Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 291-300 |
Страницы: « 1 2 ... 28 29 30 31 32 ... 64 65 » |
Психологиялық антропология салыстырмалы-мәдени психология | |
Психологиялық антропология салыстырмалы-мәдени психология Әлемдік ғылымда этнопсихолгия XX ғасырда қарқынды дами бастады. Зерттеулердің нәтижесінде тіпті екі этнопсихология пайда болды Этнопсихологиялық, көбінесе оны психологиялық антропология деп аталған. Салыстырмалы-мәдени психология немесе кросс-мәдени психология деген терминмен байланысты. Кросс-мәдени зерттеуді ең алғаш 1901-1905 жылдары американдық ғалым К. Риберс жүргізді. Ол Мюррей аралының тұрғындары, сонымен қатар үнділер, европалықтарға қарағанда иллюзияға аз берілетінін эксперименталды түрде көрсетіп берген. Бұл зерттеу өзіне көптеген ғалымдардың назарын аудартты. Осы зерттеуден соң, осыған ұқсас көп түрлі психологиялық феномендерді зерттеу бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Осы зерттеулерге ортақ нәрсе тек құрылымның алғашқы схемасы болды, адекватты түрде қойылған міндетке сәйкес психологияның арасындағы қандайда бәр әдістеме таңдалып алынады, осы әдістеме бойынша екі немесе оданда көп этникалық топ зерттеушілерге салыстырмалы зерттеу жүргізілді. Кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеудің қарапайымдылығы, жүргізу жеңілділігіне қарамастан біршама қиындықтар кездеседі. |
Психологиядағы зерттеу әдістері | |
Ғылым факторларді жинақтауда ғылыми негізделген әдістерді қолданғанда ғана сәтті дами алады. Әдістердің ерекшеліктері ғылыми таным объектілерінің ерекшеліктеріне негізделеді.(психологияның зеріттеу объектісі-психика). Психикалық құбылыстардың ерекшелігі оның басқару құрылымына байланысты . Физико-химиялық процестерге қарағанда психикалық процесс басқарудың жоғарғы деңгейіне байланысты: қажеттілік, мотив, саналы басқару. Психикалық құбылыстар-тұтас. Мыс: биологияда-жеке клетканы зеріттеуге болады, Физикада -өзбетті объектілер жеткілікті Психикада-жеке өзін ғана қарастыруға болатын процесс жоқ Рубенштейн психикалық құбылыстарды зеріттеуде детерминизім қағидасын ұсынды. Бұл қағиданы психика сыртқы әсерлер, жағдайларға байланысты,бірақ сыртқы әсерлер субъект ерекшелігіне байланасты ішкі жағдайға негізделеді. Соңғы кезде психологиялық әрекеттер ықтималдық сипатта түсіндіріледі. Адам психикасы іс-әрекетте қалыптасып, дамиды, сондықтан психиканы зереттеу қағидаларының бірі - психикалық құбылыстарды адам іс-әрекеті процесінде зерттеу . |
Психология ғылымының тарихи дамуы | |
Психология ғылымының тарихи дамуы Әлемдік психологиялық ой-пікірлердің даму тарихы екі кезеңге бөлінеді. Мұның біріншісі шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басы Аристотельдің (348-322) басталатын ілкі тарих. Осынау сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғұламалар, атап айтқанда Герофильд, Эрасизтрат, Гиппократ, Демокрит, гален, Гераклит, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Руссо, Дидро, Кант, Гегель және т.б. психологияның өз алдына дербес отау тігіп, ғылым ретінде өте беріде, яғни 1879 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғылымы Вильгелм Вуннд (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыщ лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына жол ашты. Жан құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да аз айтпаған. Асан қайғы, Шалкиіз, Мұхаммед хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тлеуқабылұлы, Қадырғали Жалайри, Ақтамберді тағы басқа ақын-жыраулар мен ғұлама – ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады. |
Психология ғылымының салалары | |
Психология ғылымының салалары Сонымен, қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады: Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы. |
Психология ғылыми сала ретінде | |
