Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 261-270 |
Страницы: « 1 2 ... 25 26 27 28 29 ... 64 65 » |
Педагогика және оның тарихы | |
Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз. Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар жəне «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді. |
Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде | |
Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде Педагогика өзінің атауын гректің баланы жетектеуші деген сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожаның баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие- қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ен алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін – делдал- ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Пән- бұл нақтылы ақиқаттың мәнің құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет обьективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады. |
Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері | |
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ З.Н.Күдебаева, Г.Жауынбекова Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды. |
Оқытудың түрлері | |
Оқытудың түрлері Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі - дидактикалық жүйелердің біріз-ділігі, ұрпақтылығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады. Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік). Енді осылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталайық: |
Оқытудың педагогикалық технологиялары | |
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды. Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б. |
Оқытудың дидактикалық негіздері | |
Оқытудың дидактикалық негіздері Дидактика және әдістеме мәселелері К. Д. Ушинский еңбектерінде көркем орын алады. Бұл мәселелер оның ''Адам тәрбиесі'', ''Н. И. Пироговтың шығармалары'', ''Ана тілін оқытуға басшылық'', ''Швейцарияға педагогикалық саяхат'' атты шығармаларында кең түрде баяндалды. 1. Ушинский оқудың тәрбиелік сипатта болу принципіне ерекше мән берді. Оқуды ол ''Теорияның негізгі құралы'' деп бағалады. Сондықтан оқу тәрбиелік ерекшелікте болуға тиіс. Ушинский сабақта әрбір оқытушы балаға деректерді ғана ұсына бермей, мақсатты түрде олардың ақыл-ойында, адамгершілігін де дамытатындай етіп ұйымдастырылуды талап етті. |
Оқыту процессінің əдістемелік және дидактикалық жүйелері | |
Оқыту процессінің əдістемелік және дидактикалық жүйелері Оқу мəнін түсіндірудің бірнеше əдіснама-дидактикалық жолдары бар. Олардың ішінде аса кең танымал болғандары: 1) Гербарттық тəрбиелік оқу бағыты; 2) Дж.Дьюидің оқушы белсенділігіне негізделген оқу бағыты; 3) қазіргі заман демократияшыл дидактика бағыты. Тəрбиелік оқу бағыты. Негізін салған неміс философы жəне педагогы И.Гербарт. Ол Я.А.Коменскийдің дəстүрлі сынып-сабақтық жүйесін сындарлы түсінім тезіне сала отырып, оның кемшіліктерін көрсетті, онымен бірге этика мен психологияның соңғы жетістіктерін арқау еткен жаңа дидактикалық жүйе түзіп, ұсынды. Гербарттың пікірінше, оқу-тəрбиенің ең жоғары мақсаты – адамгершілікті, моральды, күшті мінезге ие болған тұлға қалыптастыру. Оның ойынша, тəрбиелік оқу келесі этикалық идеяларға сүйенуі тиіс: |
Оқыту заңдылықтары және принциптері туралы жалпы түсінік | |
Оқыту заңдылықтары және принциптері туралы жалпы түсінік Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылық-тарды меңгеру негізінде жүзеге асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайтала-натын өзара байланыс заңдылық деп аталады. өзара байла-нысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы бай-ланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды. |
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері | |
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес. Сыныптық-сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығар-машылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақ-сатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік-зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады. |
Психиканың қалыптасуы мен дамуы | |
Материализм психиканың пайда болуын материяның эвалюциясымен түсіндіреді.Мүлде өзгермейтін, мәңгі тыныштықтағы денеде бірде-бір матеря жоқ. Барлық әлемдегі органикалық және органикалық емес матерялар сырттан жасалатын әсерді бейнелеуге қабілетті Мысалы:Тамшы тасты төседі. Кез-келген зат, кез-келген матеря сыртқы орта әсерлерінен өзгеріске ұшырайды. Бейнелеу формалары әр-түрлі болады. Ол матеря формасына тәуелді. Өлі табиғатты бейнелеу - механикалық, физикалық, химиялық өзара заттардың әрекеттестігін көрсетеді. Тірі материяға бейнелеудің биологиялық формалары тән. Тірі матеряның белгілі бір даму сатысында бейнелеуңдің ерекше формаларын реттеуде психика пайда болады. Психиканың пайда болу туралы әр-түрлі теория бар: 1) панпсихизм (баршада психика бар); |