Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жексенбі, 01.03.2026
Главная » Файлы » Білім және ғылым

В разделе материалов: 646
Показано материалов: 341-350
Страницы: « 1 2 ... 33 34 35 36 37 ... 64 65 »

Қорқыт ата мен Әл-Фарабидің педагогикалық теориялары
Енгізген: ERbol | күні: 14.07.2011

Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының педагогикалық идеялары.

 Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік
 мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасырлық данышпандары – Қорқыт Ата, Әл-Фараби қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.

Қожа Ахмед Иассауи еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері
Енгізген: ERbol | күні: 14.07.2011

Қожа Ахмед Иассауи еңбектеріндегі халықтық
 педагогика мәселелері

 Ұлы ұстаз Қожа Ахмет Иассауидің өз халқына қызмет етуге ұмтылысы оның мәні өшпес, ойгілі мұрасы "Диуани хикмет" (Ақыл, даналық кітабы) атты жинағынан айқын көрініс берді. Ол халық даналығы мен оған түсінікті тәрбие туралы идеяларды қорытыңдылай келе, оларды ерекше бейнемен өзгертті және халықтың өзіне кайтарды. Мүнда халықтың болашаққа мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналылығын жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар. "Көшпелі жартылай көшпелі қыпшақ, оғыздардың тұрмыс-тіршілігін, көзқарас-танымын ескере отырып, сол жұрттың өз тілінде төгілте жырлаған, араб тіліңдегі кұран мен шариғат заңдарын өлеңмен сипаттап берген"13 бұл шығарма, сонымен бір мезгілде педагогикалық аса көрнекті туынды екендігі күмән туғызбайды.

Қазақтың халық педагогикасының даму кезеңдері
Енгізген: ERbol | күні: 14.07.2011

Қазақтың халық педагогикасының даму кезеңдері

 Мазмұны:

 1. Алғашқы қауымдық құрылыс кезiндегi тәрбие.
 2. Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлiк тәрбие дәстүрлерi.
 3. Ұлы Түркi қағанаты және оның тәлiмдiлiк-танымдық мұрагерлерi (VI-IХ ғ. ғ.).
 4. Араб-шығыс мәдениетiнiң қазақ даласына тарауы, Орта ғасыр оқымыстыларының тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi (X-XV ғ.ғ.).
 5. Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлiм-тәрбие (Жыраулар поэзиясындағы тәлiмдiк ойлар).
 6. Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ағартушылық-демократиялық идеялардың өркен жаюы
 7. Кеңестiк дәуiрдегi қазақ педагогикасының ғылым ретiнде дамып қалыптасуы
 8. Ресей империясының құрамына кірген Қазақстанның білім жүйесі.
 9. Халық педагогикасы жөніндегі ғылыми-зерттеулер.

Қазақтың ақындарының тәлім-тәрбиелік идеялары
Енгізген: ERbol | күні: 14.07.2011

Қазақ ақын-жырауларының тәлім-тәрбиелік идеялары.

 Қазақ хандығы көптеген тайпалардың – қаңлылар, үйсіндер, қыпшақтар, арғындар, наймандар, дулаттар және т.б. негізінде құрылды. Қиын тарихи жағдайда қалыптаса отырып, қазақ хандығы бірде (ХҮІ ғ.бас кезінде) нығайды, бірде әлсіреді. ғасырдың аяғында Қазақ хандығында үш жүз деп аталатын көшпелі тайпалардың ірі одақтары – Ұлы жүз Оңтүстік Қазақстанда, Орта жүз қазақ даласының орталық бөлігінде және Кіші жүз батыс аймағында ұйымдасты. Әрқайсысының өз басқару әкімшілігі болды. Оларды біріктіру туралы әртүрлі әрекеттер болғанымен, қазақ халқы осындай жағдайда ХҮІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді.

Қазақ этнопедагогикасының ғылыми негізін қалаушы педагог-ойшылдар
Енгізген: ERbol | күні: 14.07.2011

ҚАЗАҚ ЭТНОПАДАГОГИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГIЗIН ҚАЛАУШЫ ПЕДАГОГ-ҒАЛЫМДАР.

 ХХ. ғ. басындағы этнопедагогика негізін салушылардың идеялары.

 Жоспар:
 1. Әбубәкір Диваев, Шәкәрiм Құдайбердиевтың мұралары.
 2. Ахмет Байтұрсынов, Хәлел Досмұхамедов Мiржақып Дулатовтың тәлімдік идеялары.
 3. Нәзипа Құлжанова, Жүсiпбек Аймауытов, Мағжан Жумабаевтардың этнопедагогикалық ой-пікірлері.

Қазақ этнопедагогикасының ерекшелiктерi
Енгізген: ERbol | күні: 14.07.2011

Қазақ этнопедагогикасының ерекшелiктерi.

 1. Ұлттың өзiне тән тiршiлiк кәсiбi, тарихы мен мәдениетi.
 2. Халық педагогикасының негiзгi мақсаты.
 3. Қазақтың ұлттық философиясының танымдық ерекшелiгi.

 Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерiнiң сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, ұлттың өзiндiк салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн туғызды. Көшпелi халық өзi өмiр сұрген қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жағдайына, мәдениетiне, тарихына орайлас жас буынға тәлiм-тәрбие берудiң айрықша талап-тiлектерiн дұниеге әкелдi. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық өлшемi белгiлендi, оның мәнi "сегiз қырлы, бiр сырлы” шынайы, отаншыл, азамат тәрбиелеу едi. Мiне, осы қағида сан ғасырлық дала тұрғынадарына қойылатын моральдық талаптарды айқындады. Ол талаптар көшпелi мал шаруашылығын жете игеру, еңбек сүйгiштiк, қиыншылыққа төзе бiлу, ел намысын қорғау, жаудан бетi қайтпау, ата тегiн жадында сақтау, сөз асылын қадiрлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкендi, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың меселiн қайтармау, көршi хақын жемеу, қайырымды, iзгi жүректi, бауырмал болу т. б.). Осындай қоғамдық қатынастарды кiшкентайынан көрiп-бiлiп өскен адамдарда мүдделестiк, өмiрге көзқарастың сәйкестiгi кiсiлiк қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкiндiк қалдырмаған, психологиялық жағынан "бiрауызды қауымдасқан жандар” үнемi өзiнiң рулық одағына етене сiңiскен салттар мен дәстүрлердi ұстанды. Ал бұл принцип ұлттық психология мен ұлт мәдениетiнiң сипатын айқындайтын факторлар болды.

Жазықтықтағы аксималар жүйесі
Енгізген: ERbol | күні: 13.07.2011

А.I.1.(Тиістілік аксиомасы.) Қандай түзуді алсақ та, ол түзуге тиісті нүктелер де, оған тиісті емес нүктелер де бар болады.

А.I.2.(Тиістілік аксиомасы.) Кез келген екі нүкте арқылы бір түзу жүргізуге болады және ол тек біреу ғана болады.

А.II.1.(Нүктенің орналасу аксиомасы.) Түзудегі үш нүктенің біреуі және тек біреуі ғана қалған екеуінің арасында жатады.


Стереометрияның аксиомалар жүйесі туралы
Енгізген: ERbol | күні: 13.07.2011

Кеңістіктегі негізгі фигуралар: нүкте, түзу және жазықтық. Стереометрияда, планиметриядағы сияқты геометриялық фигуралардың қасиеттері сәйкес теоремаларды дәлелдәу арқылы тағайындалады.Жаңа геометриялық бейне-жазықтықты енгізу аксиомалар жүйесін кеңейте түсуге мәжбүр етеді. Сондықтан біз жазықтықтардың кеңістіктегі негізгі қасиеттерін өрнектейтін аксиомалардың С тобын енгіземіз. Бұл топ мына үш аксиомалардан тұрады:


Вавилон математикасы
Енгізген: ERbol | күні: 13.07.2011

Mathematics in Babylon Египетте математиканың туумен қатар ертедегі Бабилонның тұрғындары -шумерлер мен аккдактар өз алдына өздерінің дербес матетматикасын жасап шығарды. Бұл халықтар сына сияқты сызықшалардан құралатын таңбалар арқылы (19ғ да археологиялық қазбалар кезінде табылған) күн көзіне қойғанда тастай қатайып қалатын, балшықтан жасалған саз балшықты тақталарға(плиткаларға) жазып қалдырған. Мұндай балшық тақталар Бабилон жерінен мыңдап табылады.
Бабилондықтардың барлық математикалық табыстары жинақталып жазылған (шамамен айтқанда б.з.б екі мыңыншы жылға, яғни Бабилон мадениеті өркендеп өзінің ең жоғарғы сатысына көтерілген кезге жатады) қырық төрт кестеден(таблица) құралған Бабилондықтардың математикалық энциклопедиясы табылған. Бұл энциклопедиядан Бабилондықтардың сол ертедегі заманда өмір практикасы алға қойған практикалық есептерді: егіншілік, жер суаруды реттеу, сауда жасаудағы)есептерді шешудің бірсыдрғы тиімді тәсілдерін білгендігі көрінеді.(май бойяулы суретке қараңыз)


Көне мысыр математикасы туралы
Енгізген: ERbol | күні: 13.07.2011

Ancient mathematics in Egypt Египет әлемдегі ең байырғы мадениет ошақтарының бірі. Ніл өзенінің екі жағалауына орналасқан, б.з.б 3200-жылдықта бір тұтас мемілекет болған. Ніл өзені әр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерді шайып кетіп отырған, тасыу мезгілі айақталған соң тұрғындардың жерін қайта өлшеп бөліу керк болады, ұзақ жылғы жер өлшеудің тәжирбесі арқасында, геометрия ғылымы пайда болған.(геометрия-грекше. Гео-жер, метро-өлшеу деген мағына береді).
Б.з.б 2900-жылдықтан кейін, әміршілерінің мазары ретінде Египеттіктер көптеген алып пирамидаларды тұрғызған. Пирамидалардың құрлысына қарай отырып, сол кездегі Египеттіктердің геометрия мен астрономияны аз білмегенін көріуге болады. Мысалға, пирамида табаны мен бұйір бет ауданы арасындағы қатынас пен табанындағы бұрыштарды атауға болады.