Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 251-260 |
Страницы: « 1 2 ... 24 25 26 27 28 ... 64 65 » |
Оқу сапасын диагностикалау қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері | |
Оқу сапасын диагностикалау қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері Білімдену процесінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жəрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау. |
Оқу процесінің қызметтері – білімдендіру, дамыту, тəрбиелеу, ынталандыру жəне ұйымдастыру | |
Оқу процесінің қызметтері – білімдендіру, дамыту, тəрбиелеу, ынталандыру жəне ұйымдастыру Дидактикалық процесс мəнін түсіну үшін «оқу» жəне «оқу процесі» түсініктерінің мəн-мағынасын ажыратып алған жөн. Кейде бұл категориялар теңдестіріле қарастырылады. Іс жүзінде олай емес. «Оқу» түсінігі құбылысты білдіреді, ал «оқу процесі»- бұл процестің уақыт жəне кеңістікте дамуы, оның кезеңдерінің бірізді ауысып баруы. Ұзақ уақыттар желісінде оқу процесі негізінен оқыту қызметі ретінде қарастырылды, яғни мұғалім жұмысы деп есептелінді. Уақыт өтумен бұл түсінікке кең мағына беріліп, оқушы іс-əрекеттеріне ерекше назар аударылатын болды. |
Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік | |
Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі – оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар. |
Оқу процесін ұйымдастыру формалары | |
Оқу процесін ұйымдастыру формалары Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б. Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес. Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі. |
Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері | |
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері – бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне қайталанып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мəн-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пəндерін өтуде жəне оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мəнін сақтайды. |
Педагогика – тəрбие жайлы ғылым | |
Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз. Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар жəне «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді. |
Педагогика ғылымы туралы түсінік | |
Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз. |
Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері | |
Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері және басқа ғылымдармен байланысы. Бұл жұмыста тәрбие ұғымы әдіснамалық тұрғыдан сипатталады, тарихи-педагогикалық білім әдіснамалық негізде талданған. Қорытындыда әдіснамалық негіздеуді қажет ететін тарихи-педагогикалық білімнің негізгі мәселелерді ерекше бөлініп берілген. |
Педагогика пәнінің мақсаты, нысаны жəне қызметтері | |
Педагогика пәнінің мақсаты,нысаны жəне қызметтері Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз. |
Педагогика пәні және міндеттері | |
Педагогика пәні және міндеттері Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде ұсынған ғалым және практик А.С.Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика зерттеулерінің объектісі - «педагогикалық дерек (құбылыс)». Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің тұлғалық дамуымен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-әрекеттер аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид) не оның психикасын қарастырмай оның дамуына байланысты педагогикалық-тәрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады.Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-әрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылстарын айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады. |