Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 331-340 |
Страницы: « 1 2 ... 32 33 34 35 36 ... 64 65 » |
Химияны оқытуда халықтық педагогиканың элементтерін пайдалану | |
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі елдің тәуелсіз, әрі тегеурінді, терең мазмұнды үздіксіз білім жүйесі болуы керек. Ол мемлететтің экономикалық, қорғаныс қабілеттерін күшейтері анық. Жас жеткіншектерді ұлтын, елін шексіз сүюге тәрбиелейтін бірден бір құрал,оқу тәрбие ісіне қазақ халқының этнопедагогикасын сәтті ендіру болып табылады. Халқымыздың дәстүрілі білім мен тәрбиелер жиынтығы ғұмыр бойы жинақтаған тәжрибелерінің қорытындысы. Оларға талай ғасырлар сүзгісінен өткен ұғымдар, түсініктер, пайымдар жатыр. Мәдени мұралар уақыт, озып, қоғам дамыған сайын екшеленіп, жаңарып жаңа мазмұнға ие болады. Сондықтан қазақ халқының мәдени мұралары адамзат баласының қол жеткізген дана пікірлері мен асыл ойларына, тәжірибелік тұжырымына өте бай. Мәдени мұралардың тәрбиелік мәні әрқашанда адамзат баласына нәр беріп байытып отыратын қуатымен бүгінгі білім беру саласының алтын желесі болып отыр. Көшпелі елдің барлық тіршілік болмысы табиғатта және табиғатпен бітене қайнасып отырады. Ұлы далада көшпелі өмір сүруге бейімделген олар өзі мекен еткен кеңістіктің барша қадір қасиетін танып,біліп сол кеңістіктегі құрбыластарды уақыты мен зерделеуге, теңдестіруге, пайымдауға машықтанды. Ертедегі қазақ халқы қоршаған ортаның бір-бірімен оқшау тұрған заттар мен құрбыластардың ретсіз жиынтығы емес, тұтастай байланысты бірліктегі дүние деп таныды. |
Электролиз | |
Электролиз Жұмыстың жоспары Кіріспе. 1. Қысқаша анықтама және ашылу тарихы. 2. Электролиз теориясы. 3. Электролиз негізінде жатқаг Фарадей заңдары. 4. Электролиз процессіне әсер ететін факторлар. 5. Электродты потенциал құбылысы. 6. Электролитті процестерді талдау. 7. Хлор мен натрий мысалындағы техникалық электролиз. 8. Электролиздің өндірісте қолданылуы. Қорытынды. |
Этнопсихологияның ғылым ретінде методологиясы | |
Этнопсихологияның ғылым ретінде методологиясы Этнопсихология методологиясы – бұл ғылымның идеялық позициясы нақты этникалық қауымдастық өкілдерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін танудың негізгі заңдылықтары туралы неғұрлым жалпыланған мағыналары. Этнопсихология методологиясы біріншіден, оның пәнінің өзіндік мағынасымен анықталады, адамның ұлттық-психикалық ерекшеліктерін дұрыс зерттеу үшін мазмұнын, қалыптасу заңдылықтарын және функцияларын қоғамдық сананың басқа элементтерімен өзара қатынасын анық аша білу керек. Екіншіден, ұлттық психиканың даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауға, тиімді зерттеуге мүмкіндік беретін әдіс пен әдіснамалар көмектеседі. Әдетте, этнопсихологияның методологиясының үш деңгейін айырады |
Этнопсихологиядағы тұлға мәселесі | |
Этнопсихологиядағы тұлға мәселесі Бүкіл эксперименталды әлеуметтік психология тарихында, ең бірінші американдық зерттеушілер әмбебап әлеуметтік мінез-құлықты зерттеуде және индивиттердің бірлесіп әрекет етуін іздеуде болған. Бұлардың практикалық теориялары мен модельдері зерттелінген – агрессия фрустарция концепциясынан атрибуттық теорияларға дейін. Қазіргі уақытқа дейін көптеген зерттеушілер мынадай шешімге келді, әлеуметтік-психологиялық заңдар болмыс мәдениетімен өте жиі шектелген, ал көптеген теориялар батыс емес мәдениет шарттарына негізделмеген. Мысалы, қазіргі әлеуметтік психологиядағы мәдениет шекараларын қабылдайтын, - Израилдегі зерттеулерді қайталауға тырысу, АҚШ-та, Амирда, Шаронда., оның бес зерттеулерінің нәтижелері 1973-1975 жылдары шығарылған, ойлауы таңдап алынған, жалпы адамшылдықты ұстанатын әмбебап америкалық мәселелерді, қиын құрылымдарды қажет етпейді. Сонымен қоса 6 нәтиженің 30 ғана Израилде қабылданды, жартысынан да аз, ал қалғадары мәдениетке қабылданады. Әлеуметтік психологтар АҚШ тағы импорттың көптеген әлеуметтік-психологиялық концепциясын көрші тұрған Канадаға жепейтініне көздері жетті. |
Этнопсихология туралы жалпы түсінік | |
Этнопсихология туралы жалпы түсінік Этнопсихология грек тілінен аударғанда (ethnos -ру, ел) деген мағына береді. Этнопсихология ғылыми-теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері. ХІХ ғасырда этнопсихологиялық идеялар «халықтар психологиясы» ағымында дамыды. Олардың өкілдері М.Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вунд болған. Этнопсихологияның ең негізгі категориясы – ЭТНОС. Этнос бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған, сақталып қалған дәстүрлері, жалпы өзіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизм болып табылады. Бұл тарихи қалыптасқан, тұрақты, жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрғылықты, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты-климат, географиялық жері бар. |
Этнопедагогиканың оқу пәні ретіндегі негізгі міндеттері | |
Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Педагогиканың дамуын халықгың педагогикалық дөстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық тугызып кана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы. Алайда педагогика мен халықтық тәрбиенің мұндай бірлігі олардың бірдейлігі деген сөз емес. Этностық тәрбиенің сипаты жөнінен терең өзгешелігі болғандықтан оны мазмұңдау қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет. Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көп ғасырлық тербие өрекеті нөтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді. Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мөдениеті дамуындағы ролі жайлы ашып көрсетілуі қажет болады. Этностың орнықты әлеуметтік қауым ретінде тұлға тарихи зерде қалыптастыруы, әлеуметтік тәжірибе этномәдени дәстүрлердің бірлігін қамтамасыз етуде қуатты фактор екендігін көрсетудің мәні үлкен. |
Әл-Фараби еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері | |
Әл-Фараби еңбектеріндегі халықтықпедагогика мәселелері Халықтық педагогикалық құбылыстарды зерттеушілер ресми педагогика мен халық педагогикасының бірін-бірі толықтыратын, кеңейтіп отыратын өзара ықпалы мен өзара шарттастығын дәлелді ашып түсіндіреді. Егер ресми педагогика түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін саяси, құқықтық философиялық, моральдық, эстетикалық және діни кезқарастардың ықпалы қашаңда сезіліп отырса, халық педагогикасы бүл ықпалға үшырағанмен, түтас алғаңда халықтың ойы мен мүддесін, ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту жайлы түсінігін білдірді. Ертедегі түркілер педагогикалық ой-пікірін талдау, алғашқы педагогикалық ескерткіштер тікелей халық өмірінің, халық педагогикалық мәдениетінің ықпалымен пайда болғанын көрсетеді. Ғылымның кернекті өкілдері, орта ғасыр мәдениеті қайраткерлерінің отандастары жинақтаған аса бай тәрбие тәжірибесін есепке алмауы мүмкін емес болатын. "ӘЛ-ФАРАБИ трактаттарынан" бастап, "Түркі тіліндегі Гүлістанға" дейін халықтық педагогикалық ой даналығына үздіксіз назар аудару байқалады. Бүл өзара байланыс Х-ХІУ ғғ. шығармаларының маңызды белгілері болып табылады. Тұлғаның рухани дамуыңдагы музыканың шешуші ролі жайлы айта келе Әл-Фараби (870-950) өз пікірін дәлелдеуде халықтардың көп ғасырлық тәжірибесін есепке алады. "Музыка жайлы трактатта" ("Музыканың үлкен кітабынан" үзінді) ол былай деп жазды: "Біреулер әнді өзіне жағымды сезінулер туғызу, дем алу, шаршағанды, уақыттың өзі жайлы ұмыту үшін айтты. Басқалары ішкі сезімінің сол не өзге жағдайын орнықтыру немесе тарату, өзгертуге тырысты. Болмаса құмарлықты түтандыру не басуға пайдаланды. Ең соңында, үшіншілері әнді өзінің өлендеріне мәнерлілік беру, сондай-ақ тындаушы қиялын күштірек ояту үшін қолданды. Бұл түрлі себептерге байланысты адамдар, әуезге ән айтуға, дауысты реттеуге ерте өуестенді. |
Әдебиет сабақтары арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу | |
Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары Елбасының "Қазақстан-2030" стратегиялық жолдауында: "Олар... күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады",-делінсе, ҚР-ның "Білім туралы Заңында" "Білім беру жүйесінің басты міндеттері азаматтық пен ел-жандылықты, өз Отаны ҚР-на сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру" делінген. Осыған орай, бүгінгі жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, жеке тұлға талабы, қоғам қажеттілігі. Ерте заманда елім деп еміреніп, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, өз елін жаудан қорғау үшін қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысқан, Махамбетше айтқанда "Қара қазан, сары баланың қамы үшін соғысқан" батырларымыз аз болмады. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Исатай, Махамбет, тағы басқа батырларымыздың ерен ерліктерін ерекше айтуға болады. |
Ұлы Отан соғысы кезіндегі патриоттық әндердің тәрбиелік мәні | |
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕГІ ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ С.Т.Нұрманова Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. Ән-ғасырлық мәдениетіміздің көркем формасының бірі , заманның тарихи шежіресі, бүгінгі күннің белсенді жаршысы. Әннің жан дүниені тебірентетін үні адамға қайғы үстінде, қуанышында да, демалыс уақытында да, еңбек пен тұрмыста да көңіл серігі болады. Халқымыздың музыкалық және поэтикалық шығармалары бүгінгі жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге, білімге өнерге құштарлығын қалыптастырады. «Жас шақта берілген тәрбие өмірлік азық»- дейді халқымыз. Осыған орай қазіргі таңда жастарымызды патриоттық әндермен жан-жақты дамыған, білімді, өнерлі, еңбек сүйгіш адамгершілікке тәрбиелеуіміз қажет. |
Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні, міндеттері және мазмұны | |
Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні, міндеттері және мазмұны 1.Тұлғаны жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкер -шілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату про -цесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттық сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез – құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жанадандыру айрықша міндетті іс. |