Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сенбі, 21.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым

В разделе материалов: 646
Показано материалов: 301-310
Страницы: « 1 2 ... 29 30 31 32 33 ... 64 65 »

Тұлға туралы ұғым
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Тұлға туралы ұғым
 Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. өйткені кісі болып ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менің» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс.
 Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері. Қызығу, дүинетану, сенім, мұрат. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасытек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
 Тұлға түсінігі. Адамға қатысты басқа категория (индивид, даралық, субьект, жеке даралық). Тұлғаның ғылыми – психологиялық бағытының тұлғаны танудағы философия, дін, өнерден айырмашылық ерекшеліктері.

Тұлға психологиясының негіздері
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Жеке адам - индивид, субъект, тұлға, даралық ұғымдарының бірлігінен тұрады.
 Индивид - адамның белгілі текке қатысы (адам тегі - гомосапенс), сол тектің табиғи, өзіндік қасиеттерін іске асырушы.
 Субъект – белсенді, біртұтас адам.
 Тұлға – табиғи жағынан әлеуметтік, әлеқайда тұрақты, жүре пайда болатын мотивациялық қажеттілік, қатынастар жүйесін құрайтын күрделі психологиялық құрылым, әлеуметтік қасиеттердің жиыны.
 Даралық – қайталанбас, басқа адамдарға ұқсамайтын қырларымен сипатталатын адам.
 Адамның онтогенетикалық уақыты:
 - Жаңа туған нәресте – индивид;
 - Материалды негізде сана қалыптасады, адам субъектке айналады;
 - Сана негізінде өзіндік сана, тұлға өзегі қалыптасады;
 - Даму барысында адам даралықты иеленеді.

 Психологияда тұлға ұғымы көпмәнге ие, себебі тұлға көріністері әр-түрлі, ол қарама-қарсы, не құпия мінез-қылықтар арқылы байқалуы ықтимал.

Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу

 Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандағынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымдарында да біртұтас көзқарастар жоқ.
 Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары - мәдени және төменгі - табиғи деп бөлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі -оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л. Рубинштейн. 1957, Л.И. Божович, 1968, А.Н. Леонтьев, 1971, М. 3. Неймарк, 1972 және т.б.)-Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше карастырады [1, 205 б].
 Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды.

Темперамент пен мінез психологиясы
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Адамда темпераменттің әр түрлі типтерінің белгілі бір пайыздық мөлшері болады. Бұл темпераменттік мөлшерді (модельді) білу өзіндік бақылауды және өз істеріне баға беруді тиімді атқаруға мүмкіндік туғызады, қарым-қатынас жасаудың тиімді түрлерін және әдістері мен тәсілдерін дұрыс талдауға, өз іс-әрекетін сауатты жүргізуге, жолдастық жақсы қарым-қатынастар орнатуға ықпал етеді. Темперамент моделін анықтау әдістемесі берілген кестедегі тест ретінде ұсынылған «паспортты» толтыру қажеттілігін талап етеді. Темперамент формуласын анықтаудағы жұмыс тәртібі: а) Төрт топқа белінген қасиеттер жазылған мәтінді оқи отырып, егер, оның кейбірі өз бойыңыздан байқалатын болса, онда «иә» деп жауап беру қажет.

Тəрбиенің міндеттері мен қызметтері, тəрбие процесінің ерекшеліктері
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Тəрбиенің міндеттері мен қызметтері, тəрбие процесінің ерекшеліктері

 Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
 – əлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тəжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ : адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық, адамгершілік жəне т.б. нормалар.
 – педагогикалық мағынада – бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
 Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тəрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.

Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері

 Жалпы заңдылықтардың ықпал аймағы тəрбие процесінің барша жүйесіне əсер етеді əрі оның аса маңызды бірліктері арасындағы байланыстарды танытады. Бірақ тəрбие процесі, біз білетіндей, педагогикалық процестің құрамды бөлігі болуымен осы процесс заңдылықтарына тəуелді келуі табиғи құбылыс. Бұл процесте даму жəне қалыптасу заңдылықтары əрекетке түседі. Бұдан шығатын қорытынды - тəрбие процесі аса күрделі де көп түрлі сипатқа ие. Тəрбие практикасы үшін өте қажет нəрсе: тəрбие процесінің тиімділігі (өнімділігі) мен тəрбие сапасын анықтайтын оның сипаттары жəне шарт –жағдайлары арасындағы байланыстардың қалай түзілетінін түбегейлі білу.

