Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 241-250 |
Страницы: « 1 2 ... 23 24 25 26 27 ... 64 65 » |
Оқыту барысындағы диагностика және бақылау-қадағалау | |
1. Оқу сапасын диагностикалау Білімдену процесінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жəрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау. "Диагностика” түсінігінің мəні "білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру” түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. "Тексеру” нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс – тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады. Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды. |
Оқушылардың әлеуметтік және туристік таңдауы | |
Тақырыпқа байланысты ой тарқатпастан бұрын «туризм дегеніміз не?» деген сұраққа жауап берейік. «Туризм» термині С.И.Ожеговтың: «Словарь русского языка» еңбегінде: «Вид путешествии, совершаемых для отдыха и с образовательными целями, вид спорта» деп көрсетілген. 10-шы сыныпқа арналған «Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы» оқулығы бойынша туризмнің негізгі атқаратын 4 мақсаты аталады, олар: |
Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында техникалық еңбек сабақтарының міндеті | |
Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында техникалық еңбек сабақтарының міндеті. Біздің заманымыз ғылым мен техниканың шыңына жеткен заманы деп біз жоғарыда атап өткен болатынбыз. Әр заманның ғылым саласынан адамға қоярлық өзінше талаптары бар. Біз өмір сүріп жатқан заманның адамға қоятын талабы ретінде «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қазақ халқының көнеден келе жатқан мақалын алғым келіп отыр. Себебі, бүгін алға шабам дегендер, білімнің бұлағынан нәр алуы, ғылымның әр саласынан хабардар болу керек. Жан-жақты ақпараттандырылған адам өмірде өз жолын тауып, мақсаттарына жете біледі. Бірақ білім-ғылым деп, тәрбиені тыс қалдыруға болмайды. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдеріне қойылатын талап – баланы оқыта отырып тәрбиелеу. Осы принципті басшылыққа алған ұстаз оқушысын білімді, өнегелі әрі мәдениетті етіп шығарады. Осы айтылғандардың барлығын меңгерген оқушы творчество, техника т.б. салаларында жан-жақты дамиды. Қазір мектеп бітіруші жастарды техниканы меңгеріп, оның тетіктерін жетік білетін етіп тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр. Адам баласы қандай бағытқа бейім болсын, ең алдымен оның шығармашылығының деңгейі биікте болу керек. Ал шығармашылық кез-келген ғылымның саласын меңгеру барысында дамиды. Сол сияқты техникалық еңбек сабағында балаларға заманымызға сай білім бере отырып, шығармашылық және жеке қасиеттерін дамытудың мәні зор. |
Оқушылардың оқу танымдық әрекетін тексеру және бағалау | |
Оқушылардың оқу танымдық әрекетін тексеру және бағалау Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. |
Оқушылардың іс-əрекетін ұйымдастыру əдістері | |
Оқушылардың іс-əрекетін ұйымдастыру əдістері Тəрбие көзделген əрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы міндетті. Тұлға тəрбиелілігі түсінік, ұғымнан көрінбейді, ол адамның нақты іс-əрекетімен бағаланады. Бұл тұрғыдан іс-əрекет ұйымдастыру мен қылық қалыптастыру тəрбие процесінің өзегі ретінде қарастырылады. Аталған топтағы əдістердің бəрі тəрбиеленушілердің практикалық іс-əрекетіне негізделген. Мұндай іс-əрекетті басқару үшін педагог оны құрамды бөліктерге – нақты істер жəне қылықтарға жіктейді. |
Оқушыларды ынталандыру əдістері | |
Ынталандыру əдістері Тəрбиеленушіні белгілі іс-əрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын əдістер тобында ынталандырудың орны өз алдына. Бұл əдістің ежелден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. XX ғасыр педагогикасы жəне бір өте əсерлі ынталандыру əдісі – жарыстыру əдісін алға тартып отыр. Кейінгі он жылдықта дəстүрлі ықпал əдістеріне қосымша субъектив-прагматикалық əдістің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен практика нақтылағандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі - өмірге болған прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы. Осыдан қазіргі заман оқушысы өзіне, өз жолдастарына тəрбие маған не береді, неге, қай уақытта ол қажет, одан түсер пайда қандай жəне қаншалықты деген сұрақтарды үстемелеп қоятын болды. Осы секілді пайдакүнемдік – прагматикалық бағытты ескере отырып, кейбір шет ел педагогикалық жүйелері тəрбие процесін тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы коммерциялық қатынас сипатында бағалайды. Ал мұндай қатынас өзегі – пайда. Əдіс əлі қалыптасып, ресми қабылданған емес, бірақ тұрмыста тəрбиеші мен тəрбиеленушілер арасында түзілетін келісім-шарттар жүйесімен біртіндеп тұрақтануда. |
Оқудың педагогикалық технологиялар түсінігі және педагогикалық технологиялар сипаттамасы | |
Оқудың педагогикалық технологиялар түсінігі және педагогикалық технологиялар сипаттамасы Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды. Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б. |
Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу | |
Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу Оқу барысында диалектиканың жалпы заңдары мен педагогиканың арнайы заңдары орындалуы шарт. Диалектиканың жалпы заңдары сапына кіретіндер: қарама-қарсылықтар бірлігі мен тайталасы заңы, сандық жинақтың сапалық өзгерістерге келу заңы, жоқты жоққа шығару заңы. Оқу процесінде қарама-қарсылықтар бірлігі мен тай-таласы заңы іске қосылады. Қарама-қарсылықтардың туу себебі – жаңа əлеуметтік жағдайлар, тұлға мүмкіндіктерінің өзгеруі, білім беру аймағында қалыптасқан соны талаптар оқу процесіне болған дəстүрлі, бекіген ұғымдар жəне көзқарастармен сəйкессіздікке ұшырауы. Бұл өз кезегінде оқу мазмұны мен технологиясын өзгертіп, заманға сай ауыстыруды талап етеді. |
Оқу әдістері мен құрал-жабдықтары | |
Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу əдістеріне тəуелді. Оқу əдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -əрекеттік қимыл - тəсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шəкірттің оқып- үйрену əрекеттерінің өзара байланыстылығы жəне анайылығы осы оқу əдісінен көрінеді. Дидактикада кең қолданым тауып жүрген жəне бір түсініктер легі –бұл "оқу тəсілі” жəне "оқу ережелері”. Оқу тəсілдері- оқу əдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы "əдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз алдына шектеп болмайды, олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей жағдайларда əдіс педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе жəне бір ықшам оқу-тəрбие мəселесіне орай- тəсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша əдіспен (түсіндіру, əңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік –тəсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің негізгі құралы болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік - əдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-əрекеттерінің бəрі тəсіл болып есептеледі. |
Оқу түрі, педагогикалық технология | |
Оқу түрі өз негізіне алынған педагогикалық технология Оқу мекемелері тəжірибесінде бірқатар белгілерімен дербестенген оқу түрлері қолданылуда. Оқу түрі – бұл оқыту жəне оқып-үйрену қызметтерінің ерекшелігіне орайластырылған жалпылама сипаттағы білім игеру жүйесі, яғни оқу процесіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, қолданымдағы оқу құрал-жабдықтары, əдістері жəне формаларының атқаратын міндеттері. |