады. Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады. |
Антикалық кезеңдегі тәрбие және мектеп | |
Антикалық кезеңдегі тәрбие және мектеп 1. Құл иеленушілік құрылыс–құлдық қанауға негізделген тарихтағы тұңғыш таптық-қоғамдық экономикалық формация. Құлдық қоғамдық құрылыс алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде пайда болды. Ертедегі құл иеленуші мемлекет б.з.д І ғасырда қалыптасты. Құлдық қоғам (Месопатамия), Египет, Жер орта теңізі елдерінде және Азияның бірсыпыра елдерінде б.з. 3-5 ғасырларына дейін үстемдік етті. Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия мемлекетінің мәдениеті жетік дамыған болды. Осы мемлекеттерде бірінші оқу орыны – «тақта үйлері» (эддуба) пайда болды. Мұнда бір оқытушы болды, тақта-үлгі даярлайтын, мектеп ісін жүргізетін бір өзі еді. Оқушылар тақталардағы мәліметті жаттайтын, көшіретін, күйдірілмеген тақтаны оқытушы тексеретін, кейде оқушы диктант жазатын. Кейін эддубалар мәдениет пен оқу ошағына айналды. Кітапхана мен кітап қорлары пайда болды. |
Білімді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйелері | |
Білім басқарудың мемлекеттік – қоғамдық жүйелері Жоспары: 1. Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері 2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың негізгі принциптері 1. Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе қалаған басқа да оқу-тəрбие мекемелерінің педагогикалық жүйесін əрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйешелер (подсистемы) бірлігі ретінде қарастыру қабылданған: |
Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары | |
Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г. И. Щукина - күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е. А. Дмитриев -күнделікті, тақырыптық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген. Профессорлар Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаевтың ''Педагогика'' оқулығында ол тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлінген. Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асырауға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен манызға ие болады. |
Білімнің мәні мен мазмұны туралы | |
Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім - жалпыадамзаттық құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нəтиже. |
Балабақшаларда ұлттық ойындарды пайдалану | |
Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. |
Балалар бақшасындағы тәрбие | |
Балалар бақшасындағы тәрбие Адамды - жер бетіндегі тіршіліктің заңды жалғасы және оның өркендей өзгеріп жетілген биік шыңы деп қарастыратыны орынды. Алуан түрлі қоғамдардың дамуына ықпалын тигізген әртүрлі бағыттағы ілімдердің өзі адам мен табиғат болмысының терең талдануына мүмкіндік берген. Адам шыққан тіршілік көзінің ғымырына жарты миллиондай уақыт өтіпті. Осындай уақыт мұнараларын басып өткен тіршілік өзгерістерін адамға тән құрылысындағы жаратылыстардың жұмбақ сырларын ұғынуға ерекше мән бермесе болмайды. |
Балалар тұлғасының қалыптасуы | |
Балалар тұлғасының қалыптасуы Баланың алғашқы мектепке бару кезеңінде олардың әлеуметтік жағдайының дамуында үлкен өзгерістер болады. Бала оқушы бола бастаған соң, ол жаңа міндеттер, құқықтар ала бастап, алғаш рет қоғамдық мәнді іс-әрекеттермен айналысады, яғни іс-әрекетті орындау деңгейінен олардың қоршаған орта арасындағы орны мен өзара қатынастары байланысты болады. Бұл жаңа әлеуметтік жағдай - мектеп жасындағы балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. |