Тəрбие құралы – əлеуметтік орта
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тəрбие мекемелері, балалар жəне жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары – бұлардың бəрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше «тəрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тəрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткіншектер ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, əрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таңдайды, соның ықпал тəуелділігінде болады.
 Осыдан тəрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара қатынастарымен бірлікте қарастырылады.
 Бала үшін отбасы – ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі. Осыдан отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дəстүрлер, ұстанымдар, əрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды.
 Отбасы белгілі қызметтерді атқарады:

Тəрбие құрал-жабдықтары жəне тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Тəрбие құрал-жабдықтары жəне тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама

 Тəрбие құрал-жабдықтары – бұл əлеуметтік тəжірибенің педагогикалық тəуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы əрқандай заттың бəрі тəрбие құрал-жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері жəне т.б. – тəрбиелік ықпалға ие. Тəрбие құрал-жабдықтары тəрбиеленушіге өздігінен əсер етеді, сонымен бірге оларды тəрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.
 Тəрбие құрал-жабдықтары қандай да тəрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тəрбие əдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тəрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды- техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді, іс-əрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рəмізін айқындай түседі, т.с.с.

Этнопедагогика - халық педагогикасы туралы ғылым
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Ел бірлігі деген сөзді ауызға алғысы келмейді

 Ел бірлігі жөнінде Есенберлин де көп айтқан екен, аудармашылар да есесін жібермеген екен. 6-тұжырым дәлелдемесінде үзілген жерінен жалғастырмай, Хаќназар ордасының төбе биі Аќсопының сүбелі сөзінің елді бірлікке шаќырған тұсынан мысал алайық: «Абдолла оңай жау емес… Бұған ќарсы тұру үшін ойдағы, ќырдағы ќазаќ тайпасының бас бірлігі керек. Отыз жылдан бері шалғай ќонып, шет жайлап кеткен Ноғайлы саңлаќтары, сендердің де ќайтадан өз үйірлеріңе ќосылғандарың абзал. Сөйтсек ќана біз ен жайлап, еркін көшкен елдігімізді саќтаймыз. Бұхар мен Хиуаның ќұлаќ кесті ќұлы болудан ќұтыламыз. Басымыз да, ќосымыз да бір болсын, елдігіміз мен белдігімізді бір жерден ойлайыќ, бізге ќосылыңдар. Сырымыз да, сыңайымыз да осы. Ќолмен келсек ќорќытќанымыз емес, жауға ќарсы ќайрат көрсетер күшіміз сендерге де көз ќуанышы болсын деп келіп отырмыз» [208-б.]. Осыншама «құлақтан кіріп бойды алған»,

Эмоция және сезім
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Жеткіншектердің анықтау мақсатында - Кондашаның (1973) «Әлеуметтік мазасыздық шкалалары» арқылы жасалған қағидалар негізінде «мазасыздық шкала» методикасын қолдануға болады. Мұндай шкала типтерінің ерекшелігі, адам өзінде, қандай уайымдардың, қайғының, мазасыздықтың бар-жоғын бағалап уайымдамайды, тек қаншалықты мазасыздық шақыратынын қарастырады. Бұл шкаланың тағы бір маңызы, біріншіден мектеп оқушысында негізгі мазасыздық объектілерінің шындық жақтарын көрсетеді, ал екіншіден басқа типтерге қарағанда осы тип оқушыларда интроспекцияның дамуының ерекшелігіне аз мөлшерде тәуелді.
 Топта өткізуге рұқсат болатын, бланкілі әдістеме нұсқаулар мен тапсырмалардан құралған.
 Бланктің бірінші бетіне оқушының атын, тегін, сыныбын, жасын және зерттеудің өткізілген күні жазылады.
 Нұсқау: Келесі бетте өмірде кездесетін жағдайлардың тізімі берілген, соның кейбіреуі сізге жағымсыз болуы мүмкін, яғни қобалжуды, мазасыздықты, қорқынышты, үрейді шақыруы мүмкін.
 Әр сөйлемді мұқият оқып, сол жақтағы бір санды дөңгелектеп белгілеңіз: 1,2,3,4.