Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 281-290 |
Страницы: « 1 2 ... 27 28 29 30 31 ... 64 65 » |
Педагогикалық жүйелерді басқарудың негізгі принциптері | |
Педагогикалық жүйелерді басқарудың негізгі принциптері Директор жəне басқа да басшылардың оқу-тəрбие процесін нақты басқару қызметтері белгілі принциптерге негізделіп орындалады. Ол принциптер төмендегідей: - педагогикалық жүйелер басқарымын демократияластыру жəне гуманизациялау. Бұл басшылардың, мұғалімдердің, оқушылар мен олардың ата-аналарының өзіндік іс-əрекеттері мен ынтасының дамуына жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір алмасу жəне басқару шешімдерінің қабылдануына байланысты жариялылықты қажет етеді; |
Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері | |
Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе қалаған басқа да оқу-тəрбие мекемелерінің педагогикалық жүйесін əрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйешелер (подсистемы) бірлігі ретінде қарастыру қабылданған: - дидактикалық. Бұл жүйеше өз ішіне сабақ жəне сабақтан тыс оқу-тəрбие жұмыстарын; міндетті жəне факультатив дəрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақты (сабақтағы оқушы жəне мұғалімдердің жұмыс орындау əдістемелерін) -əрбірін өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды; - тəрбиелік – үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан тыс жəне мектептен тыс тəрбие жұмыстары, отбасы тəрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тəрбие жəне өзіндік тəрбие жүйешелерінен құралады; - оқушылардың қарым-қатынастары жəне олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер: сыныптағы өзіндік басқарым, əрқилы іс-əрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер); - мектептің əкімшілік жүйесі: оқу процесін басқару, тəрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып бару жүйешелерінен құралады. |
Педагогикадағы тұлға дамуына байланысты мәселелер | |
Даму – адамның сандық жəне сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нəтижесі. Даму нəтижесінде адам биологиялық түр жəне əлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тəн- дене дамуынан көрінеді. Ал əлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интелектуал кемелденуінен байқалады. Егер адам сана жəне өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-əрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дəреже даму барысында қалыптасады. "Адам” ұғымынан өзгеше "тұлға” түсінігі – адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан əлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде əрбір адам əлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы жəне ойластырылған тəрбие барысында қалыптасады. Əрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тəжірибені игеру деңгейімен, екінші жағынан, материалдық жəне рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген жəне өмір мен тəрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі шарт. |
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары | |
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары. (1893-1920 жж) Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ халқының сүйікті перзенті, асқан дарынды ақыны, ағартушы, педагогі. Аз жасаса да соңына аса бай, мейлінше қызықты әдеби мұра қалдырған классик ақын, ұлағатты ұстаз, педагог. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен шығармашылыққа арнаған. Ақын еңбектерінде өзі өмір сүрген дәуірдің өзекті мәселелерін, яғни, оқу-ағарту жайын сөз ете отырып, заман сырын, замандас келбетін көркем кескіндей білген. С.Торайғыров - нағыз ағартушы, педагогқа тән еңбектерінің азабын тартқан жазушы. Ол шындықтың жолымен жүрді. |
Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы | |
Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын қасиеті. Ол – көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материалық дүниенің жетілген бейнесі. Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі – ойлай білетін адамының дүниеге келуі. |
Сана және бейсана | |
Сананы әр ғылыми сала өз зерттеу аясынабайланысты әр түрлі анықтайды. Мысалы, зеңгерлер сана деп субъектінің логикалық негізді және адекватты мотивациялық әрекеттерін айтады. Дәрігерлер сананы адамның есінен танғанда жоғалуы, күшеюі не нашарлауын айтады. Санасы тар, кең, тұрақты, тұрақсыз деп бағалайды. Ал психлогтер: Сана адамның рухани өмірінің арнайы қыры, қоршаған ортаны тану дейді. Сана дегеніміз адамның қоршаған ортасына қатысты психикасының дамуы. Сана дегеніміз іс әрекет мақсатын құраушы. Сана - рефлексия немесе адамның өзіндік жан дүниесі. Сана дегеніміз психиканың ең жоғарғы даму сатысы. Әр адамдағы сананың деңгейі түрліше, және ол үнемі даму үстінде болады. Сананы бағалау: • ісәрекетті бағалау; • қарым қатынасы, тілінің дамуы; • адамның танымдық дамуы; • адамның эмоционалды тұрақтылығы; • адамның өзін өзі бақылай алуы. Бейсаналық дегеніміз психиканың бір формасы. психикалық әрекеттердің мақсат бағдарсыз жүзеген асырылуы. |
Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы | |
Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі - оның түрлері мен құрылымы. Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт. Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз. Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерек-шеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшелік-теріне де байланысты болып келеді. |
Психологияның пәні және оның міндеттері | |
Психологияның пәні және оның міндеттері Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: |
Психологиялық ғылымның принциптері, ұғымдары және категориялары | |
Психологиялық ғылымның жүйесі, оның құрамындағы жалпы психологияның орыны Қазіргі кезде психология ғылымы – көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, лгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр қилы сатыда тұр. Оларды топтастырып, жік-жікке ажырату жіктеу деп аталады. Психиканың дамуын жктегенде, ең бірінші, осы пәннің зерттейтін объектісін, екінші, адамның іс-*әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет иесі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырмыз. |
Психологиялық ғылымның жүйесі, оның құрамындағы жалпы психологияның орыны | |
Психологиялық ғылымның жүйесі, оның құрамындағы жалпы психологияның орыны Қазіргі кезде психология ғылымы – көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, лгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр қилы сатыда тұр. Оларды топтастырып, жік-жікке ажырату жіктеу деп аталады. Психиканың дамуын жктегенде, ең бірінші, осы пәннің зерттейтін объектісін, екінші, адамның іс-*әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет иесі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырмыз. |