Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 311-320 |
Страницы: « 1 2 ... 30 31 32 33 34 ... 64 65 » |
педагогика туралы | |
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелері, проблемалары: - қоғамды демократияландыру, ізгілендіру жағдайында адамның жеке тұлға болып қалыптасу проблемасы; - Республиканың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамыту және халықтың бай дәстүрін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдалану проблемасы; - Дүниежүзілік мәдениетті, жалпы адамзаттық құнды игілікті және дүние танымдық көзқарасты, халықаралық қатынасты қамтамасыз ететін – ана тілі проблемасы; сондықтан тәрбиенің басты мақсаттарының бірі - әрбір сәбиден бастап рухани, адамгершілік байлықтың көзі ана тілін жетік меңгеруді, әрбір адамның өмірлік қажеттілігіне айналдыру проблемасы; |
Шәкәрім Құдайбердіұлының педагогикалық көзқарастары туралы | |
Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық көзқарастары. (1858-1931 ж.ж) Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев белгілі гуманист ақын, ойшыл тарихшы-шежіреші ағартушы, ғұлама болды. Шәкәрім Құдайбердиев халықымыздың қоғамдық ағартушылық, мәдени және әдеби өміріне белсене атсалысқан, ағартушылық-демократиялық, гуманистік идеяларды насихаттаған, Шоқан, Абай, Ыбырай ұстаған ағартушылық дәстүрді ілгері жалғастырушылардың бірі болды. Шәкәрім жөнінде жарық көрген әдебиеттерді жан-жақты талдай отырып, оның педагогикалық көзқарасын, ағартушылық қызметін, ақынның даралық ерекшеліктерін танытатын қасиеттерін саралай келе ғылыми жүйеге келтіріп зерттеу және болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінде кеңінен пайдалану, мектеп мұғалімдеріне бұл бағытта әдістемелік нұсқаулар беру қажеттілігі туындайды. |
ХХ ғасырда этнопсихологияның Ресейде дамуы | |
Физиолог И.Ч. Сеченев (1829-1905) этнографтардың қолданбалы зерттеу нәтижелерін бақылап отырды. Әлем халықтары психикасын жан-жақты зерттеуге талпынысын қолдап отырды. Сонымен қатар, мұны халықтың рухани даму өкілдері арқылы ғана емес, тұлғаны зерттеудегі арнайы психологиялық әдістемелерді қолдану арқылы да зерттеу керек деді. Психиатр және психолог, Психоневрологиялық институттың ұйымдастырушысы және басқарушысы, «Коллективная рефлексология» жұмысының авторы, «Общая психология» « Внушение в общественной жизни» еңбектерінің авторы В.М. Бехтерев (1857-1927) этнопсихология сұрақтарын назардан тыс қалдырмады. |
Халықтық тәрбие - әлеумегтік-педагогикалық құбылыс | |
Халықтық тәрбие тарихи даму процесіндегі тірі дене болып табылады. Табиғатқа сөйкестілік, табиғи салдарлар қағидасы өте карапайым түрде болса да, олардың педагогика ғылымыңда негізделуінен көп бұрын халықгың ауызша шығармашылығында көрініс тапты. Тарихтың тәрбиелік мөнін есте ұстай отыра ел қорғаған, халық тыныштығы үшін күрескен көсемдер мен осы тарихи оқиғаларга арналған ауызша халықтық шығармашылықтың өзі -халықтың азаттық қозғалысы тарихын өзіндік және қарапайым да асқақ түрде бейнелеп және келешек ұрпақтың, патриоттық және рухани-адамгершіліктік трғыда қалыптасуына ықпал жасайтынын ұмытпау керек. Халықтық педагогиканың өлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштердегі мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген. Олардың шығу тегі мен тарихи дамуын есепке альш сипаттау, тарихи-генетикалық түрғыдан қарастыру халық педагогикасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді жөне оның демократиялық сипатына назар аудартады. Әрине, этнопедагогика тарихында ертедегі қазақстандықгардың еңбекке тәрбиелеу дәстүрлері мен кәсіпке үйретушілік жүйесі, әртүрлі қозғалмалы ойындары мен жарыстары, саналуан өдет-ғұрыптар мен өмір салттары терең із қалдырды. Халықта эстетикалық төрбие берудің өзіндік үлгісі болды. Оның сипатты ерекшелігі еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстылығы. |
Халық педагогикасының негізгі қағидалары туралы | |
Халық педагогикасының негізгі қағидалары Тәрбиенiң негiзгi қағидаларының (принциптерi) болуы занды құбылыс. Халық педагогикасының негiзгi қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпiз: 1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өмiршең азамат болуын тiлеу. Жас нәрестенiң дүниеге келуi ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшiлiкке зор қуаныш әкелумен бiрге, борыш та жүктей келедi. Дәлiрек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтiн халық мектебiнiң есiгi сәбидiң алғаш дүниеге келген күнiнен бастап айқара ашылады. Ол белгiлi мақсат-тiлекпен байланысты туындайды. Отбасы үлкендерiнiң бәрi жаңа туған жас баланы отанның, елдiң асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелi үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, өнерлi, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкiртiп, азан шақыртып, атын қойғызады. "Ақылын, жасын берсiн” деп, жаңа туған нәрестенi қарияның шапанының етегiне орайды. Ұрпағы өскен қадiрлi анаға кiндiгiн кестiредi, бесiкке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескiзедi. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тiлектерiнде келешектен күткен үлкен үмiт, аңсау арман бар. Тәрбиенiң алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмiтiмен үндесiп жатыр. |
Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі | |
Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. |
Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы туралы | |
Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы Халықтық тәрбиенiң осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейiк. 1. Халық педагогикасында тәрбие iсiн баланың жас ерекшелiгiн ескере отырып жүргiзудi талап еткен. Мәселен, ұлыңа бес жасқа дейiн патшадай қара, он бес жасқа дейiн қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала” деген мәтел баланы еркiн тәрбиелеудiң, көмекшiм деп үмiтпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттiгiн мегзейдi. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципiмен қабысып жатыр. 2. Халық педагогикасында тәрбие iсiн әр баланың жеке бас ерекшелiктерiн (психологиясын) ескере отырып жүргiзудi де ескертедi. "Баланы туады екенсiң, мiнездi тумайды екенсiң”, "Бiр биеден ала да туады, құла да туады”, "Балаңа үмiт арту — әкенiң парызы, ақтау — баланың қарызы” деп ой түйiндеген. 3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесi туған, өскен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерiнiң, ұстазының үлгiсiне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегi әсерi жөнiнде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пiкiрлерi де халық педагогикасының қағидаларымен үндесiп жатыр. |
Халық педагогикасы ауыз әдебиетінде және ортағасырлық ойшыл ғұламалардың еңбектерінде | |
Халық педагогикасының ауыз әдебиетінде және ортағасырлық ойшыл ғұламалардың еңбектеріндегі көріністері Халық педагогикасының ауыз әдебиетi үлгiлерi мен салт-дәстүрдегi көрiнiсi. 1.Халық педагогикасындағы тәрбиелік іс-әрекеттер. 2. Бала туғандағы шiлдехан, бесiкке салу, тұсау кесу, атқа мiнгiзу тойлары өлең-жырлардың тәрбиелік мәні. 3. Қазақтың ырымдары мен тиым сөздерiне талдау. Халық педагогикасындағы тәрбиелiк iс-әрекеттер баланың туған күнiнен бастап, азамат болып, отбасын құрып, ел басқару iсiне араласқан кездерiнде, қала бердi адамды о дүниеге шығарып салуға дейiнгi салт-дәстүрлерде (құда түсу, үйлену, шiлдехан, бесiкке салу, қарын шәшiн алу, тұсау кесу, атқа мiнгiзу, тiл ашар, бастаңғы, мал бағу, көшiп-қону, жауға аттану, естiрту, жоқтау, жаназалау, жетiсi, қырқы, бейiт тұрғызу, жылын беру т.б.) кездесетiн ырымдар мен жол-жораларда марапатталатын халықтық ритуалды арқылы iске асырылады. Яғни адам баласы туғаннан о дүниеге аттанып кеткенше халықтық тәрбиенiң бесiгiнде тербеледi. Ол халық тәрбиесiнiң өмiршеңдiгiн, үздiксiз жүргiзiлетiн процесс енкенiн көрсетедi. Сондықтан да адам баласы дүниеге алғаш келген күннен о дүниеге аттанып кеткенше (пәниден бақиға дейiн) халықтық тәрбиенiң құшағында өмiр сүредi. |
ХІХ ғ .бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогика туралы | |
ХІХ ғ .бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогика. 1. Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы. 2. Декабристердің Ресейдегі педагогикалық ой-пікірімен мектептің дамуына әсері. Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің ішкі жағдайы ең алдымен дами түскен капитализмнің әсерімен крепостнойлық құрылыстың ыдырауының күшею үрдісімен сипатталды. Осыған байланысты елде таптық қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті, соның нәтижесінде шаруалар толқуының өсуін революциялық бағыттағы дворян жастарының (декабристердің), ал одан кейін әртүрлі тектегі зиялылардың бой көтерулерін байқауға болады. |
Француз материалистері мен ағартушыларының педагогикалық көзқарастары | |
Француз материалистері мен ағартушыларының педагогикалық көзқарастары 1. Француз материалистерінің философиялық көзқарастарына қысқаша сипаттама. 2. Клод Андриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары. 3. Дени Дидроның педагогикалық идеясы. ХҮІІІ ғасырдағы француз ағартушыларының ішінде философ-материалистерді ерекше атауға болады. Өз кезіндегі жаратылыстанудың жетістіктерін ескере отырып, олар алдыңғы қатарлы материалистік көзқарастарды дамытты. Материалист-философтар табиғаттағы жалпыға бірдей өзара әрекетті және қозғалысты материяның табиғи қасиеті ретінде мойындады. Дүниені тану мәселелерінде олар Локктың материалистік сенсуализмі көзқарасында болды, бірақ оған бірізділік сипат берді: Локктың "ішкі тәжірибе” туралы ілімін алып тастап, олар тануды сыртқы дүниенің адам санасындағы бейнесі деп дұрыс түсіндіреді. |