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ САЛА РЕТІНДЕ Әрбір нақтылы ғылым бір-бірінен өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. Псхология ғылымының қарастыратын аясы – адамның ішкі жан дүниесін бейнелейді: Түйсіну – дәм, иіс сезу, көру, есту, сипап сезу; Қабылдау – уақыт, кеңістік, тану... Ойлау – не ойлап отырсың? Ештеңе ойламаған кезің бола ма? Сезімдер – махаббат, қорқу, күйіну, қуану ... Тілектер – білсем, арман, мақсат, міндет ... «Психология» сөзі екі грек сөздерінің бірігуінен пайда болған: «psyche» - жан, және «logia» - білім, яғни жан туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Сана, ой, сезім т.б. адамның ішкі жан дүниесін құрайды. Матеря, сана, материалды және рухани дүние с.с. философияняң қарастыратын мәселелері. Ғалымдардың мәселені шешуіне байланысты екіге бөлінеді: идеализм және материализи. |
Тәрбие өнері мен тәрбиелеу технологиясы | |
Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - оқушы тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды. |
Тәрбие үрдісінің мақсаты-оқушының бос уақытын ұйымдастыруы | |
Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ең басты міндеттердің бірі- мектеп оқушыларының іс-әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы. Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп, олардың алдын-ала шығармашылықпен дамытуына жол ашу. Тәрбие берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. |
Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы, тәрбие процесінің жалпы заңдылықтары | |
Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы, тәрбие процесінің жалпы заңдылықтары ТП - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады. Қазіргі теориялық педагогикада ТП талаптарымен құрылған мынадай жүйелері белгілі: ТП мақсаты, міндеті, мазмұны, процестің өту жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы, тәрбие іс-әрекетінің қолданылатын әдістері мен формалары, процестің даму кезеңдері және т.б. Солардың кейбіреулерін қарастырайық: Мақсаттық талап ТП-нің құрылымын шешуге бағытталған міндеттердің бірізділігін білдіреді. Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары мынадай: үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны біртұтас қалыптастыру; азаматтық құндылықтар, әлеуметтік-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық және еріктік үйлесім ауқымы негізінде тұлғаның адамгершілік сапаларын қалыптастыру; оқушыларды ғылыми, мәдени және өнер, т.б. қоғамдық құндылыққа қатыстыру; |
Тәрбие принциптерінің ерекшеліктері мен тәрбие гуманизациясы | |
Тәрбие принциптерінің ерекшеліктері мен тәрбие гуманизациясы Тәрбие процесінің принциптері (тәрбие принцип-тері) - бұл тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері. Олар тәрбие процесінің өзіндік ерекше-лігін танытады. Педагогикалық процестің жалпы прин-циптерінен нақты тәрбие принциптерінің өзгешелігі - тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендігінде жатыр. Осы принциптерге қойылатын талаптарды сипаттайық. Міндеттілік. Тәрбие принциптері - бұл кеңес, нұсқау емес, олар толық және міндетті түрде тәжірибеге ұласуды талап етеді. Принциптерді дөрекі түрде әркез бұзу және ондағы міндеттерді орындамау тәрбиелеу процесінің пәрменділігін кемітіп қана қоймай, сонымен бірге ол принциптердің негізін, түп-тамырын ыдыратады. Егер тәрбиеші принцип міндеттерін бұзса, онда ол тәрбие процесі жетекшілігінен аластатылады. Тіпті, мысалы, егер педагог гуманистік принциптерді, жеке басты қадірлеу принциптерін қасақана әрі дөрекі бұзса, онда ол заңды жауапкершілікке тартылуы қажет. |
Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі | |
Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі Өзіндік тəрбие – адамның өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өз ұнамды қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз тұлғалық сапаларын жоюға бағытталған саналы əрі мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері. Өзіндік тəрбие бірліктері - өзіндік таным, өзіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік есеп жəне өзіндік қадағалау. Өзіндік тəрбие тəсілдері- өз өзіне бұйрық беру, өзіндік сергектік көтеру, өзіндік қолдап-қуаттау, өзіндік мадақ, өзіндік жаза. |