Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 321-330 |
Страницы: « 1 2 ... 31 32 33 34 35 ... 64 65 » |
Тәрбиенің мақсаты мен тәрбиелік кәсіби қызметінің мотивтері | |
Тәрбиенің мақсаты мен тәрбиелік кәсіби қызметінің мотивтері Педагогтің кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат қоюдан басталады. Педагогтің балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй белсенділік деп түсіну керек. Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі. Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағат-танушылық тудырады. Тәрбие мақсаты - педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау - педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы. |
Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру | |
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі. «Қазақстан – 2030» Жолдауында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм» студенттердің тәрбиелік деңгейін бағалудағы көрсеткіш болып қарастырылады. Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның саяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған идеялық-тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында студенттерге этностық ерекшеліктерімізді, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін назарға алу, жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің студенттермен кездескен сөзінде оларды патриоттыққа тәрбиелеудің қажеттілігін көрсетті. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады. |
Қазақ жеріндегі тұңғыш мектептер туралы | |
ХҮІІІ ғасырда көшпелі қазақ қоғамы қарама қайшылықтардың шиеленіскен, патриархарлық-рулық құрылыстың көлеңкелі тұстарының ерекше өріс алған жағдайында қарсылады. Қазақстан экономикасы және мәдениеті артта қалған ел болды. Қазақ халқының негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болғандықтан, осымен байланысты көшпелі тұрмыс, патриархалдық-феодалдық қарым-қатынас, осы жағдайлардың себептерінен экономикасы мен мәдениеті артта қалды. Қазақ жері бытыраңқы жағдайда үш жүзге бөлінді, әрқайсысын өз хандары басқарды, хандардың өзара ауыз бірлігі болмады. Осындай жағдайды сыртқы жауларымыз кеңінен пайдаланды. Жоңғар феодалдары 1723 жылы кенеттен қазақ жеріне шабуыл жасап, оның көп бөлігін жаулап алды. Кейбір мәліметтер бойынша, шетел басқыншыларының шабуылы соншама нәтижесінде қазақтар халқының үштің екі бөлігінен айырылды. |
Қазақ батырларының наным-сенімдері мен этикасы | |
Қазақтың этноргафиялық суреттерінде кескінделген адам (батыр) бейнесі негізінен өте қарапайым түрде, яғни бет әлпеті өңсіз, бос болып, ал кеудесі мен қол-аяқтары жай сызықтармен, кейбірінде тік бұрыштармен; өте сирек көріністерде: кеудесі - қазақтың антропоморвты мүсініне ұқсас болса, ал аяғы - қонышы кең, биік өкшелі, киіз байпақты саптама етік түрінде қалыптан тыс ұлғайтылып берілген. Бет-әлпеті өңсіз, бос болып келетін сурттердің басында конус іспетті «қаптама» булыға, күн немесе т.б. культті бейнелер болуы мүмкін. Иықтары домаланып келген трапеция пішінді кеудесі астындағы тұғырымен бірге бүтін ұлу тастардан қашалып жасалса, кейбірінің тұғырларының қапталдарына әртүрлі суреттер, көп бұрышты сынықтар немесе бейнесіз мүсндер салынады. Олардың кейбірі тік сызықтардың қосылуы арқылы «күн», «ұшқан құс», «жебе» т.б. тәрізді жеке батырлардың немесе белгілі бір рудың таңбасына айналады. Мұндай белгілі-таңбалар мүсндердің иықтарында да кездеседі. |
Қазіргі кезеңдегі психологияның міндеттері | |
Қазіргі кезеңдегі психологияның міндеттері Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмпирикалық мәліметтермен толығуда. Б.Ф. Ломов "Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары" деген еңбегінде қазіргі кезеңдегі ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта "психология ғылымының әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда" деп айтты. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі — сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды. Бұл құбылыстардың кейбіреулері жеткілікті зерттелген, ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылауларды тіркеумен ғана шектеледі. |
Қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны | |
Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және, керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орнына байланысты болады. Қандай да бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес. Қазіргі кезде академик Б.М.Кедров ұсынған сызықтық емес жіктеу жалпыға ортақ болып саналады. Ол тақырыптары ұқсас ғылымдар арасындағы байланыстардың жобаларының көптігін көрсетеді. Ұсынылған үлгі -бұрыштары табиғи, әлеуметтік және философиялық ғылымдарды білдіретін үш бұрыш пішінді. Бұлайша орналастыру ғылымның осы әрбір негізгі топтарының әдісі мен пәнінің, қойылған міндетке байланысты үш бұрыштың бір бұрышына бағытталған, психология пәні мен әдісіне жақын екендігін көрсетеді. |
Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары | |
Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары. (1875-1921 жж.) Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда қоғамдық-саяси, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ХХ ғ.бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі, ағартушы, педагог Ғұмар Қараш болды. Ол туралы соңғы жылдары ғана баспасөз беттерінде мақалалар жарыө көріп, шығармалар жинағы басылды. Көп жылдар бойы оның педагогикалық-ағартушылық қызметі, сол кезеңнің көкейтесті мәселелерін көтерген еңбектері коммунистік идеологияның тікелей әсерімен тең басып, кітап қоймаларының түкпір-түкпірінде қажетсіз болып жатты. Халық тарихы мен оның рухани мұрасына балта шапқан коммунистік партияның идеологтары Ғ.Қараштың есімін жазуға да, айтуға да тыйым салды. Тарихи ақиқаттың орнауы нәтижесінде Ғ.Қараштың құнды мұралары ортамызға қайтып оралды. Ғ.Қараш туралы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді баспасөз беттерінде, мұрағат қазыналарында жиі-жиі кездеседі. Оның есімі ХХ ғасырдың бас кезеңінде татар, башқұрт, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген газет, журналдар мен кітаптардың беттерінен түскен емес, оның өз заманында Ресейдің бүкіл түркі тілдес халықтарын аузына қаратқандығын мақтан тұтуға болады. Отарлық саясаттың тікелей салдарынан, жаппай орыстандыру әрекетінен жапа шеккен, халқын ұлттық бірлік пен ынтымақтастыққа шақырып, қазақ еліне даналы ақыл бергендердің бірі – осы Құмар Қараш болды. Оның алаш партиясын жақтап, құрамына белсенді мүше болуы, көрнекті қайраткер есімін тарих бетінен мүлде сызып тастады. |
Этнопсихологияның ғылым ретіндегі міндеттері | |
Этнопсихологияның ғылым ретіндегі міндеттері Нақты этникалық қауымдастық өкілдерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуының факторлары мен шығу көздері туралы мәліметтерді жан-жақты түсіну, жалпылау. Осының негізінде ұлттар мен халықтардың әлеуметтік-саяси, экономикалық, тарихи және мәдени дамуының ерекшелігін анықтау; Адамдардың ұлттық психикасының мотивациялық сферасын, оның көрінуіне талдау және жалпылау мақсатында, ерекшеліктерін зерттеу мотивациялық осыған ұқсас қасиеттер іскерлік, инициативтілік, күш салу деңгейі бұл ерекшеліктер нақты этникалық қауымдастық өкілдерінің мінез-құлық ерекшеліктерінің және іс-әрекеттерінің маңызды көрсеткіштерін анықтайды; Еңбек барысындағы логика ептілігінде, терең ойлы жалпылауында, ойлау операцияларының жылдамдығында, интелектуалды процестерді ұйымдастыруында, қабылдау көлемімен, зейіннің тұрақтылығында көрінетін адамдардың интелектуалды – танымдық белсенділіктерінің ұлттық салыстырмалы сипатын зерттеу; |
Мұнай | |
Химия нарығында зерттеу жұмыстарымен айналысатын американдық
«Chemical Market Associates Inc.» (CMAI) мәлімдері бойынша,
полистиролдың дүние жүзілік тұтыну көлемі жылына 14,4 млн тоннаға тең,
соның ішінде, Батыс және Шығыс Европа тұтыну көлемі 3,5 млн тонна
құрастырады. Ең ірі тұтынушы Азия елдері, олардың үлесі жалпы көлемнің
30%-на жуық . Қазақстан, Ресей және басқа ТМД елдерінде қалыптасқан полистирол пластиктерінің тұтыну көлеміндегі негізгі үлесін соққыға төзімді полистирол құрайды – 51 %, акрилонитрилбутадиенстиролды сополимерлер үлесі – 20 %, көбіктенетін полистирол -18 %, жалпы қолданыстағы полистирол – 9 %, және сополимерлер үлесі 2 % құрайды. Бұл пластик нарығындағы қаптама материалдар мен жылу өткізбейтін материалдар қалыпты сұраныста екендігін байқатады. Сарапшылардың болжамы бойынша 2010 жылға дейін дүние жүзіндегі тағамдық қаптама нарығы 3,5 есе арта түсуі күтілуде. |
Фенолдар | |
Фенолдар - әдетте суда қиын еритін кристалдық заттар. Су буымен қоса ұшады. Өзіне тән иісі бар. Антисептиктер болып табылады, улы, теріге тисе күйдіреді. Сумен әуелгі фенолдан гөрі балқу температурасы төменірек кристаллогидраттар құрады. Фенолдардың реакцияға өте қабілетті гидроксил тобы мен ароматик ядросы бар. Фенолдар спирт немесе судан гөрі едәуір үлкен қышқылдық көрсетеді, алайды қышқыл есебінде олар көмір және карбон қышқылдарынан әлсіздеу. Мысалы, сірке қышқылының диссоциациялану константасы 1,8∙10-5, көмір қышқылынікі 4,8∙10-7, көгерткіш қышқылдікі 7,2∙10-10, фенолдікі 1,3∙10-10 және судікі 1,8∙10-16. Сондықтан фенолдар күйдіргіш натрдың ерітіндісімен әркеттесетін феноляттар түзеді, бірақ натрий карбонатынан СО2 ығыстырып шығара алмайды. |